Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет96/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106
Тым-тырыс.
) Бізді қосқан желік пен құмарлық емес, бізді 
қайғы қосты. Апам өлгеннен бері көңілімде болған жетімдік, күйік 
қосты. Саған айтатын үлкен сырым осы.
1959 жылғы нұсқа:
Қ а р а г ө з . Кім екенін айтпаймын, осы, жерде бүгін түсін көресің. 
Бұл істің басталғаны кеше ғана. Қара түнді жамылып, жан сырын 
ашысқанға бір-ақ жұма. Содан бері екі-ақ көрістік (
Пауза.
)
 
Бізді 
қосқан жай желік пен құмарлық емес! Саған айтар ең үлкен шыным 
осы.
Бірінші сөйлем сол қалпы. Қарсылықты «бірақ» сөзін алып тастау 
екінші сөйлемнің ырғағын күшейтіп тұр. Соңғы нұсқаның үшінші, 
төртінші, бесінші сөйлемдері ықшам, ішкі мағынаға бай, екпінді. 
Қарагөз бен Сырымның табысуын жақын арада болған етіп көрсету 
– олардың жалындаған, алау атқан сезімдеріне жақсы авторлық мо-
тивировка.
Екінші нұсқада Қарагөздің салған жерден өздерінің қалайша 
табысқандарын ашып тастамауы да орынды. Ол бірден айтылып 
қалған болса, тартыс желісі босаң тартар еді. Қарагөздің бір сөзін 
қысқарту, шамалы өзгертумен драматург жаңа мазмұн тудырған.
Екінші нұсқада Сырым мен Қарагөз немерелес болып алынбайды. 
Олар бір ауылдың ұлы мен қызы. Автор пьесаның негізгі сюжеттік 
сорабын бұзбай-ақ жаңа өзгерісті шеберлікпен енгізді. Сырым мен 
Қарагөздің жолығысуын Ақбала көретін сценаны алайық.
1926 жылғы нұсқа:
А қ б а л а (
шошып жағасын ұстап
)
.
Астапыралла, мынау не деген 
сұм дық! Бір туысқан әкелердің балалары көздері тіріде... Құдай-ай, 


381
қаһарынан сақ та. Төрем! Сені қара басқан екен ғой (
Жағасын ұстап, 
жүдеп, кейін шегі неді.
)
1959 жылғы нұсқа:
А қ б а л а . Көзжақсым, мынау ойының ба, шының ба? Алыстан 
тапқан ба десем, жаңа көрдің бе осы тентекті?
Алғашқы нұсқада Ақбаланың немерелес адамдардың жақын 
болуын көріп шошынуы табиғи. Екінші нұсқада да таңырқау бар. 
Ақбала ұғымында тентек Сырымның аяулы қайын сіңлісі Қарагөзбен 
көңілдес болуы үйлеспейді. Соңғы нұсқада психологиялық ремарка 
қысқартылған, себебі қазақ театрының дамып өскен шағында арти-
стер ойынына, режиссураға қатысты нәрсені пьесаға енгізудің қажеті 
жоқ-ты. Екінші нұсқада бұрынғы нұсқадағы көп ремаркалар осы 
негізде қысқартылған.
1926 жылғы нұсқа:
С ы р ы м (
Қаракөздің құшағынан босанып, Ақбалаға
)
.
Тоқтат 
сөзіңді кекселенбей, сен сынаймысың бізді? Ол – Қаракөз, мен – 
Сырым... Қаракөздің Сырымнан артық жары болушы ма еді? Бізді 
Құдайымның өзі қосқан. Сәулемнің менен өзге теңі кім? Мен жылап 
жүріп тілеп алғамын.
1959 жылғы нұсқа:
С ы р ы м . Ақбала, айыбыңды ал, тек жазғырма! Ол – Қарагөз, 
мен – Сырым! Қарагөздің Сырымнан артық жары болушы ма еді? 
Сәулемнің менен өзге теңі кім? Мен жылап жүріп тілеп алғам.
Екі сөйлем қысқартылып, жаңадан бір сөйлем қосылған. Алғашқы 
нұсқада Сырым ашулы, құдайшыл, соңғыда мінезі майда, жеңге тілін 
білетін сыпайы, сырбаз жігіт.
1926 жылғы нұсқа:
Қ а р а к ө з . Жеңеше, мен саған бәрін айтқанда, атын неге айт-
пады дейсің? Айтуға аузым бармағандықтан, көзі көрсін дегенмін. 
Сүйгенім Сырым болмаса, мен жалғызбын дер ме едім. Сенен көмек 
сұрар ма едім.
1959 жылғы нұсқа:
Қ а р а г ө з . Жеңеше Ақбала... Сырым болмаса, мен жалғызбын 
дер ме едім. Сенен көмек сұрар ма едім.
Тағы да драматург қысқартуды жақсы пайдаланған: екі сөйлем 
түсіріліп, қалғандары жаңа мазмұнды әдемі беріп тұр. Алғашқы вари-
антты қайта редакциялағанда, қол тимеген бір де бір бет жоқ десе де 
болады. Тағы мысал.


382
1926 жылғы нұсқа:
Н а р ш а (
Сырымға
). Сырым, сен жалындаған асыл сөздін иесісің. 
Сенің сөзің ажалдыға кез келсін деуші еді жұрт. Бірақ шарай топтың 
көзінше пұшпағына ілінген ажалды киік мен болам ба?
Азалы, қайғылы жалғыз Қаракөз емес, сен де арманда көрінесің. 
Қаракөздің күйігін жыр қылушының басы сен болған соң, 
қарындасыңда да не арман болсын. Жалғыз-ақ керегі жоқ... Бұ да кезі 
келген заман шығар.
С ы р ы м (
салқын
)
.
Қарағым, мені жерлеп қайтесің? Мен жол 
мен жөннен адасқан әуре жанмын... Менің елім – жылаған қыз бен 
жырлаған жігіт... Одан басқа елдің бәріне мен жатпын, маған сен де 
жат. Тіл алсаң, мені қажама... Сенімен шиеленіспей-ақ қояйын.
1959 жылғы нұсқа:
Н а р ш а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет