93
Орынғазы Әбутәліп
Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар дегеніміз – жеке
тұлға мен жеке тұлғаның, заңды тұлға мен заңды тұлғаның немесе жеке
тұлға мен заңды тұлғаның араларындағы ресми қатынасты реттейтін
ісқағаздар түрі.
13-cабақ
ҚОЛХАТ
Анықтамасы:
Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша)
алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып
беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.
Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша
пайдалану жағдайында
рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі
қолданылады.
Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден
немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не
бергендігін растайтын жазба құжат.
Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәлер
қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.
Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.
õ
Ерекшелігі:
1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.
2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтын-
дығы.
3) Мөр басылмайтындығы.
6
Құрылымы:
•
құжаттың атауы;
•
қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе
жұмыс орны);
•
қолхат
алушының аты-жөні;
•
алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазба-
ша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);
•
қайтарылатын нақты уақыты;
•
қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;
•
қолхат жазылған күні, айы, жылы;
•
қолхат
берушінің қолы;
•
куәлердің қолы (кейбір жағдайда).