Тарихи зерттеудің еш айырмашылығы жоқ. Белгілі бір кезеңде француз
(мысалы, XIII ғасырдан XX ғасырға дейінгі), яван не басқа кез келген тілді
зерттегеніне қарамастан, лингвист барлық жерде диахронды кластың
негізгі ақиқатын қалыптастыру үшін ғана салыстыруға қажетті, ұқсас
деректермен жұмыс істейді. Егер əр ғалым бір саланы зерттеумен
айналысса немесе басқа бір саланы зерттей отырып, сол класс туралы
барлық деректерге қол жеткізе алса, керемет болар еді. Бірақ сан алуан
тілдер үшін мұндай ғылыми қадам жасау өте қиын. Керісінше, əр тіл
тəжірибелік зерттеулерді бір жерге топтастырады. Ал біз, жағдайға қарай,
əр тілді тарихи жəне статикалық тұрғыда кезегімен қарастыруға мəжбүрміз.
Ең əуелі, біз ешқашан да мұндай топтасудың теорияда терең
зерттелмегенін ұмытпауымыз керек. Ал идиомалар болса, орнықты
топтасқан. Тілді қалай зерттесек те, біз əр деректі өз класына
орналастырып, екі əдісті бір-бірімен шатастырмауға тиіспіз.
Лингвистиканың екі бөлімі, сəйкесінше, біздің зерттеуіміздің нысаны
болады.
Синхронды лингвистика
қатар жүретін терминдерді бір жерге біріктіретін
логикалық жəне психологиялық байланыстарды назарға алады һəм
сөйлеушілердің ұжымдық санасындағы жүйені қалыптастырады.
Диахронды лингвистика,
керісінше, ұжымдық сана қабылдамаған, бірақ
жүйе қалыптастырмай-ақ бірін-бірі алмастыратын, жүйелі терминдерді бір-
бірімен біріктіретін байланысты зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: