Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет121/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

лингвистикалық таңба ерікті»
деп айтар
едім.
«Қарындас» (
sister
) ұғымының француз тілінде таңбалануы s-ö-r
дыбыстарының жүйелілігімен ешқандай ішкі байланыстар арқылы
ұштаспайды. Ол кез келген өзге тілде осы реттілікпен бірдей көрінуі
мүмкін. Бұл тілдер арасындағы айырмашылықтармен немесе əртүрлі
тілдердің бар болуымен дəлелденеді:
 
«өгіз» (
ox
) сөзінің таңбалануы, бір
жағынан, b-ö-f
 
таңбаларымен берілсе, екінші жағынан, o-k-S (Ochs)
таңбаларымен беріледі.
Ешкім таңбаның еріктілік сипаты туралы қағидаға қайшы келе алмайды,
бірақ оған
 
тиісті орнын тағайындаудан гөрі айқындылықты табу оңайырақ.
Бірінші қағида барлық тіл
 
лингвистикасында басым, оның салдары сансыз
көп. Ақиқатында, бір қарағанда, олардың бəрі бірдей көрінбейді. Оны тек
көптеген үйреншікті жолдардан кейін ғана табуға əрі олармен бірге
қағиданың əу бастағы
 
маңыздылығын байқауға болады.
Сонымен қатар, бір ескере кететін мəселе: семиология ғылым ретінде
қалыптасқан кезде, пантомима сияқты табиғи таңбаларға негізделген
көріністің қалыпты түрлерін қамти ма деген сұрақ туындайды. Жаңа ғылым
оларды құптайтынын ескере отырып, оның басты мəселесі бұрынғыдай
таңбаның еріктілігіне негізделген жүйелердің бүкіл тобы болып қала
береді.
Шын мəнінде, қоғамда қолданылатын барлық сөз тіркестері, негізінен,
ұжымдық мінез-құлыққа яки конвенцияға негізделеді. Мысалы, əдеп
ережелері көбінесе табиғи мəнермен көрініс тапса да, (императорына тоғыз
рет иіліп сəлем беретін қытайлық сияқты) белгілі бір ережеге сүйенеді.
Оны ым-ишараттың ішкі құндылығы емес, дəл осы ереже орындауға
міндеттейді. Толықтай ерікті таңбалар семиологиялық үдерістің идеалын
басқаларға қарағанда жақсы түсінеді. Міне, сол себепті, сөйлеу жүйесінің
ішіндегі ең күрделісі əрі бəрін қамтитын сөз түсінігі оның өзіне тəн сипаты
да бола алады. Бұл тұрғыда, тіл тек нақты бір семиологиялық жүйе
болғанымен, лингвистика семиологияның барлық салаларына үлгі бола
алады.
Сөз 
символы
лингвистикалық таңбаны белгілеу үшін қолданылады,
дəлірек айтқанда, таңбалаушы деп аталады.
 
Бірінші қағида көбінесе бұл
терминді қолдануға қарсы. Символдың негізгі ерекшеліктерінің бірі – ол
еш уақытта толық ерікті емес; ол бос болмайды, өйткені таңбалаушы мен
таңбаланушының арасында табиғи байланыс бар. Қос мағыналылық


сияқты заңдылық символын басқа кез келген символмен алмастырдың
қажеті жоқ.
Ерікті
сөзі де түсініктеме беруді талап етеді. Бұл термин таңбалаушыны
таңдау – сөйлеушінің еркіне толық қалдырылды деген сөз емес (төменде
көріп отырғанымыздай, лингвистикалық қауымдастықтан орын алған
бойда, адам өз тарапынан қандай да бір таңбаны өзгерту
 
мүмкіндігіне иелік
ете алмайды). Менің айтпағым, бұл негізсіз, яғни таңбаланушымен табиғи
байланысы болмағандықтан да ерікті.
Қорытындылай келе, I қағиданы орнатуға дейін ескеретін екі қарама-
қарсылықты қарастырып көрейік:
1.
 
Ономатопея
 
(дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөз) таңбаларды
таңдау əрдайым ерікті бола бермейтінін дəлелдеу үшін пайдаланылады.
Дегенмен ономатопеялық құрылымдар ешқашан тілдік жүйенің өзара
байланысқан элементтері болған емес. Сонымен қатар олардың саны əдетте
болжанғаннан əлдеқайда аз. Француз тіліндегі 
fouet (шыбық, қамшы)
немесе 
glas 
(
жоқтау
)
 
сөздері құлаққа түрпідей тиюі мүмкін. Бірақ бұл
сөздердің əрдайым мұндай қасиетке ие болмағанына көз жеткізу үшін
латынша нұсқасын (
fouet 

fāgus (шамшат ағашы), glas 
– 
classicum
(
кернейдің даусы

сөздерінен шыққан
) зерттейміз. Олардың қазіргі
дыбысталу ерекшелігі немесе олардың өзіне тəн дыбысталу ырғағы –
фонетикалық эволюцияның нəтижесі.
Түпнұсқалық ономатопеялық сөздерге келер болсақ (
glug‐glug 
(
бүлк-бүлк
ету
)
, tick‐tock 
(
тық-тық 

сағаттың дыбысы
)

олар дыбыс санымен ғана
шектеліп қалмаған əрі ерікті түрде таңдалған. Өйткені олар белгілі бір
дыбыстарға шартты түрде не азырақ, не көбірек ұқсайды (ағылшын
тіліндегі 
bow‐bow
сөзін француз тіліндегі 
ouaoua
сөзімен салыстырыңыз).
Сонымен қатар бұл сөздер тілге енгізілген бойда,
 
белгілі бір дəрежеде
басқа сөздер сияқты фонетикалық, морфологиялық т.б. эволюциялық
өзгерістерге ұшырайды (
pigeon 
(
көгершін
)
 
сөзін салыстырыңыз: мұның
түпнұсқасы латынның
pīpiō 
сөзінен шығып, ономатопеялық құбылуға
ұрынған). Бұл – лингвистикалық таңбаның негізсіз екенін болжау үшін
сөздің бастапқы сипатының түрленгіштігіне айқын дəлел.
2. Ономатопеямен тығыз байланысты 
одағай сөздер
де тура осындай
негіздегі «шабуылға» ұшырағандықтан, біздің тезистерімізді жоққа
шығармауға мүмкіндік береді. Əркімнің де ондағы табиғи күштерімен
шынайы анықталған ерікті сөйлемдерді көруге қызығушылық танытары
анық. Бірақ көптеген одағайлар үшін олардың таңбалаушысы мен


таңбаланушысы арасында нақты байланыс жоқ екенін көрсете аламыз.
Мұндай сөздердің бір тіл мен екінші тілде қандай айырмашылығы
болатынына қос тілді салыстыру арқылы ғана көз жеткіземіз (мысалы,
француз тіліндегі 
aïe!
сөзінің ағылшын тіліндегі баламасы 
ouch! 
(ой!).
Сондай-ақ біз одағай сөздердің бір кезде белгілі бір өзіндік мағынасы
болғанын білеміз (салыстырыңыз: француз тіліндегі 
diable! 
(
darn! 

 қарғыс
атқыр!), mordieu! 
(
golly! 

Құдай ақы!
) сөздері 
mort Dieu 
(
«Құдайдың
өлімі»
) сөзінен шыққан т.с.с.).
2
Ономатопеялық құрылым мен одағайлардың мəні аса маңызды емес,
бірақ олардың символдық түп төркінін бағамдау үшін пікірталастыруға,
соның нəтижесінде бір тоқтамға келуге болады.
3. ІІ қағида. Таңбалаушының сызықтық
 
сипаты
Дыбыстық таңбалаушы уақыт өте келе, мынадай сипаттарға ие болған
кезде ғана анықталады: (а) аралықты білдіргенде; (б)
 
аралық бір өлшеммен
өлшенген кезде; бұл сызық деп аталады.
ІІ қағида айқын болғанымен, лингвистер əр уақытта бұл сөздерді тым
қарапайым деп санағандықтан, оны
 
бекітуге мəн бермегені анық. Соған
қарамастан, ол берік орныққан, сондықтан оның салдары өлшеусіз. Оның
маңыздылығы I қағидамен бірдей. Тілдің бүкіл тетігі осыған байланған. Бір
мезгілде бірнеше өлшемдегі топтамаларды ұсына алатын, көзге көрінетін
таңбалаушыдан (теңіз дабылдары т.б.) естілетін дыбыстық таңбалаушының
ерекшелігі – өз тобында тек уақыт өлшемінің болуы. Олардың элементтері
реттілікпен ұсынылған; олар бір тізбек қалыптастырады. Бұл сипат
жазбаша түрде ұсынылғанда айқын көрінеді, ал графикалық белгілердің
кеңістіктік сызығы уақыт бойынша бірізділікке ауысады.
Кейде таңбаланушының сызықтық сипаты айқын болмайды. Мысалы,
мен бір буынға назар аударсам, онда бір нүктедегі айрықша элементке мəн
бергендей боламын. Бірақ бұл – иллюзия. Буын жəне оның айтылуы тек бір
ғана фонациялық əрекет болып саналады. Əрекеттің ішінде
 
ешқандай
екіжақтылық жоқ, тек алдыңғы һəм кейінгі əрекеттерде əртүрлі қарама-
қарсылықтар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет