342
«ҚАРАЛЫ СҰЛУ»
(
Бірінші нұсқасы
)
«Қаралы сұлу» әңгімесінің бірінші нұсқасы Семейде шығып
тұрған «Таң» журналының 1925 жылғы 2 санында жарияланды.
Соңына «Жаяу сал» деп қол қойған. Содан кейін қайтып тура сол
мәтінде жарияланып көрген емес. Жазушы шығармаларының елу
томдық толық басылымына журналдағы нұсқасы бойынша араб
һәрпінен кирилл һәрпіне көшіріліп, текстологиялық салыстырулар
жүргізіліп барып енгізіліп отыр. Дайындағандар – Б. Байғалиев пен
С. Жұртбай. Әңгіменің бірінші және екінші нұсқасының арасындағы
айырмашылықтар «Қаралы сұлудың» кейінгі өзгертілген нұсқасына
берілген түсінікте толық келтірілген.
«Қаралы сұлудың» алғашқы нұсқасы Семей қаласында мұғалімдер
техникумында ұстаздық етіп жүрген кезінде жазылған. Бұл кез-
де жазушы өзінің алдына саясаттан тыс, таптық тұрғыдан ада, таза
көркемдік мақсатты көздеген әдеби шығармаларды жазу туралы
мақсат қойып, тәуелсіз қаламгер болуға ұмтылып жүрген. Қазақ про-
летар жазушылары ассоциациясынан тыс «Алқа» әдеби үйірмесін
күру үшін оның бағдарламасын талқылап, Мәскеуде жоғары әдебиет
институтында оқып жүрген Мағжан Жұмабаевпен хат арқылы пікір
алысқан. «Қаралы сұлудың» бірінші нұсқасындағы басты көркемдік
нысана – қазақ әйелінің рухани тазалығын және еріккүшін көрсету.
Сондай-ақ, тағдыр талқысы, өмір азабы, жар сүюге деген табиғи сезім
адамның шығу тегіне қарамайтындығын көркем сөз арқылы дәлелдеу.
Бірінші нұсқада басты кейіпкер нәпсісін жеңіп, адал махаббатының
тұнығын лайламай, таза сақтап қалады. Алайда 1925–1935 жылда-
ры М. Әуезовтің мұндай көркемдік талабы мен идеялық нысанасы
әсіре солшыл сыншылардың тарапынан жазық сыз сынға ұшырап,
жекебасына қауіп төнеді. Осыған орай әңгіменің әуелгі шешімінен
бас тартып, Қаракөзді нәпсінің жетегіне ергізеді. Авторлық идея мен
көркемдік шешім тұрғысынан алғанда бір-бірінен өте алшақ мағына
беретіндіктен де, бұл толық басылымда «Қаралы сұлудың» бірінші
нұсқасы қоса беріліп отыр. Мұның әдебиеттанушыларға да ой сала-
тыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: