Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет107/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

қайда 
жəне 
өткен
деген қатарлармен
бірге Бишоп көріністің болжанған, түсінікті, ыңғайлы қырларына ерекше
назар аударады.
Жолаушы отбасы мен үйінен бас тартқан кезде өлең жайлылықтан
айырылып, кенеттен сахналық жанр, тіпті көріністің өзі тоқтап қалғандай
болады. Енді нағыз сапар басталды: ақын отбасына, үйге жəне табиғатқа
айналған 
жергілікті 
ерекшеліктерге 
(шегіршін, 
ферма, 
ит) 
тəн
құбылтуларды (троптарды) қалдырады. Тұман тұмса табиғатты кебінге
орап, табиғаттың бүлінген жүзін бүркейді. Таныс əлем тұманның арасында
жоғалған 
кезде 
өлең 
оқырман 
назарын 
бірден 
өлшемі 
кіші,
микроскопиялық пішіндегі əлемге аударады:
Автобус та ыңыранып қозғалды,
Жарығы да тіліп түсіп тұманды.
Бұршақты да тұман перде бүркеген,
Жапырағы шақ көтерер ылғалды.
Оймақгүлге жасырынды түкті ара,
Құлаққа əкеп ызыңы да мұң-зарды.
Күндіз оған бəрі анық ед тамаша,
Тұман бояу бəрін бояп, былғанды.
Белгісіздік танытқандай ызғарды. (А.Ə.)
Жағдай аздап қатерлі болғанмен, іле-шала көмескі күйге ауысады. «Тəтті
бұршақ жабысып» өз сабағына, сенімділік пен пана іздеген «түкті ара /
оймақгүлдің ішіне жасырынады». Тұманның оны жауып қалуы құбылысты
түрлендіріп, əрекетке əсер етеді. Мына дүние күндізгі жарықта қандай


анық болса да, тұманның ішінде ол белгісіздікке жол тартты. Табиғат
қанша сиқырлы күйге енсе де, ол «Теңіз келбеті» (
Seascape
) өлеңіндегі
аспан əлеміне жəне 
«Лабазда»
өлеңіндегі кемпірқосақты əлемге еш
ұқсамайды. Бишоп мұнда əсірелеуден қашып, Уордсуорттың «Сноудон»
(Snowdon)
өлеңіндегі тұманмен ойнаса да, бұл автобусты күнделікті өмір
сияқты салтанатты етіп көрсетеді.
Күннің баяу батуы («қас қарайды» деп жариялауы) тұманды тылсым
кеңістікке біртіндеп еніп бара жатқан əлемді көз алдыңа алып келеді. Жиі-
жиі кідіру келу мен кетуді, таныс əлемге деген тұрақты жақындықты
білдіреді. «Кешкі астан кейін/əйелдің дастарқанын қағуы» сияқты
əрекеттер Гомердің эпостарына сапар шеккендей əсер қалдырады. Көлікте
өтіп жатқанына қарамастан, кешкі жайлылық осының бəрін уақыт сияқты
тұрақты кестеге енгізіп жібереді. Алайда осы бір жасанды əлем ақырындап,
реттіліктің таныс сарынымен байланыспайтын əлемнің, жеке-дара
сезімдердің бір жерге шоғырланбаған (сезімнен ада) əлемін тудырады:
Тантрамардың батпағы мен
сор татыған шөбі тұрады.
Темір көпір шайқалып,
Ескі тақтай сықырлап,
Жолды бермей тұр əлі. (М.С.)
Өлең 
ешкім 
күтпеген 
тұрақсыз 
қалыпта 
ішкі 
көзқарастармен,
əуесқойлықпен күрт өзгеріп кетеді. Тіпті осы бір сəттік көріністе дастарқан
жинап жүрген əйел көзден ғайып болса да, автобус ми батпақтың нағыз
қорқынышты бейнесін ашатын жасырын жерге, теңіз əлеміне қарай,
жылжи береді. Адамзаттың қолынан шыққан көліктің өзі осы сəттегі
белгісіздіктен қорқады; олар «қалтырап», «дірілдейтіндіктен» «үрейлі»
кейіп танытады. Мызғымай тұрса да, сол құрылымдар да (жолаушы да)
күйреуден қашып құтыла алмайтындарын сезеді. Өлең оқырманын тағы да
тылсым əлемге жетелейді. Бұл – ерекшеліктерді, яғни шығармадағы
меңзеуді (синекдохаларды) ескеруге алып келсе де, жолаушы қалыпсыз
қоршаған ортаға қандай да бір құрылымды телуге тырысып бағады һəм,
сөйте тұра, эпифанияға бəс тігеді:


Сол жақтағы қызыл жарық,
Қараңғылықтан себілген
кемелердің шамдары.
Екі резеңке бəтеңкенің
Жарықтан сұлбасы көрінген.
Иті де алыстан бір үрген. (А.Ə.)
Мұндай айқын, көңілсіз көрініс эпифания тудыру үшін жəне автобуспен
жолға шығуды, биіктерге жетуді, тылсым əлемге жетелейтін романтикалық
сапар шегуді көрсету үшін жеткілікті. Бірақ оның өзі өткінші. Ерекше
мінезді, алған бағыты бар адамның осы көрініске енуі эпифаниялық
мүмкіндікті жіберіп алады. Бишоптың жолаушыларын қарсы алу үшін
қолданған «қағілез, шұбар, қартаң» деген өзіне тəн сипаттаулары
феноменді əлемнің жеткілікті екенін растай отырып, оның жерге тəн
қарапайымдылығына баса назар аудартады. Оның айтуынша, «Бостонға
баратын барлық жолда» автобус жүргізушісінің ұзақ сапары діттеген
мақсатына жетеді. Ақыры, саяхат жолы анықталған жəне мерзімінен бұрын
аяқталмаған өлеңде, күн бұлтты болса да, бəрі айқындалып шыға келеді.
Тұманды түнгі табиғат пен саяхат – таныс романтикалық сарын. Ерекше
əдеби əсерге толы поэма «ай нұры мен тұман» арасына ғаламат əрі таныс
байланыс орнатады. Дей тұрғанмен, «түкті, тікенді, жарықшақты» пейзаж
«сергек, секпілді, қартаң» саяхатшы тəрізді символдық əдіске көшуге бой
бермейді. 
Материалдық 
əлемнің 
тұрақты 
құрылымынан 
босаған
баяндаушы романтиканы да, аллегорияны де қойып, ұйқыға бас қояды. Бір
сəтке дамылдаған осы бір шақ өткен естеліктер əлемімен ұштасады:
Ұйқы қысып, көз де талды қоналқы,
Қорылға енді басты бəрі бірсарын.
Тəтті елес, тəтті түс боп оларды,
Баурап алды,


естеліктер, үн-сағым… (А.Ə.)
Пайда болған, бірақ бір мезетте қоршаған табиғат əлемі мен үй тірлігінен
алыстап қалған өлең ата-бабаның жəне архетиптің тіліне айналады. Ретсіз,
бейтарап жағдайларға сүйенгенімен, Бишоп өзінің кейіпкерін күллі
адамзатпен байланыстырады, бейтаныс жаннан еріксіз естіген əңгімелер
мен шежірелер көмегі арқылы тыңдарманды мəдениеттің бай тарихи
əлеміне енгізеді:
Дүрбелең, шуда
Ескі əңгіме айтылды –
біз жайында емес,
бірақ таныс секілді
автобустағы елес:
Ата-баба дауыстары
Үздіксіз естілгендей Мəңгіліктен:
Есімдер аталып жатыр,
Анықталды сыры да бəрі күткен;
Айтып жатыр, айтып жатыр
көрген бейнеттерін,
өлімдерін, өлімдерін, сырқаттарын,
отау құрған көктемін.
Біреуі босана алмай қайтыс болдым деді.
Біреуі оның кемемен батып кетіп
жоғалған ұлы еді. (М.С.)


Бейтаныс адамның тікелей тұлғалық мəнінен айырылған бұл естеліктері
«өлімдер, өлімдер мен сырқаттар» деген жалпы табиғи жан азабына
айналып кетеді. Келесі оқиға баяндауды талап еткенімен, ол жағдайдың
жалпы арнасынан оқшауланып қалды. Өлімнің өзі азанамамен айтылған
дерексіз ұғымды білдіреді. Ол кездейсоқ, қарабайыр болғанымен, адами
тұрғыдан тартымды нəрсе. Өлім де туу мен неке сияқты қарапайым
тіршілікке тəн өз қырымен ақынның назарын баурап алады. Архаикалық
трегедияны, «батқан кемені» еске алу мифтік өлшем мен трагедияның
классикалық сезімін қозғау үшін күнделікті тіршілік жайлы пікірталасты
көтереді. Алайда мұндай сұмдық жағдай ажалмен аяқталғандықтан, мəнге
ие болады. Қорытындының мұндай əмбебаптығы өлеңді жұмсақ, тілге
жеңіл, салмақты етеді. Бишоп ескі жаңалықтардың əсері жоқтығын
«Айлақ» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет