Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет91/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Әлеуметтік педагогика. 2016ж. Тұрдалиева А.Ш. 
2.
«Әлеуметтік ұстазға арналған нұсқаулық». Заман-білімдінікі. bilimtime.kz
Туймебекова А.А.,
 
 аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,
Тараз, Қазақстан 
ЖАЗУШЫНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ 
 
Адамзаттың өмір сүру үрдісінде әр ұлттың өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне байланысты 
құндылықтары да яғни қастерлейтін, өзінің ұлт ретінде қалыптасуына септігін тигізген мұрасы 
деуге болады. Мәдениет те осы рухани құндылықтардан келіп шығады. Рухани құндылық әрине 
материалдық құндылықтармен селбесіп жүреді.Қазіргі заманда рухани құндылықтардан гөрі 
материалдық құндылықтарға ұмтылушылық байқалады.Әрине, заман талабы ма, әлде өмір 
талабы ма, қажеттілік пе, адамдар бірінен- бірі асып, материалдық дүниеге қызығушылық 
танытуда деп жүрміз.Әйтсе де ұлттың ұлт екендігін танытатын тілі, әдебиеті, мәдениеті, діні, 
жері мәселесі ұмытылмақ емес. Қоғам талабына сай адамдар күнделікті қызметінде осы 
мәселелермен ұштасады. Саналы түрде айналадағы дүниеден адамдардың сенімін, қайы-
рымдылығын, үмітін, үйлесімділігін байқаймыз. Мәдениетаралық қарым-қатынастан да осы 
үйлесімділік пен ерекшелікті байқаймыз. Мысалы, қазақ десе, ең алдымен оның спортшылары, 
әншісі, еске түседі.Содан кейін барып ұлттық тағамы еске түседі.Қазақты, оның рухани 
құндылықтарын көрсететін көркем шығармаларымыз, өз алдына бір төбе.Біздің бала кезімізде, 
әке-шешеміз күні бойы ауыр жұмыстан соң, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарын оқып, көркем 
шығармалармен танысатын.Оның бөлімдері әр номерде шығатын.Сонда қарапайым еңбек 
адамына да рухани мұра қажет болғандығын байқаймыз.Адам шындығында, робот емес.Ол да 
нәзік жүрегі бар, көкірегінде сенімі, жүрегінде иманы бар адам. Іштей көркем әдебиет 
кейіпкерлеріне ынталанып, ал кейбірінен жиіркеніп отыратын.Осының өзі адамды әдеби 
құндылықтар тәрбиелейтіні көруге болады. Бұл адамның қажеттілігі.Тек тамаққа ғана емес
рухани дүниеге деген де. Сонда бұқараны өзіне елітетін құндылық қандай болуы керек.Яғни 
адам бойындағы жақсы қасиеттермен теріс пиғылдылардың күресі, шығарманың өн бойы тұнып 
тұрған жақсылық пен жамандық, жауыздық пен адамгершілік атты ұғымдар. Жазушылар осы 
бір кішкене әлемде адам-табиғат-қоғам бірлестігін құрып, ұрпақтар алдында мәні мен мазмұнын 
жоғалтпайтын дүние жасап бергендігін көреміз. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» деп айтып 
кеткен Абай атамыз, мейірімділік пен адамгершілік болған жерде қатігездік болуы мүмкін емес 
дегенді айтатын сияқты. Адамзаттың пайда болуынан бері ұлттық дәстүр мен үрдістер 
ұмытылмай халықтың мәдениеті, дәстүрі, салт-санасы ұмытылмай келед.Ж.Баласағұннан 
басталған ар ілімі сол кезеңнің өзінде Батыс билеушілерін де қызықтырғаны мәлім.Мемлекетті, 
әлемді басқару үшін ар ілімінен аттамау керектігі ескертілген болатын.Адамдар бір-біріне 
қайырымды, адамгершілікпен қараса, көмектессе, жауыздық болуы мүмкін емес деген еді. 
Әйтсе де, өмір қатал, екі жақты кереғар күрестен тұрады. Оны көркем әдебиеттен таныдық. 
Көркем әдебиет- өмір шындығы, әлем көрінісі. Жазушы өмірде не өтті басынан сол мәселені 
құрастырып жазады, арқау етеді. Мысал ретінде заманымыздың зыңғар жазушысы- М.Әуезов 
туралы айтсақ. М.Әуезов – қазақ әдебиетінің әдеби-теориялық жағынан қалыптасып, көркемдік 
деңгейде ілгері басуына үлкен үлес қосты.Қазақ әдебиетіндегі психологизм туралы көптеген 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
104 
зерттеушілер зерттеді. Психологизм зерттеусіз-ақ шығарманың өн бойында өріліп жататын-
дығына куә болып отырмыз. 
М.Әуезов дүниетанымы қыры мен сыры көп аса ұқыптылықпен оқитын шығарма. Автор-
дың қай көркемдік талапқа сай шығармасы болмасын, әдебиет пен өнердің әсемдігін, жауһарын 
сүзіп алады.Ол жазушының көркемдік эстетикалық дүниетанымының бай екендігімен түсінді-
ріледі.Абай жерінен, Абай туған топырақтың құнарынан нәр алған Мұхтар қайнаған өмірдің қай 
саласы болмасын, үлкен ізденімпаздық көрсеткен. Жалпы табиғатында зерек, ұлт дәстүрі мен 
салтын, қазақ қоғамының қыры мен сырын зерттеген жазушы өз шығармаларында адам және 
оның болмысы терең тоқтаған. Адамның психологиялық жай-күйі, сезімі де тыс қалмаған. 
Сондай-ақ көркем шығарманы жазуда өз дүниетанымына сай тақырыптарды қозғайды.
М.Әуезовтің өзінің шығармашылық өмірі өлеңнен басталды.Оның себебі Әуез атасының 
Абайдың өлеңдерін жаттатуы еді. Қоғамның қым-қиғаш мәселесін көріп, бұл дүниеден өзін 
жалғыз сезінген Абайдың жанының құлазуын түйсінген Мұхтар да осы сарынмен «қалың елін, 
қазағын» ешуақытта ұмытпады. Шығармашылық дүниетанымның күрделілігі сондай адамды 
қырға да, өрге де сүйрейді. Жазушының қиялы мен таланты астасып болашақ туындыларға 
табалдырық болды. Көрнекті ғалым Рымғали Нұрғали: «…Жаратылысында бойкүйез Флобер 
«Санамбоны» жазу үшін ми қайнатар ыстықта Африкаға барады екен. Тау-тау кітап оқиды екен. 
Әуезов те, Шыңғыстауда туған Әуезов ұлы ақын тақырыбына кірісу үшін табандатқан 20 жыл 
бойы материал жинаған екен, сөз біледі-ау деген адамдармен айлап сөйлеседі екен. Содан барып 
қана 15 жыл бойы табан аудармай отырып, шығарма жазады екен»,-дейді бір естелігінде [17].
Мұқаңды әдеби ортаға бейімдеген туған ортасы, ұстаздары мен туған топырағынан түлеп 
ұшқан Абай сияқты ақындар.Жазушы дүниетанымындағы мемуарлық сипаттағы шығармалар 
болсын, көркем әдеби шығармалар болсын, барлығы үлкен жауапкершілікті талап етеді.Көркем 
әдебиеттегі психологизм-әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.Қазақ әдебиеттану 
ғылымында бұл бағытта бірқатар жұмыстар жасалды.Соның ішінде романдардағы көркемдік 
психологизмге арналған біршама зерттеулер бар.Шағын жанрдағы көркем проза әлі өз 
зерттеушілерін күтуде.Адам психологиясын көрсету қаламгерден үлкен шеберлікті қажет 
етеді.Халқымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов әдебиетіміздің олқы түсіп жатқан тұстарына 
төмендегідей баға берген: «Заманымыздың ой-сезім әлемін шамалы-ақ күйде таныту біздің көп 
роман, драма, ұзақ әңгіме, қысқа әңгіме атаулымыздың бәріне ортақ әлсіздігіміз» [1, 409 б].
Одан бері көп уақыт өтті. Бұл екі арада прозаиктердің көпшілігі психологизмге бет алды. 
Психологизмнің өркен жаюы прозадағы адам концепциясын да әлдеқайда тереңдете түсті. Адам 
– табиғат сыйы ғана емес. Адам – ішкі сезім-толғанысы бар, өмірдің ыстығына күйіп, суығына 
тоңа білетін ақыл-ой иесі. Прозадағы адам образы бір кездегі кейіпкердің іс-әрекетінің 
нәтижесін көсетіп қана қоймай, характер, мінез-құлық арқылы кескінделетін болды. Қазақ 
әдебиетінде адамның жан-дүниесіне терең үңіліп, оның ішкі сезім қалатарыстарын ақтарыс-
тыратын, яғни психологиясын көрсету кез келген көркем шығарманың ажырамас қасиеті болуы 
керек.Мұндай шығармаларда оқиғалар бірсыдырғы кете бермей, психологиялық тартыстар 
бірінші тұрады.Психологиялық тартыс арқылы кейіпкердің ішкі тебіренісі беріліп, жан сыры 
ашылып, адамның характері дамиды.Көркем шығарманың көркемдік эстетикалық талаптарына 
жауап беретін көркем шығарманының ең бір күрделі саласы-психологизм болып табылады. 
Психология ғылым ретінде өзінің объектісі етіп адамды алса, сөз өнеріндегі психологизм адам 
өмірін әдеби көркемдік тұрғыдан түсіндіретін маңызды құрал болып табылады. Психологизмнің 
көркем сөз өнерінде дамыған тұсы Л.Толстой мен М.Ф.Достоевскийден басталды. Адам 
бойындағы «жан диалектикасын» көркем түрде көрсетті. 
Көркемдіктің эстетикалық қырының сыртымен жүрмей, жанап өтуінің өзі үлкен ерлік. 
Әуезов тумысынан талантты, терең ойшыл, биік интеллектуал жазушы. 20 жылдардағы 
әңгімелерінде Абайда басталған сыншыл реализмді жалғастырды. Атап айтқанда, «Қорғансыз-
дың күні», «Оқыған азамат» әңгімелерінде кейіпкерлері сол дәуірде өмір сүрген қазақ 
интеллигенттері мен елдегі атқамінерлер. Олардан осындай іс-әрекеттер көрсек, онда басқа-
лардан не күтуге болады? деген сұрауды қояды. Кейіпкерлерінің сипаты, ХХ ғ. басындағы 
типтік бейнелер. Жемтік аңдыған қорқаудай Ақан мен Қалтай. Зорлықшыл адам образдары. 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
105 
Қолында күш болса болды, қалған жұрттың тиянақсыз халі, жағдайы оларға әсер етпейді. 
Көзінен айырылып су қараңғы болып отырған әйел мен, қауқарсыз кемпірдің селбесіп өмір сүріп 
отырғаны, келер күннен үміті он үш жасар Ғазиза еді. Ертеңгі күннен үміті- соңғы шамшырағы 
Ғазизаның өмірін құртуы, трагедиямен аяқталуының өзі, көркемдік эстетиканың арттырар 
жүгінің ауырлығын, қазақ әдебиетінде тың тақырыптарды әкелу болып отыр. Қазақ әдебиетін-
дегі бұндай зәбір, зорлық көру ащщы сыналады. «Оқыған азаматта» ел билер, ел ертеңі, бетке 
ұстар азаматтар биреудің малы мен жанына көз сүзіп, өмір мен өлім арасында жатқан досының 
әйеліне көз салып, алып тынады. Міне, біздің оқыған азаматтың бейнесі. 
Келесі бір шығармасы «Көксерек» хикаясы. Адам. Табиғат. Арасындағы катынасты 
зерттеп, «Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды дәлелдей түседі. 
Табиғат өз тіршілігін жасауы керек, кімде-кім тепе-теңдікті бұзса, сол адамның тағдыры 
трагедиялық халге ұшырайды. Кімде-кім табиғаттың заңына қарсы шықса, бұзса, теп-теңдік 
бұзылатынын айтады. Өмірдің ащы талабы болса да, жазушы шынайылығынан айырылмай, 
көркемдік ізденіске деген талаптан айнымады. 
Өмірдің шынайы келбетіне терең үңілу, ащы шындықты айтудың қиындығы күнделікті 
идеологияның қалыптасқан қағидасына айналған тұста замана талабы қаншалықты тосқауыл 
койғанымен, М.Әуезов шындықты баса айта алмаса да тұспалдап жеткізді, онысымен де 
ұлтының ақыл-ойының кемелденуіне ықпал еткені айқын. 
Қазақ әдебиетінің тарихына Мұхтар Әуезов сіңірген еңбек өлшеусіз, оның ішінде ерекше 
оқшауырақ тұрғаны – прозалық шығармалары. Т.Ахтановтың: «Әуезов қазақ прозасын ересек, 
кексе әдебиет дәрежесінде бастағанмен, жаңа оянған жас халықтың рухани балғын қасиетін 
көтеріңкі романтизм мен таңғы шықтай мөлдір лирикасын, керек десеңіз, шығыстың асқақ сөз 
бен нақышты суретке құмарлығын бір бойына түгел сыйғыздың деуінің негізі оның қазақтың 
шын профессионал прозасының дүниеге әкелуінде жатса керек». 
Қорыта айтқанда, М.Әуезов ХХ ғасыр басындағы әңгімелерінің жанрлық және тақырыптық 
мазмұн даралығы қазақ прозасын жаңа сапаға көтерді. Жазушының әңгімелеріндегі төгілген тіл, 
бояулы сурет сол заманның көркемдік шындығын көз алдымызға әкеледі. Шығармаларымен 
Әуезов заманының рухани тынысын жеткізді, әлеуметтік мәселелерді көркемдік тұрғыдан 
зерттеп, қоғам өмірінің басты буындарына қорытынды жасап, бағалап, өткенін таразылап, 
болашаққа багдар беріп, заман шындығын реалистік тұрғыдан жазды. Жазушы өмір 
шындығының нағыз қайшылықтарын сол қалпында бейнелеуге тырысты, көлекелі жақтарын 
әшкерелеп, жаңғыртып, жаңартуға негіздеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет