тарихи кезеңді сипаттайтын ағым да бар еді.
Орыс теоретигі Михаил Бахтин романның əлеуметтік-лингвистикалық
сипатына баса назар аударған. Роман бізді қоршаған дүниенің дүбірін жан-
жақты жеткізе алады деп сенген. Чарльз Диккенстің еңбектерін мысалға
келтіріп, оның сөйлеу түрлерін өз қиялымен ұштастыра білгенін
дəріптеген. Оның кейбір ойларына жұрт күле қараса, кейбіреуіне шын тəнті
болғандар да бар. Ч.Диккенстің романдары сөйлеудің түрлерін біріктіре
отырып, гетероглоссиялық
(heteroglossic)
сипатқа ие болған, яғни қоғамды
дискурс арқылы бейнелей алған. Ч.Диккенстің романдарындағы дискурстің
əрбір көрінісі сол романның оқиғасына тікелей байланысты болып
табылады. М.Бахтин мұндай сипатты диалогизация
деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: