визуалды таңбалармен шатастырмай салыстыруға жəне мағынасы бар
элементтерді ешқандай ақылға салмай-ақ, дəл осылай бөлуге болады деген
болжам басым болды. Оларды белгілеу үшін жиі қолданылатын «
form
»
(
форма, түр
)
сөзі («ауызша форма», «зат есімнің формасы» тіркестерін
салыстырыңыз) осы қателікті растайды. Бірақ дыбыстық тізбектің негізгі
сипаты оның сызықтығына байланысты екенін білеміз. Егер жеке өзін алып
қарасақ, бұл бар болғаны – құлағымыз анық айырып, өздігінен қабылдай
алмайтын сызық, тұтас бір таспа сияқты нəрсе. Тізбекті ажырату үшін біз
оның мағыналарын атауымыз керек. Біз таныс емес тілді естіген кезде,
дыбыстардың бірізділігін қалай дұрыс сараптау керек екенін айта
алмаймыз. Өйткені лингвистикалық құбылыстың тек қана дыбыстық
сипатын қарастыру арқылы сараптама жасау мүмкін емес. Бірақ тізбектің
əрбір бөлігіне қатысты болатын мағына мен қызметті білген кезде, ол
бөліктердің бір-бірінен алыстайтынын, ал пішінсіз таспаның құрақтарға
(сегменттерге) бөлінетінін көреміз. Алайда, сараптауда ондай жағдай
болмайды.
Қорытындылай келе айтарымыз, тіл дегеніміз – мағынасы мен
құрылымына сəйкес қана зерттелетін шектеу алдындағы (
pre‐delimited
)
таңбалар жиынтығы емес, ретсіз жиынтық. Тек зерделілік пен мұқият
танысу ғана оның нақты элементтерін ашады. Бірліктің арнайы дыбыстық
сипаты жоқ. Оның бір ғана анықтамасы мынадай:
бұл – сөйлесу тізбегі
кезінде, оның алдында жəне келесі келетін барлық нəрсені жоққа
шығаратын дыбыстың
(
кішкентай
)
бөлігі. Ол белгілі бір түсініктің белгісі
Достарыңызбен бөлісу: