2. Өзгермелілік
Тілдің үздіксіздігін қамтамасыз ететін кезеңнің бастапқыға анық қарама-
қарсы болатын тағы бір əсері бар. Ол – тілдік таңбалардың белгілі бір
дəрежеге дейінгі жылдам өзгерісі. Сондықтан, белгілі бір мағынада,
таңбалардың өзгермелілігі мен тұрақтылығы туралы айта аламыз.
3
Соңғы сараптауда екі факт бір-бірімен өзара байланысты: таңба өзгеріске
ұшырайды, өйткені ол өзін-өзі мəңгілікке сақтап қалады. Барлық
өзгерістерде басым болатын нəрсе – көне субстанцияның сақталып қалуы;
өткенді елемеу салыстырмалы болады. Сол себепті, өзгеру қағидасы
үздіксіздік қағидасына негізделген.
Уақыт
аралығында
өзгерудің
көптеген
үлгілері
бар.
Олардың
əрқайсысында лингвистиканың маңызды тараулары жазылуы мүмкін. Оны
егжей-тегжейлі қарастырмай-ақ, бұдан əрі нені сипаттауға болатынына
кірісейік.
Біріншіден, біз сөздің өзгеруі деген мағынаға қатысты қателеспеуіміз
керек. Мəселе таңбалаушының фонетикалық өзгертуі туралы немесе
таңбаланушының түсінігіне əсер ететін мағынаның өзгерісі туралы
қозғалып жатыр деп ойлауға болар еді. Бұл көзқарас ақылға қонымсыз.
Өзгеріс күштерінің не екеніне жəне бір-бірінен оқшау немесе бір-бірімен
үйлесетіндігіне қарамастан, олар
Достарыңызбен бөлісу: