Гімелер, аудармалар


«Чусовой бір тамаша орын»



Pdf көрінісі
бет95/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106
«Чусовой
бір тамаша орын»

 
Бұл Пермь облысы 
жеріндегі өзен Каманың солтүстік саласында – ұзындығы 35 шақырым, 
орта Орал беткейлерінен басталады. Оған құятын ірі арналар: Койва, 
Усьва, Ревда, Сылва, тағы басқалар. Қарашада қатып, сәуірде мұзы 
ериді. Жағалауында Первоуральск, Чусовой қалалары бар.
2. 187-бет. 
«Кейбірінің биіктігі алпыс саржан шамасы болып» – 
Саржан 2 метр шамасындағы өлшем.
3. 188-бет. 
«Бір уақыт қарт бурлак» – 
Жағамен жүріп, кеме 
сүйрейтін жұмысшыны бурлак деген. Бұл жерде баржаны ескекпен 
(аудармада күрекпен) реттеп отыратын адам болып көрінеді.
Т. Әкімов


374
«ҚАРАКӨЗ»
(Текстологиялық түсінік)
«Қаракөз» трагедиясы 1926 жылы Қазақстан халық комиссариаты 
драма театры ашылу қарсаңында жариялаған бәйгеде бірінші сыйлық 
алып, сол жылы кітап боп басылды, театрда қойылды.
«Советская степь» газеті: «Пьеса жаман ойналған жоқ және 
көрермендер арасында табысқа жетті», – деп жазды. («Советская 
степь», 27.ІІІ.1927.) «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған мақала 
пьесаның театр сахнасында 1927 жылдың 5 желтоқсан күні қойылуын 
сөз етеді. «Қаракөз» пьесасы сахнада ойналып тұрғанда, қазақтын 
ескі салты, өзінше болған салтанаты, сері жігіт, ерке қызы көз алдыңа 
елестейді. Тек бұл қазақ халқының ескі өмірін суреттеп, тарихи 
өмірден ұмытылмас із қалдырған күйін ғана ескертемін», – дейді ав-
тор. («Еңбекші қазақ», 7.ХІІ.1927).
Сыншы Қаракөз болып ойнаған Зура, Сырым болып ойнаған 
Құрманбек, Нарша болып ойнаған Иса, серінің жолдастары болып 
ойнаған Қалыбек, Әміре шеберліктеріне аз-кем тоқталады. «Көшенің 
батпағына қарамай, халық көп жиналды. Әрдайым жұрт осындай 
жиналып отыру керек», – деген жолдар, бір жағынан, езу тарттырса, 
екінші жағынан, жиырмасыншы жылдардағы қазақ театр сынының 
деңгейінен хабар береді.
«Жыл құсы» жинағында басылған мақаласында Жұмабай Ор-
манбаев «Қаракөз» трагедиясы туралы орынды-орынсыз көптеген 
пікірлер айтты. Автор өкінішке орай, байсалды түрде ой толғап 
баға беру есесіне пышақ кесті үкім айтуды ұстанатын әдебиеттегі 
тұрпайы социологизм арнасына түсіп кетті. Сол сияқты Тоғжановтың 
«Сын және әдебиет мәселелері» кітабында да «Қаракөз» трагедиясы 
объективті бағаланған жоқ.
Мұхтар Әуезов «Қаракөз» трагедиясының бірінші нұсқасын 
қаламгерлік сапарда бірқыдыру тәжірибе жиған, қазақ әдебиетінің 
тұрақты қорына қосылған әлденеше әңгіме, «Еңлік – Кебек» (бірінші 
нұсқасы), «Бәйбіше – тоқал» пьесаларының авторы болған шағында, 


375
Ленинград университетінде оқып, дүниежүзілік әдебиеттің мөлдір 
қайнар, жалпақ айдындарында сусындап жүрген кезінде жазды.
Сол тұстағы білікті сыншы Ғаббас Тоғжанов: «Мұхтардың 
«Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесіндегі», «Қарагөзіндегі» әйелдерін 
алыңыз – бәрі де тұрмыста болмаған, ойдан, қолмен жасалған адам-
дар», –деп жазды. («Әдебиет және сын мәселелері», 1929, 159-бет). 
Пікіріне айғақ келтірмей, байлауын дәлелдеуді қажет қылмайтын акси-
ома ретінде ұсынады. Айтылмыш екі әңгіме көркемдік шеберлігімен, 
өмірдің бір кесегін қаз-қалпында реалистікпен бейнелеуімен бүгінгі 
оқушының өзін таңғалдырды. Әлденеше рет қайталап оқысаң да ор-
таймайтын, қайта жаңа сипатпен құбылып, үстеле түсетін мол әсер 
аласың. Ол әңгімелер алғаш жазылған қалпынан өзгертілген жоқ
бұрынғы күйі.
Пьесаны сынаушылар, ең алдымен, тақырыпты драматургтің 
бетіне мін етіп басты.
«Қаракөз» трагедиясының бірінші нұсқасы тақырыбымен, 
көркемдік ерекшеліктерімен, идеясымен, бар бітімімен Әуезовтің жи-
ырмасыншы жылдарда жазған сыншыл реалистік әуендегі әңгімелері 
мен пьесаларының ден ортасында тұрады.
«Еңлік – Кебектің» бірінші нұсқасында автордың өзі оқушыға ар-
нап жазған сөз басы, ал «Қаракөздің» бірінші нұсқасында пролог бар. 
Сөз басы да, пролог та пьесалардың мазмұнында органикалық түрде 
кірігіп, біртұтастықпен қиысып тұрған жоқ. Ендеше драматург оларды 
неге берген? Құлақ күйі іспеттес беташар драматургиядан бейхабар 
қауымға сахналық шығарма тосын, жат көрінбеу үшін әуелі қарасөзбен 
түсіндірме, кіріспе тәрізді нәрсе айту қажеттілігінен туған. Рас, «Еңлік 
– Кебектегі» сөз басы. «Қарагөздегі» пролог Әуезов творчествосының 
алғашқы кезеңіндегі дүниетанымын айқын көрсететін материалдар.
Бір беттен сәл асатын бұл прологта не айтылушы еді? Әуелде 
сахнаға ақ сақалды, ескі пішінді, үстінде кестелі тоны бар шал шығып, 
бір қолына қобыз, бір қолына сыбызғы ұстап
 
тұрып қатады. Алдыға: 
«Бұлаң жігіт, ардагер, кер марал, ерке тоты шығатынын», – айтады.
Ол аса бір соққан желдей,
Алыстағы сары белдей.
Арқаның ақ төсінде 
Ақ айналы көлдей,
Толықсып аққан селдей,
Шырқап кеткен келмей,
Алыстағы асқардай.
«Алқынсаң да келмейтін аршындап өткен заман ғой», – деп 


376
бұрынғы күндерді қолпаштай, дәріптей сөйлеп шалқиды. Бұдан әрі 
тағы сол шал:
«Сол күн сенің есіңде қалды ма екен? Із қалдырмай жоғалды ма 
екен?.. Жасыл бел басына тіккен ала туды ұмытты ма екен?!. Қайғылы 
сары өзен сыбызғы үнін ойлай ма екен?!! Бүгінгі қаралы жартас 
жарық түнде кездес кен асықтардың әніне қосқан жаңғырығынан 
жаңылды ма екен?.. Арқаның қоңыр желі садақ оғына жыртылған 
жүрегін жалғады ма екен?.. Үзілген күй жаңғырықты ма екен?.. Сері 
жігіт, ерке қыз бұрынғыдай айтыса ма екен? Ащы дауыс шырқай ма 
екен? Қарауылдың аңқып ұшқан алғыр құсы Сырымдай бұ күнгі жігіт 
қиыннан тоят тілей ме екен? Мұның бәрі ескілік....», – деп зар қағады. 
Шалды тағы тыңдайық.
«Бүгінгі дала жай болып сарылған... Бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, 
қаралы... Жел шалқып, еспей күрсінеді... Домбыра күй тартпай-
ды... Жылайды... Қыз ән шырқатпайды, сыбырлайды... Сондықтан, 
сондықтан!!! Көрінде тоқсан толқып, жүз күңіренген Сырым мен 
Қарагөз заманының салтанатты серілігін сендерге әкелді. Тербеуге 
көнсең – тербетпекші.., Сергимін десең – сергітпекші... Сыпайы жігіт, 
үлгілі қыз!..»
Әрине, кейіпкер сөзімен автор мұраты дегендер екі бөлек нәрсе, 
бірақ «Қарагөздің» прологында жиырмасыншы жылдардағы Әуезовтің 
қазақ тарихына деген көзқарасындағы басты сипат анық көрінді.
«Қарагөздің» 1926 жылы шыққан бірінші нұсқасын автор драма 
деп көрсеткенмен, ол – трагедия. Қаһармандар тұрпатының айрықша 
кесектігі, олардың өмірдің шытырман бір кезеңінде бой көрсетуі, 
қоршаған орта мен арадағы; тартыс бітімсіздігі ақыры өліммен тынған 
соқталы күрес – осының бәрі «Қарагөздің» алғашқы нұсқасын траге-
дия деуге толық негіз береді.
«Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Кім кінәлі?» 
әңгімелеріндегі әйел тағдырларының Қарагөз тағдырына ұқсастығы – 
жазушының шиырды таптауы, өзін-өзі қайталауы емес, бір құбылысты 
жан-жақты алып, тереңдей қопарып әртүрлі көркемдік шешім беруі 
болып табылады.
Кейін Әуезовтің есімін әлемге мәшһүр еткен ұланғайыр 
эпопеядағы үлкен арнаның бірі – өнер адамын, оның тірліктің ұзын 
жолындағы күресін, жеңілісін, жеңісін, күйінішін, сүйінішін суреттеу 
болса, сонын басы осы «Қарагөзде» жатыр. «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше 
– тоқал» трагедияларын жазу арқылы сюжет өрбітуге шеберленіп, 
композицияның шығарма идеясын ашудағы рөлін айрықша түсініп, 
характердің конфликтіге, конфликтінің характерге жасайтын ықпал 
заңдылығының байыбына барған Әуезов «Қарагөзді» драматургияның 


377
қатаң талаптарының өзіне жауап берерлік сахналық шығарма етіп 
шығаруға көп күш жұмсаған. Өмірлік шындыққа табан тіреп тұрған 
кезде өнер табиғаты сюжет даралығын, ситуация айрықшалығын 
ізденуді мансұқ етпейді. Бірақ типтендіру дегеніміз санға емес, сапаға 
қатысты нәрсе. Кұбылыс заңдылығы шығармаға түсуі шарт, кездейсоқ 
жайттардың бейнеленуі жазушыны табысқа кенелтпейді.
Ағасының немере қарындасына ғашықтық хикаясы көкейге 
қонымды болмаса да, драматург осындай ерекше конфликтіні құптап, 
сол орайда туатын тартыс шытырманына қызығып кеткен. Көне грек 
әдебиетінде аңдаусызда әкесін өлтіріп, өз анасына үйленіп қалған 
Эдип патша басындағы қайғылы хал, Ги де Мопассанның «Портта» 
әңгімесінде білместіктен туған қарындасына қосылған жігіттің жан 
күйзелісі суреттеледі. Бұлардан кейде кездейсоқтық қандай зұламат 
қызмет атқаратынын көреміз. Ал Әуезов трагедиясында Сырым 
мен Қарагөз туыстықтарын біле тұра қосылуға, бірге тірлік кешуге 
ұмтылады.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық дәстүрі, жалпы 
адамшылық дәстүрі тұрғысынан алғанда да туыс адамдар арасындағы 
махаббат жыр ететін, мадақтайтын факті емес. «Қарагөздің» алғашқы 
нұсқасындағы бұл олқылықты сыншылар (Сейфуллин, Тоғжанов, Ор-
манбаев) дұрыс көрсетті.
«Еңлік – Кебек» трагедиясы тұңғыш нұсқасының оқиғасы аңыз 
ізінен көп алшақтамаса, «Бәйбіше – тоқалда» Мұхтар өзінше сюжет 
құрды. «Қарагөздің» алғашқы нұсқасында драматургтің қазақ ауыз 
әдебиеті үлгілерінен алған, кәдеге жаратқан дүниелері мол. Айтыс, 
беташар, жар-жарлардың трагедия ны түрлендіріп, оның еуропалық 
қалпына жаңаша бір бояу қосып, өзгеше ажар енгізіп, ұлттық нақыш 
бергенін атап айтуымыз ғанибет. Бір жағынан, қазақтың халықтық 
әдебиетінің озық үлгілеріне қол артқан, екінші жағынан, еуропалық 
классикадан үйреніп, биік қаламгерлік мәдениетке жеткен Әуезов 
жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ қиын жанр – драматургияда 
көркемдік тәсілдердің сан алуанын батыл қолдана білді. «Қарагөздің» 
аруағын сөйлету – кейбір сыншылар айтқандай Құдайды мадақтап, 
дінге сену емес, символ арқылы негізгі идеяны әсерлі жеткізуге бой 
ұру.
Сырым мен Қарагөзді немерелес етіп алумен драматург 
трагедиядағы қалыңмалды сынау, әйел теңсіздігін айыптау тенденци-
ясын біршама солғын датты. Өйткені, айтылмыш ситуациядан туатын 
объективті идея – немерелес адамдар арасындағы интимдік қарым-
қатынасқа қарсы тұрмау керек боп шықты. Автор бір қаһарманның 
аузымен құранды да бұған куәға тартады. Сөйтіп, негізінен, қазақтың 
25–1247


378
ескі аулындағы зиянды әдеттердің бірі – мал беріп, дүние өткізіп 
жасалатын сатымсақ құдандалықты сынайтын шығармада басқа 
сыңайларға да орын берілді.
«Қарагөздің» бірінші нұсқасы – пьеса тілі жөніндегі биік талапқа 
жауап береді. Автор диалогтің салмағы, әрекеттілігінен гөрі, кей 
ретте фразаның сырт сұлулығы, жалтырап тұруы, шешен естілуіне 
көбірек ден қойды. Бірінші нұсқаның өзінде Сырым, Қарагөз, Нар-
ша, Мөржан, Асан образдары кесек қалыптарымен шыққан болатын. 
«Қарагөз» трагедиясының алғашқы нұсқасы – Мұхтар Әуезовтің 
қуатты талантының шарқ ұрған ізденістерінің бір белгісі, реализмнің 
ашық аспанды, кең алқапты, берекелі өлкесіне келу сапарындағы 
ескерткіші.
Көп жылдар өтті. Шығармашылық эволюцияның қат-қабат, 
шытырманды жолдарының қиындығын жеңген Әуезов жиырма-
сыншы жылдардың өзінде қазақ әдебиетінің алтын қазынасына 
қымбат шығармалар қосса, отызыншы жылдарда классика, ре-
ализм принциптерін толық игеріп, оны қаламгерлік тәжірибеде 
жемісті қолданды. Қазақ халқының бойындағы тамаша рухани 
байлығын айқара ашқандығының, көркемдік ойының шарықтап 
өскендігінің белгісіндей болып, қырқыншы-елуінші жылдарда ұлы 
шығарма – «Абай жолы» эпопеясы туды. Сөйтіп, Әуезов өзін де, 
халқының әдебиетін де мәңгілік даңққа бөледі. Кемеліне келген кез-
де жазушының бұрынғы шығармаларына қайтып оралуы заңды еді. 
Үлкен жауапкершіліктен туған қадамы еді.
Осындай тынымсыз ізденуге түскен Әуезов «Еңлік – Кебек» 
трагедиясының бірнеше нұсқасын жазады, «Айман – Шолпан» ко-
медиясын қайта жазды, «Қараш-Қараш» оқиғасы повесіне сапалы 
өзгерістер енгізді. «Қарагөз» пьесасын екінші рет қолға алғанда, 
оқушы қауымға арнап, алғы сөз жазып, бұрынғы нұсқадағы олқылықты 
түзету, шығарма идеясын тереңдету, сөйтіп, көркемдігін жетілдіру 
мақсаттарын көздегенін ескертті. «Пьесаның ендігі айқындалған 
идеясы бойынша, азаптан туған ақындық, қан қайғыдан туған қаза, 
жекебастың ғана күй шерінен басталып барып көп мұңдар, көп жыла-
улар күйіндегі азапты ұғынуға, халықтық қайғы-қамды ұғынуға бетте-
ген шабытты көрсетпек», – деп жазды Әуезов.
Трагедияның екі нұсқасын салыстыру арқылы шығарманың қандай 
редакциялауға ұшырағанын көріп, драматургтің творчестволық лабо-
раториясына еніп, шеберлік сырына қатысты көп ойлар түюге бола-
ды. Ең алдымен, бірінші нұсқадағы пролог алынып тасталды. Бірінші 
нұсқада эпилог бар-ды. Онда да прологтағы шал сахнаға шығып, 
өлеңмен Сырымның кейінгі өмірін баяндайды.


379
Моладағы соңғы түн аруақтан соң,
Төгіліп ағыл-тегіл өлең кетті.
Сырымға ұшан-теңіз сөз дарыды,
Ашығы бата беріп қол сермеді...
Аздан соң дәурендеді ақын тілі,
Іркілмей жақ сарнады күні-түні.
Қайғы мен шерден туған ақын болып,
Шерменен аспанға өрлеп жалын шықты...
Біресе бүктетілген селдей болып,
Екпіні тау теңселтіп, тасты жықты.
Құба жол ордай болып, асылып қап,
Шаршы өрде шабынғанды інге тықты.
Қолына сыбызғы мен қобыз ұстап,
Сайқалдап сар даланы шарпып өтті.
Кескекпен шапшып тұрған ашулы жау,
Бетінен шошығандай жасып ықты.
Әуелде ызаланған жауын қуды,
Зарын төгіп көзінің жасыменен
Қаралы қайғы басқан бетін жуды.
Бір кезде ашуменен тас боратты,
Заң болған жауыздыққа қарғыс атты... –
деп келетін, қырық жеті жол өлеңнен тұратын бұл эпилогта ешқандай 
саяси да, идеялық та қате жоқ екені мына үзіндіден көрініп тұр. Қайта, 
бірінші нұс қа ның сыншылдық бағытын айтқанда, ден қояр тұстың 
бірі – осы эпилог. Траге дияның жанрлық шарттарына толық жауап 
берерлік архитектоникасы шебер шығарма жасауға күш салған Әуезов 
эпилогты тұтас қысқартып тастады.
Оқиғаға араласатын адамдар, негізінен, бұрынғылар. Характерлік 
даралығы шамалы, тартысқа аз персонаж Тұрсын (Наршаның әкесі) 
екінші нұсқада шығып қалды. Қосақ арасында жүрген қызметкер қыз 
Кәмшаттың аты соңғы нұсқада арнайы айтылмайды. Бұлардың есесіне 
шығарманың идеялық қазығын бекітуге үлкен рөл атқаратын қос 
қаһарман енгізілді: бірі – егінші шал, екіншісі – балықшы шал. Бірінші 
нұсқада оқиғаның болған уақыты да дәл көрсетілсе, екіншісінде 
ол жоқ, өйткені шығарманың революциядан бұрынғы қазақ өмірін 
бейнелейтіні өз-өзінен түсінікті. Бұрынғы Қойсары деген персонаж 
аты Тойсары боп өзгертілді. Ақбала әуелгі нұсқада Қарагөзді – Төрем, 
кейінгісінде – Көзжақсым, Сырымды әуелгі нұсқада – Мырза жігіт, 
кейінгісінде – Молда жігіт дейді. Қарагөз бен Сырым шыққан орта – 
алғашқы нұсқада Қарауыл, соңғыда Қарауыл ішінде Өсер аулы.
Драматург алғашқы нұсқадағы көп диалогтерді, бір қыдыру 


380
монологтерді, түрлі ремаркаларды ықшамдаған, батыл қысқартқан. 
Бұл трагедия тіліне нұқсан келтіретін баяндаушылықты, қажетсіз 
тәптіштеуді жойып, оның орнына фразаның характерді дөп бейнелеп, 
конфликтіні өршітуіне тигізетін екпінін арттырған.
Жеке сөздердің бейнелі, нақтылы синонимдері алынды. Тұтас 
диалогтер қайта жазылды, жеке сөйлемдер ауыстырылды. Соңғы 
нұсқада инверсияға ерекше мән берілген кейіпкер сөздерінің ырғағы, 
құрылысы, сөйлеу тіліне жақындатылады. Бұрынғы нұсқадағы өлең, 
беташар, жар-жар, айтыстар да ықшамдалды.
1926 жылғы нұсқа:
Қ а р а к ө з . Кім екенін айтпаймын. Бірақ осы жерде бүгін түсін 
көресің. Бұл істің басталғанына көп болған жоқ. Қара түнді жамылып, 
құдай атын айтып қосылғаныма екі-үш-ақ ай болды. Содан бері аз-ақ 
көрістік (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет