(Сырымға).
Сырым, сенің жалынды сөзіңді ажалдыға
кез келсін деуші еді жұрт. Бірақ шарай топтың көзінше пұшпағынан
ілінген ажалды киік мен болам ба? Азалы, қазалы, қайғылы жалғыз
Қарагөз емес, сен де арманда дейін бе, мен не дейін?
С ы р ы м (
салқын)
.
Шырағым, мені шенеп қайтесің? Жол мен
жөннен адасқан әуре жанмын мен. Менің елім – жылаған қыз бен
соныи көз жасын жырлаған жігіт, тіл алсаң, мені қажама. Сенімен
шиеленіспей-ақ қояйын.
«Қарағым» – шырағым боп, «жерлеп» – «шенеп» боп өзгертілген.
Бұл жерде «шенеу» сөзі айтпақ ойды да дәл береді. Ал, «қарағымның»
синонимімен ауыстырылуында дыбыстық үндестік ескерілген
(шырағым – шенеп). Наршаның Сырымға айтқан сөзінің қысқартылуы
орынды. Мұрат, мүддесі алшақ, тіпті жауласуға таяу адамдардың бір-
біріне баға жомарттығы сирек болады.
Қарагөз бен Сырым бұрынғыдай жақын туыстық қатыста
алынбағандық тан, бірнеше сөйлем заңды түрде кысқартылған. Драма-
тург «мен» сөзін сөйлемнің соңына әкелу арқылы инверсия жасаған.
1926 жылғы нұсқа:
М ө р ж а н . Сенің қабағыңа қарап Нарша да жүдеп отыр дейді.
Оның да қабағы сынық сияқты маған. Одан артық сұмдық бола ма?
Бұл менің көрер күнім бе еді? Осыны бір емес, көп жұрт айтты.
Қарағым, мен сенен мұның жай-жапсарын сұрамаймын.
1959 жылғы нұсқа:
М ө р ж а н . Сенің қабағыңа қарап Нарша да жүдеп отыр дейді.
Оның да көңілі сынық сияқты маған. Осыдан артық сұмдық бола ма?
Бұл ма еді менің күткен күнім? Осыны тойға жиылған өсекші қатындар
тобы сусылдап, ордалы жыландай ысқырып, өсекке таңып, жұртқа
383
жайып барады дейді. Қарағым, мен сенен мұның жай-жапсарын
сұрамаймын.
Қатар тұрған екі сөйлемдегі бір сөздің орынсыз қайталануынан
қашып драматург «қабағы» деудің орнына «көңілі» дейді. Екі
нұсқадағы төртінші сөйлемнің мағынасы бір. Бірақ инверсия
жасалғандықтан, соңғы нұсқадағы сөйлемнің әрекеттілігі, ырғағы
күшті. «Осыны бір емес, көп жұрт айтты» деген жуас сөйлемді Әуезов
тамаша шеберлікпен өзгертіп жіберген. Жаңа сөйлемде суретті
образдылық, көз алдыға келер қимыл бар. Ситуация атмосферасын,
психологиялық сәтті дөп бейнелеген дәлдік бар. Өсекші қатындарды
ордалы жыланға теңеудеі ұлттық бояуы қанық колорит жатыр.
Драматург пьесаның алғашқы нұсқасындағы қыруар өлеңді ба-
тыл түрде ықшамдап, аз сөзге көп мағына сыйдырды. Бірінші көрініс
басталғанда шырқалатын «Баянауыл» әнінен 4 жол қысқартылды. Бета-
шар әуелгіде 97 жол болса, соңғыда 54 жол; Асан айтатын жар-жардан
11 жол, Сырым айтатын жар-жардан 17 жол қысқартылды. Көрімдік
сұрай айтылатын 25 жол өлең мүл де түсіп қалды. Сырымның Қарагөз
қабірі басында айтатын өлеңінен 4 жол қысқартылды. Қарасөзбен
толғайтын монологынан 25 сөйлем қысқартылды.
Жеке сөздерді, фразаларды, тіркестерді, сөйлемдерді, тұтас
беттерді қыс қар ту, не оларды ауыстыру, бұрынғы материалдарды
өзгертіп, өңдеп, қайта жаңғыр ту, инверсия, аллитерация, ассонанс,
градацияға айрықша мән беру сияқты редакциялармен қабат, екінші
нұсқада автор мүлде жаңадан қосқан жерлер де көп.
Олар мыналар: Нарша – Асан, Нарша –Матай араларындағы
диалог («Қараш-Қараш», А., 1960, 242-243-б.), Сырым – Қарагөз
арасындағы, диалог (сонда, 245–248-б.), Мөржан – Сырым, Жарылғап
– Сырым – Жабай араларындағы диалог (сонда, 258– 260-б.), Нар-
ша – Қарагөз арасындағы диалог (сонда, 265-б.), Қарагөз – Сырым
арасындағы диалог (сонда, 268-б.), Қарагөздің есінен айырылғанын
естігендегі Сырым монологы (сонда, 275–276-б.). Бірінші нұсқада
керіністер номерленіп отырылса, кейінгіде ол жоқ.
Сырым Қарагөзден айырылған соң, екінші нұсқада балықшы,
егінші қауым ортасына барады. Бұл бір сурет болып қосылған.
Алғашқы нұсқаның бірінші, екінші суреттері жалғыз перде құраса,
кейінгі нұсқада олар жеке-жеке акт. Екінші нұсқа осы реттен төрт акт,
жаңадан жазылған бір сурет есесінен жеті суретті болып тұр.
Зор көлемді, сан салалы, мол мағыналы редакцияның арқасында
«Қарагөз» трагедиясындағы драмалық ситуациялар өзгеріп, бұрынғы
қаһармандар жаңаша кейіп тауып, конфликті тереңдеп; шығармадан ту-
атын объективті идея сараланып, аршылып, байып, соны күйге көшті.
384
Осындай көп ізденіс, көп еңбектен соң «Қарагөз» трагедиясының
екінші нұсқасы дүниеге келді.
Араға отыз жеті жыл салып, «Қарагөз» трагедиясы қазақ
театрларының сахнасына қайта шықты. Үлкен драматургтің шебер
қолымен жаңғырып шыққан трагедияны Қазақтың академиялық дра-
ма театры Алматы жұртшылығына 1963 жылдың 7 сәуірінде көрсетіп,
сәтті спектакльмен қуантты.
Әдебиетші Е. Лизунова «спектакльдің тұрмыстық драма емес,
шын мағы на сындағы трагедия» екендігін көрсетіп, пьеса өткен өмірді
суреттеге німен, актуальдығын жоймағандығын дұрыс айтты. Қарагөз
рөлінде ойнаған Зәмзәгүл Шәріпованың, Сырым рөлінде ойнаған Ша-
хан Мусиннің, Мөржан рөлінде ойнаған Сәбира Майқанованың табы-
стары жақсы лебізге ие болды («Казахстанская правда», 14. V. 1963)
Театр сыншысы Қ. Қуандықов «Қарагөздің» қойылуына екі мақала
арнап, спек такль жайындағы толғамдарын ортаға салды. Трагедия-
ны Алматы теа т рын да қойған А. Мадиевскийдің, Семей театрында
қойған Б. Омаровтың, Қы зылорда театрында қойған Мен Дон Уктың
режиссуралық шешімдері салыстырылды. Филология ғылымдарының
кандидаты С. Ордалиев «Қазақ дра матургиясының очеркі» (1964)
кітабында Әуезовтің басқа пьесаларымен қоса, «Қарагөз» трагедия-
сына арнайы тоқталды. Жұртшылық алған әсер, сахнаға қайта шыққан
спектакльге деген көрермендер ықыласы да айтылып жатты («Қазақ
әдебиеті», 23.VI.1963, «Қазақ әдебиеті», І т. VІ. 1964, «Жетісу»,
31.VІ.1963).
«Қарагөз» трагедиясындағы негізгі тартыс шымылдық ашылмай
тұрып бас талып, өсіп-өрбіп бірталай жерге барып қалған. Байқап
қараңыз: Қарагөздің қалыңмалы алынған; Нарша ұрын келген; бірақ
дәл осы тұста жалын жүрек, ыстық сүйіспеншілікпен өртене табысқан
Сырым; Қарагөздің әлі жұрт көзіне түсіп, дабыра болмаған үркек ма-
хаббаты бар. Қарагөз – қалыңдық. Нарша – күйеу. Бұлардың тойының
мәз-мереке, сән-салтанат шуына бөленуі – ауыл-ай мақтың, ағайын-
туыстың күтіп, тілеп отырған қызығы. Сырт көз, бөгде біреулер
тұрғай, Наршаның жанына ерген жақын достары Асан, Матайлар да
басқа ойға жол бермейді.
Қызды біржолата алып кетуге келе жатып, Нарша өзі серіктеріне
сыр аша ды. Аналар мүлде күтпеген тосын сыр, суық сыр. Асан мен
Матай Нарша аузы нан шыққан сөзді әуелде жатырқай қарсы алады
да, соңынан қоршаған орта, ескен өңір мораліне лайық тіл қатады. «Е,
салмайсың ба тыйымды, тарт қызбайсың ба ондай қырсық мінез сазай-
ын?!» – деген Асан сөзі Матайдың да тіл ұшында тұр.
Нарша образының негізгі трактовкасында схема жоқ, қайта белгілі
385
қалыптан бойды әдейі алып қашу бар. Қазақ әдебиетіндегі тақырыбы
әйел теңдігіне қатысты шығармалардың көбінде қалың беріп қыз алу-
шылар, не қаусап отырған шал, не елден шыққан дөрекі топас бола-
тын.
Әрине, көркемдік жинақтау жасау үшін мұндай типтендіру әдісін
қолдану дан безу жарамас, бірақ өмірлік жағдайлар тым әртүрлі, тым
күрделі емес пе? Әуезовтің «Қарагөздің» бірінші нұсқасының өзінде-
ақ Наршаны көкірегі ашық, сезімі мол жан етіп алуы оның өмірлік
фактілерді сұрыптауда реализмге ден қойғандығын көрсетеді.
Нарша, Асан, Матайларға жұмбақ сырдың шешуі екінші көріністе
ашылады. Қарагөзбен, Сырыммен танысамыз. Жақсы жеңге, сырға
бай, ақылды келіншек Ақбала, көмейлерінен өлең төгілген, бірі атып,
бірі қуған сал-серілер, ақын, әншілер Дулат, Қоскелді, Дәулеткелділер
құр нөкер емес, драмалық тартысқа белсене қатысып жүрген
қаһармандар.
Бұлар шырқап салған әндерімен, сирек болса да тап басып айта-
тын қанжардай өткір сөздерімен сахналық әрекетке жан беріп, ширата
түседі.
Жаңа ғана басталған ақ, адал махаббаттың нұрлы таңының арай-
лы сәулесі еріксіздіктің сұмдығымен шарпысып, Сырымның өр
асқақ ақын жүрегінде ыза-кек отын лаулатады. Сүйіспеншіліктің
ыстық ләззатына мас болып, діріл ді толқынға шомылған жайы бар
Қарагөздің де. Алды-артын аңдар, ертеңді болжап, қазіргісін шамалар
күйден айырылып, ғашық көкірегімен, алаулы сезі мімен тағы да тау-
ып тұрғаны – Сырым құшағы. Аңсап қауышқан қос ғашық тың бірігіп
көрген рақат, сүрген дәурендері жалғыз-ақ жұма. Сонымен бітпек,
үзілмек бәрі. Қарагөз Досан аулының келіні болмақ, Сырым қалмақ
жайына.
Өрт махаббат пен қара қапас әділетсіздіктің қарама-қарсы бетпе-
бет келген жері осы. Адам сезімдерінің ішіндегі ең шұғылалысы, ең
ыстығы – махаббат. Оған жасалған зорлық – қиянаттың ең үлкені, ең
сұмдығы. Әсемдікке, нәзіктікке құштар ақын жүрек тамсануды таңдай
қағуды ғана білсе, оның қуаты қанша! Жоқ, күреседі, алысады ақын
жүрегі. Қарагөздей аруы жатқа жем боп бара жатқанда, Сырым қалай
өртенбесін, күймесін, күреске шықпасын.
Ішкі әрекет шиыршық атқан осындай шытырман әрі терең
психологиялық ситуацияда Қарагөз бен Сырымның характерлері
өте тамаша бой көрсетеді. Өмірдің кілт бұрылысында, тағдырдың
талқысына түсіп тұрған ерекше бір жағдайда, қаһармандарды сынау
үстінде бейнелеуді – драматургияның ежелден келе жатқан өнікті,
өрелі әдістерінің бірін Әуезов үлкен суреткерлік шеберлікпен пайда-
386
лана білген. Сырым мен Қарагөздің алғаш қалай табысқанын бейне-
леп жатпай, нағыз қиракезік кезеңді таңдап алу пьесадағы тартысты
салған жерден соқталы көрсетеді.
Драматург басты қаһармандары Наршаны да, Қарагөзді де, Сы-
рымды да ішкі толғаныс, зор тебіреніс үстіндегі ситуацияда алып,
конфликтінің одан әрі шиеленісуін қаузайды.
Тартыстың бұдан арғы өрбуі талайға дейін қыз ұзату сюжетінің
арнасында отырады. Бұл жерде Әуезов халық салтын драмалық
шығарма фабуласына органикалы түрде кірістіріп, шашау шығармай
шеберлікпен пайдаланған. Алғашқы пердедегі жағдайлар негізгі
тартыстың экспозициясы іспетті болып, оның қалай пайда болғанын,
көлемін, күшін аңғартса, бұдан кейінгі әрекет басты қаһармандардың
– Қарагөздің, Сырымның, Наршаның жанына тиер, тағдырын шешер
кемерге келіп тіреледі.
Ол – той. Қарауылдың кер маралы, аялаған аруы Қарагөздің
ұзатылу тойы. Сыртқа дабырлап, қызыл-жасылмен жарқыратып ай-
тып жатса да, Қарагөздің риза еместігі алты алашқа белгілі. Қыз отау-
ын көруге келген үш әйел сөздерінде қорғасындай ауыр салмақ, ащы
сықақ, үлкен сын жатыр.
Тегінде Әуезов әйел образдарын ақ не қара бояуда ғана алмайды.
Олардың өзара араласуын, құбылуын, жан-жақты болуын құнттайды.
Әуезов трагедияларындағы әйелдер әрқалыпта: Еңлік – ер, асқақ;
Дәмеш – әлі жөн-жосықты тани қоймаса да, азаттықты көксейді;
Қарагөз – тебіренген терең сезім иесі. Бұларға қарсы типтер: Қайша –
зұлымдықты еркектерден асыра істемесе кем істемейтін жан; Мөржан
– тұрпаты кесек; Жүзтайлақ – аяр, қу.
Надан ескіліктің қияңқы дүлейлігі Қарагөз бен Сырымды бақытсыз
етті. Сол күштің үлкен тұтқасы бір ауылды аузына қаратып отырған
Мөржан бәйбішенің қолында.
Тартыс үдеп келеді. Тойдың тұрмыс-салттық жағы құнтталмай, ол
фон ретінде ғана алынып отыр. Басты қаһармандардың бәрі бұл күнге
іштерін жегідей жеген, енді сыртқа шықпай қоймас көп түйін, мол ши-
емен келіп отыр. Нарша сырын достарына айтты. Мөржан Қарагөзбен
беттесті. Енді не болар деген сұрақтың жауабы ұзақ күттірмейді.
Осы кезде Қарагөздің қайғысы, көкірек жарған зары, арман-тілегі
Сырым аузынан өлең болып сорғалайды. Ескіліктің, әділетсіздіктің
шашбауын көтерген, соның жоғын жоқтаушы кұл өлең, маймөңке
өлең, қызметші өлең емес, жігерді қайнатып, ыза-кекті тасытатын
сыншыл өлең, шыншыл өлең, тентек өлең төгіледі. Бұл жерде екі
түрлі жыршы тұр алдымызда: бірі – қараңғылыққа аяғын шырматқан,
соның үні, соның тынысын сөзіне тиек, жырына азық еткен жер бауыр
387
ақын, екіншісі – дауылға қарсы өршіл кеудесін тосып, қанатын кеңге
сілтеген күрескер ақын.
Сөйтіп, Қарагөздің Қарауылдан ұзатылу тойы талай жараның бетін
тырнап, қанатты. Рухани жағынан Сырым жеңгенмен, тізелі қара күш
өз дегенін істеді. Қарагөз Наршаға кетті, Пьесадағы драмалық тартыс,
бір қарағанда, осымен байсал тапқандай көрінуі де мүмкін.
Аяусыз жаншыған сұмдық қыспақ Сырым мен Қарагөз бойындағы
бұ рын жете ашылмаған күресшілдік рухын бірте-бірте айқынырақ
жарыққа шы ға рады. Ұзатылар алдында Сырым тіліне көніп, қашып
кетуден қорыққан Қарагөз енді батыл ойға бел буған. Ақбала,
Дулаттардың сөздері арқылы драма тург қос қаһарманды сырттай
мінездейді. Қарагөз бен Сырымның соңғы кездесудегі диа логтары
көкіректі сыздатқан қайғы-мұңды, жүректі баураған жалын отты
дәл бейнелейтіндей ырғақты, үнді, әуезді. Тағатсыз үздіккен махаб-
бат иелерінің романтикалы поэзияға толы сөздері ақ өлең болып
ақтарылады.
Кешегі оң жақтағы қыз, біреудің бүгінгі келіні қараңғыны жа-
мылып, бөтен еркекпен құшақтасып тұр! Бөтен еркек алыс та емес,
алты атадан қосылатын ауылдасы! Сол уақыт ұғымымен, сол кезең
моралі көзімен қарағанда, бұл барып тұрған сұмдық, көз көріп, құлақ
естімеген сұмдық.
Шынында да, пьеса қаһармандары – Нарша, Мөржан, Жарылғап,
Жабай, Асандар Қарагөз бен Сырымның үстінен түскенде, керемет
ашуға мініп, теріге сыймас ызаға булығады. Бәрі де өз характерлеріне
лайық мінез танытып жатыр. Дымы құрып Нарша жылайды. Жабай
жүр байбалам салып. «Жүзіқара, жерге кір! Жүзің неге күймей тұр,
арсыз. Өлтір, өлтір екеуін де!» Бұл – Мөржан үні.
Екеуімен жүзбе-жүз кездескенде әлденеше рет сүрінген, соны
көкірегіне кек қылып жиған, жұрт өсегі намысын пышақтаған
Мөржан мынадай қылық үстінен түскен соң нені аяп қалсын, сабата-
ды Қарагөзді, соққыға жығады. Осыған дейін созылып келген тарты-
сты жауыздықтың қанды шоқпары шешеді.
«Мен... мен... өлтір мені... Тірі қойма! Мен... Бәрібір елім. Ал...
Құдай! Ал мені ақ өліміңмен!»
Бұл Қарагөздің тұщы етіне ащы соққы тиген кездегі жан даусы.
Керемет жан күйзелісі, кесілген өріс, тарылған тағдыр, аяқ астынан
айдай әлемге жария болған сыр, орындалмай қалған арман, «тапта-
урын болған намыс, күйген ар, дөрекі қолдың сорақы таяғы – бәрі
жиылып кеп қара бұлттай қаптап, зіл батпан салмақ болып, Қарагөз
басына құлады.
«Мен өлдім... Өзім де өлдім. Шуламаса да өлдім... Ә... Ә, не
388
боп қалды осы?.. Дулат неге ән салмай қойды? Сырым неге қанжар
ұстады?.. Мені өлтірді... Өлім... Өлім...»
Бұл да Қарагөздің үні. Бірақ бұрынғы ару, сұлу Қарагөздің үні емес
бұл.
Ғаламат азаптың алай-түлей дауылы есін тандырып жіберді.
Қарагөздің жынданып кетуі сахналық эффект үшін Шекспирдің Офе-
лиясына еліктеуден шыққан нәрсе емес. Қарагөздің есінен айыры-
луы – оның характерінің сұм заманның әдет-салтымен бітімсіздігінен
туған трагедиялық шешім. Қарагөз сезімдерінің жалыны мен дүлей
орта моралі арасындағы қайшылық қалай болғанда да күйреумен ты-
нары сөзсіз еді.
Әуезовтің адам психологиясының қат-қабат бұрылысты, иірім
ағынын ғажап терең білетініне осы көріністе тағы бір көзіңіз жетеді.
Қарагөз жүйке сінің әлсіреуі, ұйқысының ашылуы, жүрегінің әлсіреуі,
секем алғыш болуы өз аузынан да, басқа қаһармандар аузынан да
бұрын бірнеше рет айтылады. «Ә!.. Ә!» деген кезде естен ауысқаны
психиатрлық дәлдікпен берілген. Бұдан кейін келетін сөйлемдерде
көз алдында тұрған нәрселерді санамалап айту болғанмен, логикалық
байланыс жоқ, ақыл ауысудың әсері анық байқалады.
Үшінші акт соңындағы Сырым монологында асылынан айыры-
лып, жер сабалап қалған жанның қайнаған кегінің сыртқа бұрқырап
төгілуі бар, жауын әбден танып, күреске бекінген азаматтың жігері
бар. Бұл монологты қазақ драматургиясындағы трагедиялық қаһарман
сөздерінің ішіндегі классикалық үлгінің бірі деп танимыз.
Қарагөзді тағы сахнаға шығару арқылы драматург трагизмді
тереңдеткен. Аяулы, ардақты жанның бұрынғы күйі мен қазіргі күйі
арасындағы контраст көзге жас алдырады. Қарагөзді пұшайман хал-
ге жеткізген зұлымдыққа деген қарсылық сезімі әркімнің жүрегінде
атой береді. Төртінші актінің алтыншы суретіндегі ең басты бояу
– Қарагөздің өте аянышты жағдайы. Нарша, Асан, Тойсары, Текті
сөздері сол бояуды айқындап, ашып тұрған фон іспетті.
«Тоғайға бардым... Тағы барам ба? Тоғайды қуалап кете-кете ба-
рып... Азынаған көрге барам ба? (
Күліп.
) Тоғайда ән салады екен.
Жібек шапаны бар... Біресе жел боп кетеді, Тоғай болып кетеді... Жоқ-
жоқ... Шөп боп кете ме? Әлдене боп кетеді? Ұйқым кеп кетеді... Тоғай...
Жапырақ... Тоғай... (
Шошып.
) Ойбай... Пышақ...Кісен... Әже..>.
Есінен айырылған Қарагөздің сөзі. Зер сала қараған адам осы
шатасқан кез дегі сөздің өзінен бұрынғы Қарагөз мінезінің кейбір
қырын аңғарар еді. Үзік-үзік сурет. Үзік-үзік естелік. Ең жақсы сәттер
мен ең қорқынышты сәт тер. Ауысқандық сөздердің байланыспауынан,
сөйлемнің қиыспауынан, ұйқас қуып, сөз қуып кетуден, бірді айтып,
389
екіншіге көшуден білініп тұр. Қара гөз дің бұл сөзі де көкіректі сыз-
датып, жүректі шымырлатқандай ауыр әсер қал дырады. Аяушылық,
гуманизм сезімі жан сарайын күңірентеді. Қоса қайғырасың.
Қарагөздің соңғы демі Сырымды көріп, Сырым атын аузына алу-
мен үзіледі. Жауапсыз сүйіспеншілік отына күйген Нарша да көшеді
дүниеден. Зар илеп, жалғыз қалған Сырым.
Ақырғы суретте Әуезов Қарагөз аруағын сөйлетіп, символикалық
әдіс қолданды. Шығарманың негізгі идеясын, жалпы мұратын ашуда
бұл сурет атқарып тұрған қызмет үлкен. Қарагөз дүние салғанмен,
әділетсіздік жеңгенмен, қанаты енді беки бастаған Сырым күреседі.
Ол – жалынды сөз, өткір тіл, лапылдаған ақындық қуат иесі.
«Қарагөз» трагедиясы сан ырғақты ғаламат мол үн жа-
мырай табысып, дауыл дап барып, аяқталатын қаһармандық
симфонияның финалындағыдай әсер мен бітеді. Бұл шығарма – қазақ
драматургиясының інжу-маржанының бірі.
Режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған «Қарагөз» спектаклінде
Шахан Мусин (Сырым), Зәмзәгул Шәріпова (Қарагөз), Сәбира
Майқанова (Мөржан) ғажайып бейнелер жасады.
«Қарагөз» трагедиясы тұңғыш рет 1926 жылы жеке кітап болып
басылды. Кейін «Қараш-Қараш» жинағына (1960), он екі томдыққа,
жиырма томдыққа енді. Бірнеше тілге (орыс, корей) аударылды. Ұзақ
жылдар бойы ұлттық театр лар сахнасының тұрақты репертуарына ен-
ген бұл классикалық пьеса актер, режиссерлердің бірнеше буынының
шеберлік шыңдау мектебіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |