83
Креактивтілік әрбір студентке өз міндеттерін жүзеге асыруда әр түрлі әдіс - тәсілдерді
ойлап табуды білдіреді. Әрбір ойлап табылған әдіс , тәсіл – оларға өз жұмысында икемділігін
арттырады, шеберлікке баулиды.
Креактивтілік мамандықтың барлық түрінде қажет құбылыс. Жай ғана ас пісірушінің
өзі де нәтижеге қол жеткізу үшін, еңбегі жемісті болу үшін шығармашылықпен еңбек етеді.
Мейірбикелерге де шығармашылық қабілеттілік ауадай қажет. Креактивтілік – әр
студенттің
ойлаудан, сезімдерден, науқастармен қарым-қатынастық әрекеттерден, емдеу
әрекеттерінің түрлерін қолдану сәтінде шығармашылық мүмкіндіктері.
Әлемдік білім беру үлгісіндегі жастарға креактивтілік қабілеттің төрт бөлімін таңдап
алып, колледж студенттеріне жаңа технология әдіс тәсілдеріне үндестіріп сабақ процессінде
үйретемін:
1.
Студенттің дүниетанымдық қасиеттерін дамыту: өз болашағына және өзі таңдаған
мамандыққа деген сенімін, дұрыс таңдау жасағанына көз
жеткізуін, өзінің армандарына жетуге
құлшынысын, этикалық, эстетикалық сезімдерінің белсенділігі, өзіндік пікірін айтуға сай
екендігі:
2.
Зияткерлік қасиеттеріне тәрбиелеу: Адам тағдырына байланысты қырағылық, ем-дом
істерінде бейімділік, байқағыштық, жұмыста науқастарға көтеріңкі көңіл күй
сыйлай білу,
жазылып келесіз, деген сенімділік сезімін сыйлау және жігерлілік, кездесетін қиын сәттерде –
батылдылық.
3.
Асқақ адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу: Болашақ мейірбикелердің науқастарға
деген көзқарастарына адалдық, сыйластық, құрмет, еңбек сүйгіштік, төзімділік.
4.
Еріктік қасиеттер: мақсатқа талпынушылық, табандылық, науқастың әр қилы
кезеңінде де
батылдық, өзін – өзі танытуға талпыныс, ұстамдылық, жүректілік, қайраттылық,
сенімділік.
Әсіресе, осы еріктік қасиеттері болашақ мейірбикелерге әр күн сайын қажет құбылыс.
Өмірде кездесіп жататын жол апаттары, кісі қолынан ауыр халде жарақаттанған науқастарға
ем-дом көмегін берерде «қан - жоса» болып жатқан науқасқа ем қолданғанда: қырағылық,
төзімділік, батылдық өте қажет құбылыс.
Өзім 2016 жылы Алматы қаласында осы оқытудың жаңа технологиялық әдістерінің
бірі «креактивтілік қасиеттердің кәсіби мамандарға - қажеттілігі»
деген тақырыпта өз
білімімді көтеру курсында білім алғаным қазіргі таңда әр сабағымда өз нәтижесін беруде.
Креактивтілік – тұлғаның кәсіби және әлеуметтік бәсекеге қабілеттілігінің негізгі
түрткі беретін, ықпал ететін бағытқа негізделген тәрбие мен білім әдіс тәсілдерінің
негіздерінің бірі.
Себебі, біз мейірбикелерге тек кәсіби білім негіздерін, теориясын ғана үйретіп қоймай,
оны өмірде қолдануын да, тәлім – тәрбиесімен қоса үйретеміз.
Достарыңызбен бөлісу: