Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет122/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Екінші тарау.
ТАҢБАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖƏНЕ ӨЗГЕРМЕЛІЛІК
СИПАТЫ
1. Тұрақтылық
Таңбалаушы өзі көрсететін идеяларға қатысты еркін таңдалғанына


қарамастан, оны пайдаланатын тілдік қауымдастық (
linguistic community
)
еркін емес, тұрақты болып келеді. Көпшіліктің бұл мəселеде қарсы пікірі
жоқ, ал тіл арқылы таңдалған таңбалаушыны басқа ештеңе алмастыра
алмайды. Қарама-қарсылықты бейнелегендей көрінетін бұл деректі
«жинақталған жиынтық» (
the stacked deck
) деп атауға болады. Біз тілге
«таңда!» дейміз, бірақ «басқа емес, дəл осы таңба болуы тиіс» деп қоса
айтамыз. Қанша қаласа да, ешбір адам бірде-бір жасалған таңдауды өзгерте
алмайды; оның үстіне тілдік қауымдастықтың өзі де бірде-бір сөзді
бақылай алмайды. Өйткені ол қолданыстағы тілмен шектелген.
Тілді таза əрі қарапайым шартпен бірегейлендіруге болмайды. Дəл осы
тұрғыда, тілдік таңба ерекше қызықты зерттеу нысаны болып саналады.
Тіл – қауымдастық қабылдаған заңның толеранттылығына жəне бəрі ерікті
түрде келісім беретін ереже емес екеніне жақсы дəлел.
Алдымен, біз тілдік таңбаны неліктен реттей алмаймыз дегенді
қарастырып, содан кейін бұл құбылыстан туындаған маңызды салдарды
саралап, ой түйейік.
Қай кезеңді қарастырсақ та, қаншалықты артқа шегінсек те, тіл өткен
дəуірлерден жеткен мұра екені анық. Біз сол арқылы белгілі бір сəтте атау
берілген заттар, түсініктер мен дыбыс бейнелері арасындағы үйлесімді
əрекетті ұғынып, қабылдауымыз мүмкін; бірақ ондай əрекеттер ешқашан
жазылмаған. Мұндай нəрсенің растығы туралы ұғым таңбаның еріктілік
сипатын терең түсінуімізден кейін пайда болды.
Негізі, кез келген қоғам тілді ата-бабадан қалған мұра ретінде ғана біледі
əрі солай қабылдайды. Сондықтан сөздің пайда болу мəселесі өте маңызды
болып есептелмеген. Лингвистикадағы жалғыз нақты нысанды, яғни қазіргі
идиомалардың қалыпты, тұрақты қызмет ету мерзімі деген мəселені
қарастырмай-ақ қоюға болады. Белгілі бір тілдік құрылым əрдайым тарихи
күштердің өнімі болып есептеледі. Таңбалардың неліктен өзгермейтінін,
яғни неге кез келген ерікті өзгеріске не үшін қарсыласатынын осы күштер
түсіндіреді.
Тіл – мұра, оны өзгертуге болмайды
 
деген ұғыммен ештеңе
түсіндірілмейді. Қолданыстағы жəне мұрагерлік арқылы келген заңдарды
бір мəннен келесі мəнге ауыстыру мүмкін бе?
Мұндай қарама-қарсылықтың шешімін табу үшін біз оны əлеуметтік
жағдай аясында саралап, мəселені кез келген мүлде өзге əлеуметтік
институт тұрғысынан қарастырамыз. Басқа əлеуметтік институттар бұл
мəселені қай тұрғыда қарастырады? Бұл жалпы тұрақтылық мəселесін


қамтиды. Біз, алдымен, өзге институттар еркіндікті қаншалықты дəрежеде
пайдаланатынын анықтап алуымыз керек. Əрбір жағдайда қалыптасқан
дəстүр мен қоғамның еркін əрекетінің арасында өзгеше пропорция бар
екені көрінеді. Келесі қадам – осы санатта бірінші үлгідегі
 
күштердің,
екіншісіне қарағанда, салмағының неліктен аз не көп екенін анықтау. Ақыр
соңында, тілге қайта оралсақ, біз оның таралуының тарихи факторы
неліктен оған толықтай үстемдік етеді, əрі кез келген, кенеттен болатын кең
ауқымды өзгеріске қалайша тыйым салады деп сұрауымыз керек.
Сұрақтың ықтимал жауаптары көп. Мысалы, кейінгі ұрпақтар жиһаз
сөрелері сияқты бірінен кейін бірі қатар келіп, көрініп тұрмайды. Олар
өзара тығыз байланысып, сіңісіп кетеді. Əр буын адамдардың барлық
жасын қамтиды деген фактіні ескерсек, тілдің өзгеруі ұрпақтардың
ауысуына байланысты емес екенін көруге болады. Сондай-ақ ана тілін
үйрену үшін қаншалықты күш-жігер кететінін еске ала отырып, жалпы
өзгерістің мүмкін еместігі туралы қорытынды шығаруға болады. Тағы да
айтар болсақ, рефлексия идиомаларды белсенді қолдануға қатыспайды.
Өйткені сөйлеушілер тілдің заңдылықтарын айтарлықтай біле бермейді.
Олар білмеген нəрсесін қалай өзгертеді? Заңдылықтарды білген күннің
өзінде, олардың түсінігі сынға сирек ұшырайтынына сенімді бола аламыз.
Өйткені жалпы адамзат өзі сөйлеп жүрген тілді қанағат тұтады.
Жоғарыда айтылған пікірлер маңызды, бірақ өзекті емес. Ал келесі
пікірлер барынша іргелі əрі тұрақты, ал қалғандары оларға тəуелді болады.
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет