Гімелер, аудармалар


«1922–1923 жылдың қысында Ташкентте «Шолпан»



Pdf көрінісі
бет83/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106
«1922–1923 жылдың қысында Ташкентте «Шолпан» 
журналын шығардық»
– Түркістан автономиялық республикасы 
Орталық Атқару Комитетінін білім, әдебиет, шаруашылық, саяси жур-
налы. Бірінші саны 1922 жылдың қазанында шықты. «Түркістандағы 
халық ағарту ісі» деген бөлімі болды, оқу, ағарту, бала тәрбиелеу жай-
ын сөз етті. Сегіз саны шыққаннан кейін журнал 1923 жылдың орта 
шенінде жабылып қалды.
13. 71-бет. 
«1925 жылы Семейде «Таң» журналын шығардық»
– Бұл – Семей губкомы мен губерниялық атқару комитетінің саяси, 
мәдени, әдеби, шаруашылық журиалы. Оның редакторы М. Әуезов 
болды.
14. 71-бет. 
1926–1927 жылы «Сұғанақ сұр» деген повесть жа-
зып едім»
– Бұл шығарманың аты ғана белгілі, басқа ешқандай дерек 
кездеспейді.
15. 71-бет. 
«Қараш-Қараш оқиғасы» деген бір повесть жазып, 
«Жаңа мектепке» жібердім»
– «Қазақстан мектебі» журналының 
алғашқы атауы. 1925–1933 жылдар аралығында шығып тұрды.
16. 72-бет. 
«Орыс жазушыларында анық сүйетінім: Толстой, 
Достоевский»
– Лев Николаевич Толстойды (1828–1911) бала кезінен 
сүйіп оқыған, соның әсері 1918 жылы «Будда» әңгімесін аударта-
ды. Федор Михайлович Достоевскийдің (1821–1881) психологизмін 
ұнатқан.
17. 72-бет. 
«Еуропаның жазушысында Анатоль Франсты 
жақсы көрем» 
Француз жазушысы, шын аты – Анатоль Фран-
суа Тибо (1844–1924). Оның шығармалар жинағын М. Әуезовтің 
оқығандық белгілері кездеседі.
Т. Әкімов


329
ҚАЗАҚ ЖАҢА ЕМЛЕСІ ТУРАЛЫ ДЕКРЕТ
Мақала алғаш рет «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылғы 
8 санында жарияланды. Осыдан кейін «1929 жылы 2–4 июнь-
де Қызылордада Білім кеңесі мен қазақ жаңа әліп Кіндік Комитеті 
шақырған емле конференциясының стенографиялық есебі» 1930 
жылы жеке кітап болып басылғанда, сол кітаптың 110-беттерінен 
орын алды. Елу томдық академиялық толық басылымға осы кітаптағы 
нұсқасы жіберілді.
Бұл нұсқаны Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы 
ретінде (протокол № 9) 1929 жылы 25 шілдеде М. Әуезовтің өзі қол 
қойып бекіткен болатын. Сонда декретте көтерілген басты мәселе 
ғасырлар бойы қолданылып келген араб жазуын латын әрпіне ауысты-
ру және соған лайықталған қазақ тілінің жаңа емлесін бекіту еді. Оның 
ар жағында империяның тағы да жымысқы қулығы жатты, негізгі 
мақсат – сатылап барып, кирилл харпіне тұрақтату, ол мақсат кешікпей 
жүзеге асырылды да. «Кирилл жазуын орнықтырса, онда орыс-
тандыру оңай болады», – деп ойлады. Бұларды Ахмет Байтұрсынов: 
«Қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. 
Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз 
дейді, қазақ тұтынып отырған араб харпін тастатып, орыс харпін 
алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс 
тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс харпімен оқысын дейді... 
Хүкіметке керегі – мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір тілде, бір дінде, 
бір жазуда болу. Ал халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталуы» 
(«Қазақ». 1914 ж.) деп ерте болжады. Мұндайды түсінушілер көп 
болғанымен, қарсылығынан ешқандай нәтиже шықпады, өкімет тара-
пынан болған қысым бұл шараларды тез жүзеге асыртты.
1. 73-бет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет