137
Орынғазы Әбутәліп
Мысалы:
– жұмысшы өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
– келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті
сақтауға;
– техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
– мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
– ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті.
10. Жұмыс беруші міндеттері:
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз
ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен
қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай-
тылады. Мысалы:
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне
сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы
Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: