Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет102/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Сагимова А.С., 
МТжШТ кафедрасының лекторы,
Алматы технологиялық университеті, 
Алматы, Қазақстан 
 
Серикбаева Г.Ж., 
МТжШТ кафедрасының сениор-лекторы,
педагогика ғылымдарының кандидаты, 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Түйіндеме. 
Бұл мақалада Қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігі 
қарастырылған; сөз сөйлеуге даярлық, сөйлеу және әңгіме өткізу сияқты т.б. әрекеттерге қатысты тілдік 
қызметтің ерекше түрін меңгертудің. өзіндік ерекшеліктерін саралай отырып білім алушыларды шешендік сөз 
өнерімен таныстыру арқылы, функционалдық- интенциялық принципке сәйкес үлгілер бойынша сөйлем 
құрастыру дағдыларын дамыта отырып оларға мәдени, әдеби көркем сөз өнері құзіреттілігін қалыптастырудың 
жолдары баяндалған. Сондай – ақ Диалог ретінде берілген шешендік сөздерден үлгі түрінде қолданып, сөйлеу 
тексімен жұмыс істеу жүйесін ұсынылған. 
Кілт сөздер.
Жеке тұлға, Шешендік өнер Сөз өнері, Әдеби тіл Дүниетанымын кеңейту, Тіл мәдениеті, 
Дұрыс ой қорытындысы 
Аннотация.
В данной статье рассматривается важность и необходимость обучения искусству говорения 
на уроках казахского языка. Описаны способы развития у них культурно-литературно-художественной 
выразительной компетенции при одновременном развитии навыков составления предложений по образцам. 
 
Abstract.
This article discusses the importance and necessity of teaching the art of speaking in the lessons of the 
Kazakh language. The ways of developing their cultural-literary-artistic expressive competence with the simultaneous 
development of skills in making sentences according to samples are described. 
Бүгінгі таңда негізгі талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін 
еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін 
көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып 
тәрбиелеу.
Қазақ халқының тіршілігі мен тұрмысында сөз өнері, яғни өнер дәрежесіне жеткен көркем 
сөз ауадай қажет болып, оның бүкіл тағдыры мен тарихында шешуші рөл атқарды. Қазақта 
«Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» деген әріден келе жатқан сөз бар. Екі ауыз ұтымды, ұтқыр, 
уытты сөз айтылмаған жағдайда даулы екі рулы елдің атысып, шабысып, тоз-тоз болып кеткен 
жағдайлары тарихтан белгілі. Сондықтан сөз өнерін дамытуға, сөздің күші мен құдыретін , оның 
қоғамдық әсер, ықпалын арттыруға бүкіл халық болып арғы заманнан бері ат салысты, тілді 
осындай дәрежеге жеткізуді өмірдің өзекті мәселелер қатарына қойды. Қазақта көне заманның 
өзінде жетелі сөзге табыну мен бағынудың басым болғаны соның дәлелі. Шешен сөз дегеніміз 
– тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, 
сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай 
қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен немесе өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей көз 
алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терің мағыналы 
түйінді сөз [1]. 
Шешендік өнер – сөз сөйлеуге даярлық, сөйлеу және әңгіме өткізу сияқты т.б. әрекеттерге 
қатысты тілдік қызметтің ерекше түрі. Шешендік сөз өнерімен таныстыру арқылы, функцио-
налдық-интенциялық принципке сәйкес үлгілер бойынша сөйлем құрастыру дағдыларын да-
мыту. Диалог ретінде берілген шешендік сөздерден үлгі түрінде қолданып, сөйлеу тексімен 
жұмыс істеу жүйесін ұсыну. Сөйлегенде шешендік сөз өнерімен таныстыру барысында меңгер-
ген функционалдық үлгілерді әр түрлі жағдайларда қолдануды үйрету. 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
115 
Зерттеуші Б. Адамбаев қазақтың шешендік сөздерін формасы мен мазмұнына қарай, 
стильдік құрылысына қарай естірту, көңіл айту тәрізді қаратпа шешендік сөздер, үлгі-өнеге, 
нақыл сөздер, шешендік айтыстар деп бөліп қарап, шешендік сөздердің аясын біршама кеңейтті. 
Осы орайда Рабиға Сыздықованың «Әдеби тілдің ауызша түрі»деп аталатын кітабынан үзінді 
келтірейік. Автор: «...Ал шындығында өте ерте замандардан бері өмір сүріп, біздің дәуірімізге 
шейін жетіп, бүгінгі мәдени-рухани өмірімізден орын алып келе жатқан шешен сөйлеу дәстүрі 
бар. Және ауызша сөйлеудің аясы ұлғайған сайын шешен сөйлеудің қажеттілігі арта түсіп отыр. 
Біздің қазіргі қоғамымызда шешендік өнердің көрінетін жерлері әлдеқайда кеңіді: ол саяси-
әлеуметтің өміріміздің барлық саласында идеологиялық күрестің, тәрбие мен оқу-ағартудың, 
заң мен ғылымның, қоғамды басқарудың ең пәрменді құралына айналды. Сонымен қатар 
шешендік – ауызша жүргізетін үгіт-насихат жұмыстарының бірден-бір құралы. Жиналыс, 
конференция, съезд, симпозиум, семинар, диспуттарда да шешендік өнер өте-мөте қажет. Ал 
шешендік өнер тіл мәдениетін көтеретін шарттардың бірінен саналады» деген [2]. 
Шешендік өнер қай жерде сөзге еркіндік, бостандық болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам 
құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Шешендік өнердің шығуы белгілі бір 
қоғамдық жағдайлармен, халықтың бас қосуымен байланысты болады. Елдің тағдыры сөз 
болатын, соғыс, бітім сияқты маңызды мәселелер қозғалатын хан кеңестері, қазіргі парламент, 
сот залдары саңлақ шешендер мен саяси қайраткерлерді қалыптастыратын орындар. 
Н.Г.Потаниннің «Қазақ даласы ән салып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар 
қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен сөйлей біледі» деген сөзінен 
шешендік өнердің жалпы сипат алғанын білуге болады [3]. 
Шешендік сөздің негізгі белгілері – Ахмет Байтұрсынов айтқан баяндау, сипаттау, анық 
түсіндіріп беру; сөзі қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып 
билеп алып кету. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік 
өнерді сөз өнеріне жатқызып, оны теориялық жағынан дәлелдеп береді. Ол өнердің түрлі-түрлі 
болатынын, солардың ішінде сөз өнерінің ең алдыңғысы екенін «Өнер алды – қызыл тіл» деген 
мақалымен растады. Ахмет Байтұрсынұлы – шешендік өнердің қыр-сырына терең үңіліп, 
көркемдік ерекшелігіне жан-жақты түсінік бере алған ғалым. «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. 
Өзге үшін айтады. Сондықтан да ол ойын өзгелер қиналмай түсінетіндей қылып айту керек. 
Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни өз сөзінің мағынасын жақсы 
біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. 
Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан әрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін 
оқып, өзі іс жүзінде я ауызша айтып, я жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін 
білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп – айтатын ойға 
сәйкес келетін сөздерді сөйлем ішінде орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз... Сөздің 
келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл қисыны деп айтылады», – деп, оны ғылым 
ретінде қалыптастырады. (28,148-177б) [4]. 
Шешендік өнерді әдеби тұрғыда қарастырған ғалым Б. Адамбаев шешендік өнерге үлес 
қосқандар Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, Ы. Алтынсарин, А. Васильев, Ә. Диваев, М. Көпеев,
М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ә. Мәметовалар деп көрсетеді. 
«Шешендік өнер» деген терминнің өзі латын тілінен алынып,, «әдемі, сенімді сөйлей білу 
қабілеті» деген мағынада жұмсалады. Әдемі, сенімді сөйлейтін адам сөзді таңдап, бейнелегіш, 
суреттегіш құралдарды шебер қолданады. 
Шешен сөйлеу қоғамда өте қажет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері шешендік өнердің 
қажеттілігі артты. Тәуелсіздік өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіз-
дікті, тіл тәуелсіздігін ала келді.
Еліміздің Конституциясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қабылдануына байла-
нысты республикадағы телеарналар мен радиохабарлардың тең жартысы қазақ тілінде дайын-
далып, қазақ баспасөзінің тілі өткірленіп, шешен сөйлеу талабы күшейіп келеді. 
Халықтың тұрмыс-тіршілігінде сөз өнері маңызды рөл атқарады. Өмірдің қай саласында 
болмасын істі байыбына жеткізіп түсіндіру, көпшілік алдына шығып сөйлеу таланты, адамдар-
ды көздеген іске жұмылдыру қабілеті сөз өнері арқылы жүзеге асырылады. 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
116 
Енді шешен сөйлеуде есте ұстауға тиісті қағидаларға тоқталайық. 
«Дұрыс ой қорытындысы – өзіңе-өзің қарсы шықпағанда туындайды» дейді Аристотель. 
Сөйлегенде өз көзқарасын жүйелі қорғап, дәлелдеп сөйлеу керек. Сөйлеуге дайындық – 
психологиялық дайындықтан басталады. Шешен сөйлеуге жеткілікті түрде дайындалса, өзінің 
қорқыныш сезімін сейілтеді, өзіне сенімді болады. Сөйлеуге дайындық – өте жауапты іс. Айтар 
сөзін жаңа біліммен толықтырып, ғылым мен техника салаларында мағлұматтар жинау, радио-
теледидар ақпараттарымен таныс болу, көркем әдебиеттер мен сол сала бойынша ғылыми 
әдебиеттермен танысу маңызды. Жаңа біліммен үздіксіз таныс болу сөйлеушіні табысқа 
жеткізеді. Күнделікті дайындық шешенді шығармашылыққа жетелеп, ауызша да, жазбаша да 
сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. Іскерлер мен білімді топ арасында туындаған мәселелерді 
талқылауға қатысу, семинарлар мен айтыстарда, практикалық сабақтарда жиі-жиі сөйлеу 
мәдениетті қалыптастырады. Сөз шебері әр уақытта дәлелді әрі сендіре сөйлегені дұрыс. 
Сөйлегенде сөйлеушінің шешендігі, сенімді дауысы, айбынды түрі үлкен рөл атқарады. Сөз 
ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп 
айтады. Мексика халықтарында «сөйлегенде сабыр сақтаған дұрыс, асықпа, аптықпа, 
қызбаланба, даусыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын» десе, көне заманғы мәдениет 
ошақтарының бірі – Шумерлердің тас табақтарында былай деп жазылған екен: «... аузыңа абай 
бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің» деген. 
Қазақ халқы «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деп бекер айтпаған. Сөзі дәлелді 
болу үшін ойын дәлелді жеткізуде мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Сөйлегенде адамның 
сөзінің логикалылығының сақталмауы, сөз және сөз тіркестерінің дұрыс айтылмауы, қаратпа, 
қыстырма сөздердің, түсініксіз сөздердің көп болуы тыңдаушыны жалықтырып жібереді. 
Сөйлеуші өзінің таңдаған тақырыбына орай жоспар құрып, нақты мақсат қою керек. Сөйлеуші 
сөз басында неғұрлым тыңдарманды қызықтыра алса, соғұрлым табысқа жетеді. Әдетте 
тыңдаушының есінде шешен сөзінің басы мен аяғы көбірек есте қалатынын ескеру керек. 
Сондықтан сөз басын өлең шумағымен немесе мақал-мәтелдермен, тіпті тыңдаушыны 
ойландыратын мысалдар келтіріп, «сіздер қалай ойлайсыздар?» деген сұрақтың жауабын бірге 
тауып, оларды ойландыратын мысалдар арқылы сөзді әрі қарай жалғастыру да аудиторияның 
жаулап алудың бір жолы. Сөйлеушінің соңғы сөзі әсерлі болуы керек: тыңдаушыларды белсенді 
әрекетке шақырып,тиімді іске жұмылдыру қажет. Қорытынды сөз тыңдаушылырын рухтан-
дыру, жігерлендіру мақсатымен ұран түрінде де айтылады.
Шешен сөйлеуге жаңадан дағдыланып жүрген кезде жазбаша дайындық жасаған жөн, 
себебі жазбаша дайындық кезінде ойды ретке келтіруге болады. Басы артық сөз айтпауға, ойды 
қайталамауға мүмкіндік береді.
Сөйлеудегі басты талап – шешеннің өзіне деген сенімділігі. Сенімділік сөйлеуге жақсы 
дайындалғанда, көпшілікке пайдалы материалдарды жинақтағанда, маңызды нәрселерді айтуға 
көзі жеткен кезде қалыптасады. 
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз білімін көтеруден басталады: маңызды әңгімелер мен 
сөйлесулерге қатысу, өзіне ұнаған тұшымды ойларды жазып жүру, шешендердің сөйлеу 
үрдісіндегі тәсілдері мен шебер сөйлеуіне көңіл аудару, аудиториямен қарым-қатынасты дұрыс 
ұстау, көпшілік алдында сөйлеу әдістерін меңгеру. Көпшілік алдына шығарда сөйленетін сөзінің 
тақырыбын, мақсатын айқындап алып, оның кіріспесін, негізгі бөлімін, қорытындысын түзу 
шешенді табысқа жеткізетін талаптар [5]. 
Дәлелдерді орнымен пайдалана алған, деректі оқиғаны нанымды стильде суреттеп, 
тыңдаушыларды әр түрлі эмоцияға түсіре алған шешен ғана аудиторияны іске жұмылдыра 
алады. Сөздерді іріктеу және оларды сөйлем ішінде дұрыс синтаксистік байланысқа түсіру, азат 
жолдарды мәтін ішінде дұрыс орналастыру шешеннің стильдік шеберлігін танытады. Шешеннің 
дауыс ырғағы, күші шешендік сөздің мазмұнын тыңдаушылардың дұрыс түсініп қабылдауына 
әсер етеді. Сөйлеу эмоциясын тудыратын факторлар мыналар: үн, саз, ырғақ, сөйлеу қарқыны 
(жай, қатты, тез, баяу), образды сөздер мен сөзді көркемдегіш құралдар. Қатты сөйлегенде 
тыңдаушы қобалжиды, ал баяу сөйлеу тыныштық тудырады, ал баппен, мәнерлеп сөйлеу 
тыңдаушы көңілін аударып, сергек күйге түсіреді. 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
117 
Шешендік сөздер адамды тәрбиелеп қана қоймайды, көпшіліктің дүниетанымын кеңейтеді, 
қоғамды ілгерілететін қозғаушы күш болады, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсар-
тады, өз-өзіне сенуге мүмкіндік жасайды. 
Шешендердің қалыптасуында оқу-ағарту мақсатындағы диалогтің маңызы өте зор. Оқу-
ағарту саласындағы диалогтар адамның рухани дүниесін қалыптастырады. Олар: білім беретін 
диалог, тәрбие беретін диалог, насихат түріндегі диалог. Оқу-ағарту мақсатындағы диалог 
ғибрат, өнеге береді, өмір сүруге бейімдейтін бағыт-бағдар сілтейді, әдет-дағды қалыптас-
тырады. Аталған диалогтардың біреуі іскерлікке жетелесе, екіншісі батылдыққа итермелейді, 
үшіншісі азамат қалыптастыруға көмектеседі. Ендеше, бүгінгі қоғамда шешендер даярлау – 
маңызды іс. Шешен барлық жағдайда да өзін бірқалыпты ұстауы тиіс.
Цицерон шешендік өнерде ең басты қағида етіп шешеннің білімділігі мен оның жалпы 
мәдениетін алады. Ол: «Шынайы шешен халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлеріне 
мейлінше жетік болуы керек» дейді.
Кейде бөтен ортада өзіңіздің халқыңыз бен оның данышпандығы, тамаша салт-дәстүрі 
туралы айтылған орынды ой-пікір сіз туралы жақсы пікір қалыптастырады, сізге сәттілік 
әкеледі, көпшілік алдындағы беделіңізді өсіреді. Шешен сөйлеймін деп сөз арасына мақал-
мәтелдерді орынсыз тықпалау тыңдаушыны жалықтырып жіберуі де мүмкін, сондықтан әр сөзді 
қолданарда Шумерлердің тас табақтарында айтқандай, ойланбай сөйлеп, опық жемеуді естен 
шығармаған жөн. Сөзіміз дәлелді болу үшін тахнологиялық университеттің «Қаржы» 
мамандағына арналған кәсіби қазақ тілі оқу-әдістемелігіндегі Бөлтірік шешеннің тапқырлығы 
мен сөз қолданысына байланысты әңгімеге тоқталайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет