Гімелер, аудармалар


Т. Жұртбай 369 ЖУАНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет93/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106
Т. Жұртбай


369
ЖУАНДЫҚ
Әңгіме тұңғыш рет «Қазақ тілі» (1926 жыл, 10 қазан) газетінің 
63-, 64-нөмірлерінде жарияланды. Жазушы әңгімесіне «Айғақ» де-
ген бүркеншік атты пайдаланды. Содан кейін 1935 жылы Қазақтың 
көркем әдебиет баспасы басып шығарған «Ескілік көлеңкесінде» деп 
аталатын әңгімелер жинағында, 1957 жылы таңдамалы шығармалар 
жинағының 6-томында (101–112-беттер) жарық көрді. Жиырма-
сыншы жылдардағы соңғы уақытқа дейін белгісіз болып келген 
әңгіме-повестерінің, пьесаларының басын құраған «Қараш-Қараш» 
(Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960, 475 бет) 
атты жинақ пен он екі томдық («Жазушы», 1967 1-том, 22–23-бет), 
жиырма томдық («Жазушы», 1979, 275–286-беттер) Мұхтар Әуезов. 
Әңгімелер. («Жалын», 1987, 72–81-беттер) деген басылымдары-
на енді. Он екі томдық, жиырма томдық басылымдарға жазушының 
өзі жөндеп, өңдеп бастырған «Қараш-Қараштағы» нұсқасы алынған 
болатын. Осы «Қараш-Қараш» пен алты томдықтағы, «Ескілік 
көлеңкесіндегі» мен газеттегі алғашқы нұсқалары салыстырылып, елу 
томдық академиялық толық басылымға жіберіліп отыр.
Таңдамалы 
шығармаларының 
алты 
томдығындағы 
«Жуандық» «Ескілік көлеңкесіндегі» «Жуандықтан» жеңіл-желпі 
айырмашылықтары 
бар. 
«Қараш-Қараштағы» 
«Жуандықта» 
қысқартылған сөз-сөйлемдер алты томдықта «Ел мінезі мұндайда», 
«Тамам ел» деп басталатын сөйлемдердегі «Ел» деген сөздер «Жу-
андар», «Жуан» деген сөздермен алмастырылған. Соңғы жөндеуінде 
Жақсылықты қуғынға салып, қысым көрсетіп отырған ел емес, жу-
андар екенін көрсеткен. Алты томдықта әңгімеге берілген сілтемеде: 
«Бұл әңгіме Совет үкіметі алғаш орнаған жылдар болмысынан 
алынған. Бай жуандар (феодалдар) үстемдігі әлі жойыла қоймаған 
көшпелі ауылда болған уақиға» – деген ескертпе берілген. Мұндай 
ескертпе «Караш-Қараш» жинағындағы «Жуандықта» жоқ.
Жалпы М. Әуезов ертедегі мақалаларында отырықшылықты, 
егіншілікпен айналысуды ұдайы мәселе етіп көтерген. Бұл әңгімесінің 
негізгі идеясы сол болып отыр. Бірақ көшпенді тіршілікке әбден 


370
бойсұнып кеткен Әбіш, Құрмандай жуандар ондай істі өре бастырғысы 
келмейді, себебі, бұрынғы ашса алақанында, жұмса жұдырығындағы 
Жақсылық сияқты кедейлер егін егіп, қора салып айтқандарына 
құлақ аспауға айналды және ел арасында оларға еліктеушілер де 
көбейді. Мұндай еркінсуді көтере алмаған Әбіш, Құрмандар орғалы 
тұрған егінге қасақана малдарын жайып, таптатып тастайды. Ақыры 
келіп қорасынан бездіріп, ол жерге егін екпейтін етеді. Дәл осындай 
көріністі жазушы кейін «Абай жолы» эпопеясының үшінші кітабында 
Дәркембай бастаған жатақтар мен Тәкежан, Әзімбайлар арасында 
болған кақтығыстар арқылы да көрсетті.
Салыстыру барысында мынадай айырмашылықтар байқалды:
«Жаз ортасы ауғаннан бері солар егін тарпын байқап» – «Жаз ор-
тасы ауғаннан бері солар егін жайын байқап», «сол биылғы егін жайы 
еді» – «сол биылғы егін жайы», «қаракет иесі адам еді» – «қаракет 
иесі адам», «жер емшегін емуден дәндеп еді» – «жер емшегін емуден 
дәндей берді», «Ер ортасы жасқа келгенше» – «Ер орта жасқа келген-
ше», «ойлар ойлай бастап еді» – «ойлар ойлай бастады», «Жақсылық 
жаздан бері Әбіштің бетін көрген жоқ» – «Жаздан бері Әбіштің бетін 
көрген жоқ», «бір қастығын тигізіп кетер ме деп қорқушы еді» – «бір 
қастығын тигізіп кетер ме деп қорқатын», «Не істесе де – істейтіні 
биыл» деп Жақсылық күтетін» – «Не істесе де – істейтіні биыл» деп 
күтті Жақсылық», «осы жақпен келеді ғой деп Жақсылық күтуші еді» 
– «осы жақпен келеді ғой деп қауіп етеді Жақсылық», «атқа мініп 
еді» – «атқа мінді», «Шығып жіберген жерде» – «Шыға бере», «бір 
күн ойлап есіне алмап еді», «бір күн ойлап есіне алмаған», «әке-
бабасынан бері қарай боқтай бастады» – «әке-бабасынан боқтай ба-
стады», «қоңыз тергізерсіз» – «қоңыз тергізерсін», «Әбіш байдың өзі» 
– «Әбіш байдың өзі болатын», «Ел мінезінде Әбіштің көптен жақтаған 
саясатының бірі» – «Әбіштің ел мінезінде көптен жақтаған тәсілінің 
бірі», «Есінен шатасып» – «Есінен адасып», «Қатыны алдынан
шығып» – «Әйелі алдынан шығып», «Дертіне жаңа ем қонғандай бол-
ды» – «Дертіне жаңа ем қонғандай», «түс қиып бара жатыр еді» – «түс 
бола бастаған», «Ақырында тағы жылады» – «Ақырында тағы да жы-
лады», «қолымды теңдікке жеткіз, кеңес» – «қолымды теңдікке жеткіз, 
совет», «әлденеше айтқан соң еріксіз сенеді» – «әлденеше айтқан 
соң шын сенді», «Талайдан неше түрлі ыза көрген» – «Талайдан ыза 
көрген», «Ырзамын, кеңесім!» – «ырзамын... Советім!», «өз дегенін 
істеу керек болып отыр» «өз дегенін істеу керек», «сол сергелдең» – 
«сол мәселе», «онымен әбүйір түспейді» – «онымен әбүйір алмайды», 
«ынтымағы бір болатын» – «ынтымағы бір», «Бір талайдан бері ел 
ішінен айықпай жүрген кикілжіңнің аяғы осымен биыл, жаңада, ғана 


371
тоқтап еді. Сондықтан «ел берекесі үшін бірінің басына күн туғанда 
қалған дары бірігіп іздеп, бой көрсету қарыз сияқты еді. Оның ішінде 
Әбіш жақындағы бір тапқа өздерінің бетке ұстап жүрген жақсысын 
әлде болса қалқитып, нақты қылып ұстау керек. Ол сыртқа айдын 
үшін керек. Мұны ойласа да Әбіш терді барлық ынта-бейілмен іздеу 
керек» – «Енді бірін-бірі қорғауға жұмыл ғанда «ел берекесі» деген 
соң бірінің басына төнген қауіпті қалғандары бірігіп жеңілдету қарыз 
санаған. Оның ішінде Әбіш сияқты топ басы жуанын мықты ғылып 
ұстау мақұл. Ол сыртқа айдын үшін керек. Мұны ойласа, Әбіштерді 
әсіресе барлық ынта бейілмен іздеу міндет», «істелген нәрсе еді» – 
«істелген іс», «Ел мінезі мұндайда біреуді кінәлі қылудан тоқтамайды. 
Тағы талай кісіден көрмей, пәлені ұлғайтпай басылмайды», «Тәмам 
ел соңына түсетінін көз көрді. Мына жуандардың бос қолы, қысы-
жазы осыны ермек қылудан қажымайды, Жақсылықтың жақындары 
да осы боп, содан қорқып-үркіп, қау-қаулаған сөзді көбейте берді. Со-
нымен Жақсылық ығып, жаса бастады», «Күнде орысқа» – «Күнде 
милицияға», «осыған тіреп отырса бір жөн. Әйтпесе көпке топырақ 
шашуға болмайды. Бір куә болмаса, бір күні жеңілетінін білді» – 
«соған тіреп отырса – бір жөн». «Ұзын сөздің қысқасы, шығын алу 
былай тұрсын» – «Шығын алу былай тұрсын», «Қайта барып началь-
никке шаға алған жоқ, Ақөзек уақиғасы ел ортасында жабулы күйінде 
қалды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет