Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет37/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
1.
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру 
жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 
2.
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «Білім 
сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты 
халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32 б 
3.
Ж.С.Кошкинбаева. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижеге бағытталған 
білім беру негізі // «Білім айнасы» газеті. 2019.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТЫ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН 
ДАЙЫНДАУ 
Самурадова Алия Калабаевна 
О. Тұрмағанбетұлы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі 
 
Кәсіби құзіреттілік деп мұғалімнің жеке бас сапалары мен оның психологиялық – 
педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір 
арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті 
қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, 
тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, жаңа технологияны меңгеріп 
әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек.Ұстаз қоғам талабына сай өзін-
өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын ортамен, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, 
ұйымдастырушылық қабілеті мен адамгершілік қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан 
кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады.Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру жеке 
шығармашылық қабілетті дамытуды, инновациялық жаңа үрдістерді дұрыс қабылдауы, 
күнделікті өзгеріп жататын ортаға тез бейімделуді қажет етеді. Қазіргі әлеуметтік – 


80 
экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын 
және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. 
Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. 
Жоғары дәрежелі кәсіби құзіреттілік маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Өздігінше 
еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім 
берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын болашақ 
ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби 
құзіретті мұғалім мектепте тәрбие – білім беру процесінде шығармашыл тұлғаның 
қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол 
жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Білім беру 
жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы 
терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – 
әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, 
оқытушының құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана 
білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады. Кей зерттеушілер 
«біліктілік» ұғымын «құзіреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра 
отырып, «Құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған 
біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада 
жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және 
пайдалану т.б. іскерліктер жатады. 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, 
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл 
болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Әр ұстаз ХХІ-ғасыр мұғаліміне сай 
болуы үшін – ізденімпаз ғалым, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы 
білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болуы керек. 
Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, 
бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның 
өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең 
жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. 
Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың 
технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа 
технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, 
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі 
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, 
Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде 
қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның 
білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа 
оқыту технологиялары: дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық 
бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, 
өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда 
дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы-мұғалім. 
Қазіргі бәсекеге қабілеттілік – педагогикалық қызмет мұғалімдерінен мынаны талап 
етеді: 
1. Оқудың жеке тұлғасын дамытудағы басымдылық және еркін бағдарлауға тәрбиелеу; 
2. Шығармашылық процестерді басқара алуы; 
3. Ғылым жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын компьютерлік оқыту өнерін терең 
меңгерген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны тәрбиелеп шығару; 
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық 
технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» 
технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың « 


81 
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары 
арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б. 
Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі-студенттерді өзін-өзі 
басқаруға үйрету. Студент санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және студенттің қабілет 
деңгейлерін дамытуда осы технологияның маңызы ерекше екендігі мәлім. Олай дейтінім, жаңа 
технология әдістері студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс 
істеуге, қорытындылар жасауға,жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені,модульдік оқыту 
технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, жұптық, 
пікірталастар, диспуттар) қолдануға мол мүмкіндіктер бар. 
Модульдік оқытудың құрылымы: 
1.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі 
2.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі 
3.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі 
Оқу үрдісін басқару сабақ үстінде оқытушы мен студент, студент пен студент арасында 
өзара белсенді қарым-қатынастың жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Ол мынадай 
артықшылықтарымен ерекшеленеді: студенттерге оқытушы алдын ала дайындалған сабақтың 
жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. 
Сондықтан студент өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі 
жөнінде мағлұмат алады.Ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда студент өз 
пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателегін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын 
көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады. Әр студенттің 
білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады. 
Осы модульдің тиімділігі– оқытушы мен студенттердің құзыреттілігінің өсуіне 
әкеледі.Модульдік технология жаңа және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді сабақтастырып 
қолдануымен қызықты әрі тиімді. 
Мысалы, топты негізінен 6 студенттен шағын топтарға бөлу арқылы олардың өзара 
белсенді әрекеттенуіне ықпал жасаймын. Сөйлесу бөлімінде тыңдау, жазу, көру, айту 
мүмкіндіктері ескерілген. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде келесі белсенді формаларды 
қолданамын: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг» ,"Ойлан да тап" оқыта үйрену ойындары, сауалнама 
"Бос қалған сөздерді толтырыңыз" және пікірталастық, рөлдік оқыта үйрету ойындары, жеке-
топтық жұмыс формасын, өзара оқыту, оқыта үйрену ойындарын қолданамын.
Әсіресе, оқыту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолданамын. 
Себебі, топтық жұмыс студент пен студент, студент пен мұғалім араларындағы білім алу, білім 
беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Студенттердің топтық жұмыс жүргізу 
алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтаймын, тексеру 
мен бағалаудың әдідік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы 
арқылы студенттің белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу. 
Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған 
оқыту әдіс- тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін 
таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі 
шығармашылықпен қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса 
назар аударғым келеді. Әр оқытушы сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін 
іздеуге әрекет жасау керек. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, 
ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну 
қажет. Оқытушы күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ- 
оқытушының өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда білім алушыны 
жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз. 
Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің 
тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, 
оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл 
болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика 


82 
саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп 
отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген 
мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады 
дегенді білдіреді. Бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі 
шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың 
жалғыз өлшемі бар, ол – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы 
халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – 
қоғам мен оқытушы. Сондықтан да жаңа заман форматындағы құзыретті тұлғаны тәрбиелеу 
оқытушы міндеті деп есептеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет