МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ
НАСЛЕДИИ
107
Қазіргі уақытта ойлау мен сөйлеудің байланысы ғылымда бірінші орынға шыққандықтан когни-
тивтік лингвистикаға көп көңіл бөлінуде. Лингвистика саласында сөйлеу етістіктерінің тілдік
қызметі толық зерттелді деп айту қиын. Сөйлеу етістіктерін жан-жақты талдау сөйлеудің
психологиялық, әлеуметтік
және
коммуникативтік
қызметін түсінуде белгілі үлес қосады.
Сөйлеу етістігінің экспрессивті-эмоционалы мәні қазіргі уақытта жеткіліксіз зерттелген, бұл
мәселе бойынша ғылыми ортада консенсус жоқ. Бұрын ресми
дискурстағы экспрессивтілік
құралдарын сипаттауға іргелі әрекеттер жасалмады. Соның ішінде бағалауыштық компоненттер
туралы еңбектер мүлдем аз. Коннотация ұғымы қазіргі күнде әр түрлі қарастылып келеді.
Жалпы коннотативті бағалауыштық компоненттерге тоқталмас бұрын оның негізі, өзегі қайда
жатқанына үңілу қажет деп ойлаймыз.
Әртүрлі сезім мүшелерімен (көру, есту, дәм сезу және басқа да ақпарат түрлері) қабыл-
данатын қоршаған әлем туралы ақпарат лексемаларда бекітіледі: адам айналадағы шындықты
тілде үлгілейді. Сонымен бірге ол
шындықты көшіріп қана қоймайды, оны бағалайды, өзі
арқылы өткізеді. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан дүниенің тілдік суреті жеке халықтың
материалдық және рухани тәжірибесін бейнелейді, сондықтан бір-біріне ұқсамайтын тілдер көп.
Достарыңызбен бөлісу: