сəтсіздікке ұшырап яки жойылып кететін болса да, ол Бишоп үшін өлеңнің
тұрақсыз үні болып қала береді. Ол (Беккеттің айтуынша) «Бесінші / ақпан,
1918» деген «уақыт ерекшелігін»
19
талап ете алады. Бұл ақынға «өзін осы
қорқыныштардан алыстататын (ұқсастыққа қауіп төндіретін) күндерді
өлшеуге» мүмкіндік береді. Өлеңде қолданылған «құлдырау» сөзі –
əлеуметтік сəйкестіктің, шектеулі я болмаса қате атау берудің құлдырауы.
Мұның баламасы – жойылу мен атаусыз қалудың «үлкен қара толқыны».
«Оған қайта оралу» үшін үнемі атаусыз қалған «менге» қарама-қарсы
əлеуметтік ортада есіміңмен, жасыңмен, жынысыңмен, орныңмен тірі
қалуың керек. «Күрес жалғасып жатты», мансап əлеуметтік бірегейліктің
құрсауынан құтылуды һəм атау беру ойынындағы ережелердің өзгерісін
болжады.
Достарыңызбен бөлісу: