БІРІНШІ БӨЛІМ
Жалпы қағидалар
Бірінші тарау.
ТІЛДІК ТАҢБАЛАРДЫҢ ТАБИҒАТЫ
1. Таңба. Таңбаланушы. Таңбалаушы
Кейбір адамдар тілді өзіне қатысты элементтерге атау беретін процесс,
яғни əрқайсысы өзінің затына сай аталуға тиіс сөздер тізбегі деп санайды.
Бірақ бұл ұстаным бірнеше сыншының сын тезіне ілікті. Олар дайын
идеялар сөзден бұрын пайда болады деп
пайымдайды; атау табиғатынан
вокалдық немесе психологиялық сипатта бола ма дегенді бізге айтпайды
(мысалы, ағаш (
arbor
) сөзі басқа көзқарас тұрғысынан қарастырылуы
мүмкін). Бұл бізге атау мен затты байланыстыру өте қарапайым операция,
болжамды шындық деп ой түюге мүмкіндік береді. Мұндай қарапайым
ұстаным тілдік бірліктің екі терминінің бірігуінен пайда болған екіжақты
мазмұн екенін көрсете отырып, бізді шындыққа жақындатады.
Біз сөйлеу схемасын қарастырғанымызда, тілдік таңбаларға қатысқан екі
терминнің психологиялық екенін жəне мидағы байланыс арқылы
біріктірілгенін байқадық. Бұл жағдайға ерекше тоқталу керек.
Олай болса, тілдік таңба заттар мен атауларды емес, ұғымдар мен дыбыс
бейнелерін біріктіреді.
1
Соңғысы – материалдық дыбыс емес, олар нақты
физикалық зат. Ал дыбыстың психологиялық таңбасы – сезім
мүшелерімізбен қабылданатын əсер. Дыбыс бейнелері сенсорлы болады;
егер мен оларды «зат» (материал) деп атасам, ол тек осы мағынаны ғана
білдіреді жəне байланыстың басқа терминдеріне қарама-қарсы қою арқылы
ұғым абстрактілі мағынаға ие болады.
Біздің дыбыс бейнеміздің психологиялық сипаты, өзіміздің
сөйлеуімізді
сырттай бақылайтын болсақ, айқын аңғарылады. Тіліміз бен ернімізді
қозғалтпай-ақ, біз сөзімізді ойша саптап немесе бір шумақ
өлеңді іштей оқи
аламыз. Қолданып жүрген сөздерімізді дыбыс бейнелері арқылы оқимыз,
сондықтан сөздерді құрайтын «фонемаларды» айтудан қашуымыз керек.
Вокалды белсенділік дегенді білдіретін бұл терминді тек ауызша
сөйлегенде, дискурстағы ішкі бейнені түсінуде ғана пайдаланамыз. Егер
атаулардың дыбыс бейнесіне жататынын ескерсек, онда сөздегі
дыбыстар
мен
буындар
туралы айта отырып, мұндай теріс түсініктен арыла аламыз.
Сол кезде лингвистикалық таңба екіжақты психологиялық мазмұн болып
саналады. Оны келесі сызба арқылы түсіндіруге болады:
Екі элемент бір-бірімен тығыз біріккен, əрқайсысы екіншісін еске
түсіреді.
Латын тілінде «ағаш» деген сөздің мағынасын іздеген кезде, тек
осы тілде расталған байланыстар ғана шынайылық болады жəне басқа
мүмкін болатын көріністердің ешқайсысын елемейміз.
Тілдік таңбаларға берген біздің анықтамамыз терминологияның маңызды
мəселесі болып есептеледі. Мен түсінік пен дыбыс бейнесінің бірігуін
таңба
деп атаймын. Бірақ қолданыстағы терминде ол тек дыбыс бейнесін,
мысалы, бір сөзді
(ағаш т.б.) көрсетеді. Адам, əдетте, таңба
ағаш
деген
түсінікпен сəйкес келгендіктен ғана
arbor
деп аталғанын ұмытып кетеді.
Нəтижесінде сенсорлық бөліктің идеясы жалпы идеяны береді.
Егер осында қарастырылып отырған үш көзқарас үш атаумен берілсе,
əрқайсысы бір-біріне сілтеме жасап əрі бір-бірімен қарама-қарсылыққа
түсіп отырса, онда мұндағы екі мағыналық жоғалып кетер еді. Мен
барлығын белгілеу үшін
таңба
[
signe
] сөзін сақтап қалуды,
түсінік
пен
сөз
бейнесін
сəйкесінше
таңбалаушымен
[
signifié
]
сақтауды ұсынамын. Соңғы
екі терминнің оларды бір-бірінен һəм өздері бір бөлігі болатын жалпы
түсініктен алыстататын, қарама-қарсылықты көрсететін артықшылығы бар.
Ал
таңба
сөзіне келсек, қарапайым тілде оны алмастыруға лайық басқа сөз
таба алмағандықтан, мен осыны қанағат тұттым.
Белгіленген тілдік таңба екі негізгі сипатқа
ие. Оларды баяндау
барысында мен де осы тұрғыдағы кез келген зерттеудің негізгі қағидаларын
белгілеймін.
2. I қағида. Таңбаның еріктілік сипаты
Таңбаланушы мен таңбалаушының арасындағы байланыс ерікті. Таңба
таңбалаушының таңбаланушымен байланысынан шығатын жалпы ұғым
екенін ескере келе, мен жай ғана «
Достарыңызбен бөлісу: |