Гімелер, аудармалар


Т. Жұртбай 343 ҚАРАЛЫ СҰЛУ



Pdf көрінісі
бет88/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106
Т. Жұртбай


343
ҚАРАЛЫ СҰЛУ
«Қаралы сұлу» әңгімесі алғаш рет «Таң» журналының 1925 
жылғы 2-санының 79–92-беттерінде жарияланды. Бұдан кейін 1935 
жылы шыққан «Ескілік көлеңкесінде» деген жинақтың құрамына 
кірді. Сондай-ақ, 1960 жылы басылған «Қараш-Қараш» атты 
кітапқа енді. Жазушының он екі томдық шығармалар жинағының 
1-томының 214–227-беттерінде (1967), жиырма томдық шығармалар 
жинағының 1-томының 262–275-беттерінде (1979) басылды. Жа-
зушы шығармаларының елу томдық толық басылымына жиырма 
томдықтағы нұсқа негіз етіп алынды. Әңгіменің 1925, 1935, 1960 
жылдардағы нұсқалары өзара салыстырылып, текстологиялық 
сүзгіден өтті. Салыстырғандар – Сұңқар Жұртбаев пен Мұқаш 
Қожахметұлы.
«Жаяу сал» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы нұсқасы 
мен 1935 жылғы басылымның арасында түбегейлі айырмашылықтар 
бар. Біріншіден: жазушы әуел бастағы қазақ әйелінің таза жан дүниесін, 
дала аруының адал сезімін суреттеу үшін жазған романтикалық 
шешімін мүлдем өзгертіп, Қаракөзді нәпсіні жеңе алмаған әйел ретінде 
бейнелеуге мәжбүр болды. Бұған кеңестік тапшыл сыншылардың: 
«М. Әуезов феодалдық өмірді сүйсіне суреттеді» деген байбалам-
дары себеп болды. Соның нәтижесінде жазушы өзінің «Қаракөз», 
«Еңлік – Кебек», «Қаралы сұлу», «Хан Кене», т. б. шығармаларынан 
бас тартты. Екіншіден, қалайда шығарманың өмірін ұзарту үшін оны 
өңдеді, қысқартты, арасына таптық көзқарасты білдіретін пікірлерді 
қосты. Әзімханның жағымды бейнесінің орнына қапыда қаза тапқан 
адамның бейнесі пайда болды. «Қажы» деген сөздер де, бай ауылының 
суреттері де сызылып қалды. Мұны түсінікте берілген мысалдардан 
анық байқауға болады.
А. Пантиелевтің аудармасымен әңгіме орыс тілінде бірнеше рет 
жарияланды. Мәскеуден шыққан М. Әуезов шығармаларының бес 
томдық жинағының (1973) 1-томында (121–134-беттер) жарық көрді.
Жазушының түзетуі мен қысқартуынан, стильдік қырнап-
жонуынан өткен тұстардың «Таң» журналында жарияланған 
нұсқалары төмендегідей:


344
1. 115-бет. «Содан бері Қаракөз қаралы тор бұлбұлындай тұл 
төсектің иесі».
2. 115-бет. «...Қаракөз де сондай мойындап, көніп болған... 
Қайғылы әйелдің өз басына ендігі өмірден күтетін ешбір жаңалық 
жоқ. Жарқылдап көз тартып, біреу болмаса біреуді қызықтыратын шақ 
бұнда енді болмақшы емес. Қаракөз ондай күннің болуын тілемейді 
де... Сондай халді көксететін әлсіз ой келсе, оны да көңіліне дарытпай 
өшіріп жоқ қылатын».
3. 115-бет. «...жаңа қызарып шығып келе жатқанда ескі жұрттан 
жөнелген».
4. 115-бет. «Көш алдында айдап келе жатқан, төрт-бес жүздей 
жылқысы бар, басқа ірі қарасы да мол бай ауылдың қалың көші бір 
жылдай иесіз тұрған таудың ішінде тусып кеткен қалың шөпті жапы-
рып, қызулы тіршілікті көшіріп келе жатқандай болады».
5. 116-бет. «...айғырларды құтыртып, ойнақшытып келіп, қалың 
жылқыны дүрілдетіп, желдіріп айдайды...
Көрікті дүние, қызықты мастық тойындай болып, буы аспанға 
шығып, құтырынып желігеді».
6. 116-бет. «...өзекті де оятып сергіткендей. Бұл көшке табиғат та 
жылдық ұйқысынан оянып, көңілденіп қошемет білдіргендей...
Көшке қарсы өзек, шалғынның таңертеңгі көлеңкеден шыққан 
салқын самалы да соғады...
Қаралы жылдай тұл болып тұрған жайлау бүгінгі күн жыл 
құсындай еркін елін жаңа көріп, көтеріліп сергігендей.
Қазіргі барлық сурет, барлық дүние, баршалық қызулы жанды өмір 
адамды қызыққа, думанға, сағымды түс пен зор тілекке қолын бұлғап 
шақырып тұрғандай. Бұл қызуға желікпеген жан жоқ...»
7. 116-бет. «...қыз-келіншектің арасынан».
8. 116-бет. «...ойнағанына мастанып, мәз болып жігітімсіп 
шіренеді...».
9. 116-бет. «Болат қарқылдап, шіреніп күліп...».
10. 116-бет. «...Қаракөз, Осы көп мал бай ауылдың иесі болған, сал-
танатты көштің басшысы болған жалғыз жесір қатын Қаракөз...
Қаракөз қазір отыз екі-ақ жаста. Қаралы жаулық салып, қызулы 
базар есігін жапқанына алты жыл болды... Одан бұрын Қаракөз де 
тіршіліктің қызығында жүріп жүрген ерке еді. Бұның өмірінің үстінде 
тұнжырап, күлімсіреп тұрған күншуақты ашық көк аспан бар еді. Сол 
бақыт күнінің ортасында бір-ақ сағат ішінде түсі суық шоқ қара бұлт 
ойнап шыққан. Асатыннан келген қаза бір-ақ күннің ішінде Қаракөзді 
қаралы қылып, қаңғыртып кеткен...».
11. 117-бет. «Қаракөздің күйеуі Әзімқан ол кезде жиырма сегіз жа-
ста еді. Әзімхан бір атадан жалғыз жігіт болатын».


345
12. 117-бет. «Әзімқанның туысқаны, жалғыз сүйеніші – 70 жасқа 
келген кәрі әкесі Үсен қажы еді. Бірақ Әзімқан жалғыз жігіт болса 
да, өз ортасының басты кісісі болған. Екі ауылнай Жоламанның бас 
көтерген ретті адамы болып, бір болыс Ырғайлыға белгілі еді».
13. 117-бет. «...Үсен қажының ауылы көшіп келіп, Қайыңдыға 
қонып еді. Қайыңды – тау ішіндегі шалғынды, тоғайлы өзен бола-
тын... Жыпырлап қонған ақ ауыл маңайындағы шұбартқан көп малмен 
Қаракөздің бақытты күндерінің көркі сияқты еді».
14. 117-бет. «... намысын».
15. 117-бет. «... Басында».
16. 117-бет. «Бері келгенде Қаракөздің күйеуі аяғы ақсақ, бір қолы 
шолақ кем бала болған. Оның үстіне, өзге балаларының ішіндей 
кәдірсізі болатын. Сондықтан бой жетуге...».
17. 118-бет. «... қатыны».
18. 118-бет. «... сөздерін елеусіз көріп,..».
19. 118-бет. «... ойлана бастап еді».
20. 118-бет. «... белгісіздікте жүрген».
21. 118-бет. «...жиені».
22. 118-бет. «... шамасы өтіп еді. Әзімқан алғашқы келген жерде-ақ 
жүрегі белгісіз лүпілдеп соғып...».
23. 118-бет. «...Қаракөздің жүзінде әлдеқандай ыстық қан 
ойнағандай болып еді».
24. 118-бет. «...күнәлі болып көрмеген».
25. 118-6. «...қысылғандай болып еді.
Екі жас тілсіз сөзбен сөйлесіп қалғандай болды... Екі жүрек бір-
біріне ұялып, бұғып тұрып ым қақты. Басы осы еді».
26. 118-бет. «... керекті, қызықты сияқтанды. Сондықтан аз күннің 
ішінде астыртын құдалық сөзін байлап қойды... 
... Бірақ бұл алыстағы тілеу, қиын асу мен биік асқардың ар 
жағында жатқан асыл ниет еді».
27. 119-бет. «... жатқанда, енді жаман аттары шығар деген мезгілде 
бірін-бірі сүйіп, табысып қойған екі жастың тілеуін тағдырдың өзі 
қостағандай болып, Сыбанбайдың немересі өліп қалып еді. Бұдан 
кейінгі араларындағы сөз ұзаққа бара алған жоқ. Сыбанбайдың өзге 
балаларының барлығында не айттырған, не алып отырған қатын 
бар. Бұрынғы ұстанған сөз бойынша Сыбанбай басында: «Кейінгі 
балаларға қаратамын... Құдамнан қол үзбеймін.., – деген болып еді».
28. 119-бет. «... жақсыларымен».
29. 119-бет. «... қозданған соң Жоламан да».
30. 119-бет. «... бір қызуға тартқандай болды».
31. 120-бет. «... бұл кезде азан-қазан болып атсыз қалған жаяулар 
босқа дырду жасап, айғайласып, әрі-бері жүгірісіп жүрді...».
23–1247


346
32. 120-бет, «... дескен».
33. 120-бет. «...Әзімқанға дене тауып меңдеп тиіпті».
34. 120-бет. «...екпіндеп қулауға».
35. 120-бет. «... басты айырып кеткен».
36. 121-бет. «Бақытты, қызық дәуренге, сұлу жарға ақырғы рет 
«Қош!» деуге де тілі келмеді...
Әзімқандар ат қойып жөнелген...».
37. 121-бет. «... еді».
38. 121-бет. «... келе жатып, алғашқы қаза түнін есіне алғанда, 
көзінен ыстық жас ағып-ағып кетті...».
39. 121-бет. «... қажы да».
40. 121-бет. «... жалғыздық, сорлы болған жас сұлудың бір өзінің 
басында ғана қалды... Күнде таңертең тіршілігіне риза болған жұрт 
ұйқыда жатқан құлқын сәріде, онан соң мұңайып кеш батқан уақытта 
Қаракөз қаралы жаулығымен бетін жауып отырып, зарланып дауыс 
айтатын».
41. 122-бет. «... талақ қылып, ұмытқанын анық білдірді... Қаралы 
тор тұт қы ны сүйген жарын жоқтай білді. Қаракөздің жоқтауымен 
айтқан дауысын барлық Ырғайлы жаттап алып... Зарланған жасқа 
жаны ашып, әнге салып айтып та жүрді. Барлық басалқа айтарлық 
үлкендер тоқтау айтамын деп келгенде, Қаракөздің ыстық зарына 
шыдай алмай қоса жылап кететін болды... «Бір болыс ел түгелімен 
Қаракөзді аузынан тастамай мақтап, байының артын мұндай жақсы 
қылып күткен әйел болған емес», – деп аңыз қылды.
Бірақ Қаракөз мақтан іздеген жоқ еді. Оныкі шын зар, шын 
жетімдіктің қайғысы еді. Жылау мен жоқтау...».
42. 122-бет. «... Мұқаш болды. Сүйеуі мен ермегі...».
43. 122-бет. «Жоламан ортасы».
44. 122-бет. «... қаралы сұлудың жайы осы еді... Әлі күнге Қаракөзді 
тіршілік аздырып, нық ұстанған жолынан тайғыза алған жоқ...».
45. 122-бет. «...қазіргі тіршілікке мас болған. Айғайлап қуанады... 
Арбаның ішінде іші пысып, секіріп, дауыстап күліп, маңайласқан 
кісілермен ойнайды... Бұ да буыны бекіп, дені сау болып, ер жету-
ге (ержетті) Қаракөздің қаралы алты жылы өтті. Бұл жылдардың 
ішінде сырттан қараған көз қаншалық қадалса да Қаракөздің сыртына 
шыққан не әлсіздік, не қобалжуды көре алған жоқ».
46. 122-бет. «... Дүниеде жастай қалған қаралылар аз емес шығар, 
ежелден қайғылы қара мезгіл таңдап көрген емес. Өмір қызығына 
түсіп болдым, қызулы базар(ды) жаптым деген күндегі не қайғы 
келетін болса, дүниеде бақытсыздар болмас та еді.
Көп жас қыршынынан қиылады. Тіршілігін қарғат етеді».


347
47. 123-бет. «... ел санына қайта қосылады... Бірақ солардың 
бәрінің ішінде Қаракөз қайғысы бір алуан ұзақ мұңлы жыр еді... Бұл 
ерекше сұлу...».
48. 123-бет. «... аппақ, толық, сау, бірақ барлық ойы...».
49. 123-бет. «Ақ денесі сау, таза. Қызу қанды, қайратты, тіршілік 
үшін жаралған жас денемен тілек үшін қайнаған қан, шойын есікті 
тұтқын орнына қанағаттану қиын еді».
50. 123-бет. «...қинау түні болатын. Үй іші қараңғыланып, тұл 
төсекке жатқанда әлдеқандай қара жыланша иірілген қараңғы сезім 
ойлары өне бойын билеп кететін...».
51. 123-бет. «... құшақтаушы еді. Шоқтай ыстық мастық ойы таң 
ағарып атқанша бір минут те босатпай, жанын жеп, тозаққа салып 
шығатын».
52. 123-бет. «Қаракөзді бұл қинауға салып жүрген өз байлауының 
әлсірегені емес. Қызықты тілеген қанағатсыздық емес... Ол – ішінде 
тіршілікті тілеген жаңа өмір ұрығының жарық дүниеге шыққысы 
келіп, қозғалып тіленгені еді.
Бұл көп заман Қаракөзді қинап жүрді... Әлі күнге шейін мезгіл-
мезгіл жын буғандай болып, асау соқыр сезім құтырынып келіп, бір 
тоңдырып, бір ысытып, қаралы Қаракөзді отқа салатын...».
53. 124-бет. «... өткір сезімділік пайда болды... Қайғылы қабағы 
қазір шытынып, түйіліп, болымсыз нәрсеге қиналып кететін, өкініп, 
қайғырып кететін шыдамсыз қылды...».
54. 124-бет. «Бүгінгі көш келе жатқан уақытта бір талайдан 
ұмытылып кеткен азап Қаракөзді қайта қинап, толқытып келе жатыр 
еді...
Ораза күнде өткерме ұстап, аштыққа шыдаған тақуадай Қаракөз 
өз көңіліне сенімді болса да, дене қинауын бар ауырлығымен көтеріп 
келе жатты.
Жас Қаракөздің сопылығы дүниеде сирек кез келетін сопылық еді. 
Өзге жұртта өмірден суынған, түңілген адам болса, өзін-өзі тоқтатып, 
нәпсі тілегін басу үшін өзге қызулы топтың ішінен аулақ кетеді... 
Тіршіліктен күдер үзбеген елдің ортасында олар өмір сүрмейді. 
Жүдеу көңілдің күйіне күй қосатын сопылық үйіне кетеді. Өмірден 
түңілгендердің тобына кіреді...
Маңында ескі қызық күнін, сезім күйін ескертетін белгісі болмай-
ды... Денені өлтіретін ауыр еңбек пен сезімді жоғалтатын сұр дүниеге 
кіреді...
Ондағы сопылық, ол жүдеулік – іздесең де көңілді алаң қылатын 
суретті көрсетпейді. Әйел сопының көретіні – ылғи әйел, еркек 
сопының көретіні – ылғи еркек... Қаракөз сопылығы ол емес... 


348
Бұл бұрынғы молшылык, бұрынғы қызықты дүние ортасында, 
бұрынғыдай қуанып елітуші еді... Бұрынғыдай қуаныш күні туып, 
сезім күндері өтеді... Жазғытұрымғы жасарған табиғат та желігіп, 
еліреді... Жан кіргендей қызулы тіршілікті көксегендей масаттанады... 
Жүз бұралады...».
55. 124-бет. «... Қаракөздің есіне қара жыландай ойларды салғандай 
болып, құтырынып масаттанады...».
56. 124-бет. «Іште ыстық сезім, сыртта, қарсы соққан леп... 
Қаракөз пәуес кесі иесіз жұртқа келіп тоқтағанда, өз үйін жылдағы 
қонып жүрген жұртына тіккізбекші болып, арбадан түсіп, сол жерді 
іздемекші болғанда, төменгі жақта, өзен бойында, бір тоғайдың 
көлеңкесінде доғарулы тұрған трашпеңкені көрді».
57. 125-бет. «... аяңдап жұрт қарады... Аяғы әлсіз... Денесін ауыр 
өмір басқандай зорға алып жүреді. Бірақ белгісіз тілек қинаған көңіл 
тоқталмай жіңішкелеп шаншады. Ескі жұртты көріп, енді арбаға 
қарай жүруге айналғанда, Қаракөз арт жағындағы тоғай арасында 
сақылдап күлген жас дауысты есітті. Бұрылып біраз тұрып, тоғайға 
қарай жүрді...
Көлеңкелі биік тоғайдың іші ертегінің күмбезіндей рахатты... 
Сұлу...».
58. 125-бет. «... есітті. Елсіз таудың ішінде...».
59. 125-бет. «Кейде жарық айлы түн ішінде...».
60. 125-бет. «... қылғандай болады...
Қаралы сұлудың сұлулығын қошеметтеп, беріктігін мақтағандай 
болады.
Бірақ бұ да сезім күйін шертеді...».
61. 125-бет. «Жағасында...».
62. 126-бет. «... Бірақ өмірінде бұл күнге шейін болмаған асаулық 
пен іштегі қара жылан жүз толғанып иіріледі...».
63. 126-бет. «... сенделтін».
64. 126-бет. «...жаңа қонысқа қонған ел».
65. 126-бет. «... Жарық айлы түн болды...».
66. 126-бет. «... ішінде шын бекініп еді».
67. 126-бет. «... қараңғылық тағы ойнады».
68. 126-бет. «... мініп, күліп мазақтап...».
69. 126-бет. «... үзіліп».
70. 126-бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет