Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет45/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   106
Қаракөз бен Сырым құшақтасып 
шығады.
)
С ы р ы м . Мен сенімен ақылдасып сөйлескенім жоқ. Бірақ 
қазір осы уақытта бізді Дәулеткелді, Қоскелді ат ұстап күтіп 
тұр. Мен сені әкетемін деп келіп тұрмын.
Қ а р а к ө з . Не дейді?.. Қайда??.
С ы р ы м . Қаракесекке, менің нағашыма. Бұл ел саған ел 
болмайды. Сен мені сүйгелі мен тыныштықтан айырылғанмын. 
Мен сені ұзатарда көрмеймін, енді мен қаңғып кетемін, бұрынғы 
күн маған жоқ деп едім; мені елге тастамадың, мен сонда енді 
екі-ақ жол қалды деп едім; бірі – көз көрмес, бірі құлақ естімес 
жерге сені әкету, сенің жолыңда өлу; енді біреуі – ол болмаса 
керуен талап, ел шауып жынды болып кету; бүгін сенің кете 
алмайтыныңа көзім жетті. Бұдан әрі тосуға әл жоқ. Саған да, 
маған да ендігі өмір – азап-қайғы; бүгін сол екеуінің бірінен 
басқа таңдау қалған жоқ, қайсысын істе дейсің, өзің айт!
Қ а р а к ө з (
ойланып
)
.
Не деймін? Не айтамын, сонан 
басқа істер істің қалмағаны да рас, не бүгінгі күн жат болу, 
бір-бірімізден айырылу керек. Өлемін, үзілемін десем де бүгін 
«саған ере алмаймын» деген жауабымды беру керек, не болмаса 
беттің арын белбеуге түйіп еруге керек, етегіңнен ұстау керек; 
мезгілдің жеткені рас.
 
(
Күрсініп ойланады.
)
С ы р ы м (
құшақтап тұрып
)
.
Ойлан осыны, ойла да, қазір 
бекін, екеумізге берген құдайдың дерті ешкімнің басына кел-
меген дерт (
Бұл уақытта Матай ақырын бұғып келіп, бір 
тоғайдың түбінен басбақылап тұрады.
)
 
Сыр ашылған күні 
бізге лағнет айтқаннан басқа есіркейтін, аяйтын, жайды ұғатын 
жан жоқ... Бүйтіп бітеу жара қылып сақтап жүруге шама жоқ. 
Айында-жылында бір жолыққанды медеу қылып жүре алмай-


235
мыз, бізде жалын күшті. Біз жасырын жүрсек, тоқтау қылып, 
бойды жеңе алмайтын болдық... Не мені босат! Бетіңмен кет 
те.., болмаса ер маған! (
Тым-тырыс.
)
V көрініс
М а т а й (
Сыбырлап өзіне
)
.
Ә! Ә! Сұмдық мұнда ма еді? 
Бәсе... Салдық-серілік жөні бір басқа... Асанның айтқаны келді 
ме?.. Сендердің шырайыңнан өзім де әлдеқашан сезіктенуші 
едім... Бәріміз де жас болған шығармыз... Бірақ мынаны 
көргенім жоқ... Енді мұны жалғыз мен білмеймін.., көрерлік 
кісінің бәрі де көрсін... (
Қыз бен жігіттерге қарап.
) Оған шекті 
сөздеріңді пісіре беріңдер! (
Жүріп кетеді.
)
Қ а р а к ө з . Мені сен жеңдің, сен биледің, дүниеге тоқтауы 
жоқ, тойымсыз қылдың, екеуміз де жолдан тайдық, адастық, 
енді адасқанды бетінен жарылқасын, өз берген қайғысын Құдай 
өзі жеңілтер алда...
Алда бізге де жарық күн бар шығар.., екеуміз де жетімдіктің 
үс тінде зар жылап, қалған күнде бір-біріңді уат деп, әуелі 
бауыр қылып, үйір қылып, артынан жан дескен дос қылып 
қо сып еді ғой. Бізді арам ниет қосқан жоқ еді... Басында адал 
бауыр лық пен туысқандық ақжүрек қосып еді ғой. Мен саған 
ере мін.., ермеске жолым тар.., тыным бітті... Құдай бетімізден 
жарылқасын.
С ы р ы м (
Құшақтап, қатты қысып, сүйіп тұрып
)

Олай 
болса, бүгін кетеміз. Біз дүниенің барлығынан тығылып, келін 
болып жасырынып жүретін қараңғылық күйінен құтыламыз... 
Біз қызықты, жанды жар өмірін сүретін боламыз; енді сөзді тез 
байла! Қазір кетейік! Аттар тосып тұр.
Қ а р а к ө з . Сырым, Құдай қосса, бұл байлау – нық бай-
лау, енді көңілге күдік кірмес; бірақ шыдау керек... Бұл бүгін 
істелмейді.
С ы р ы м . Енді қашан? Неге бүгін істелмейді?
Қ а р а к ө з . Бізді аяйтын әке-шеше, туған-туысқан болмаса 
да, аруаққа ерегесеміз бе? Аруақты өзіміз ойлайық, мына ауыл-
да, біздің ауылдың барлық үлкені жатқанда, кеткеніміз лайық 
болмас; солар кеткен соң болсын, болар іс.
С ы р ы м . Ауылдың үлкені демесем, бізді қуса, жаулық 
қылса, солардан үлкен жау, солардан әрі кетісетін жат жоқ. Бі-
рақ елдің елдігін ойламағандай, аруақты кішірейтіп, Қарауыл-


236
дың елін еңіретіп, белін сындырғандай боламыз, сондықтан бұл 
сөзіңді теріс дей алмаймын... Солар кеткен соң-ақ, бетті түзер-
міз. Келші енді, кел, сәулем, құшақпен бірге тілекті біріктірейік! 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет