Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет139/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Үшінші тарау.
БІРЕГЕЙЛІКТЕР, ШЫНАЙЫЛЫҚТАР, МƏНДЕР
Жоғарыда тілге тиек етілген пікірлер бізді маңызды бір мəселеге алып
келеді. Өйткені статикалық лингвистикадағы кез келген негізгі түсінік
біздің бірлік туралы тұжырымдамамызға тікелей байланысты, əуелі
сонымен үйлесіп кетеді. Менің де синхронды ұқсастықтар, мағыналар мен
мəндер түсінігіне қатысты жүйелі түрде көрсеткім келгені – осы.
A
. Синхронды 
бірегейлік 
деген не? Мұнда француз тіліндегі терістеуді
білдіретін «
pas» 
сөзін латын тіліндегі «
passum» 
сөзімен байланыстыратын,
басқа жерде қарастырылатын диахронды бірегейлік туралы айтылып
тұрған жоқ. Бұл жерде je ne sais 
pas 
(мен
 білмеймін
)
 
жəне ne dîtes 
pas
cela
(олай 
айтпа
) сөйлемдеріне ортақ бір ғана элемент бар деген пікірді
білдіретін бірегейлік қарастырылған. Осында қарапайым бір ғана мəселе
айтылған: мұнда бірегейлік бар, өйткені дыбыстың бір бөлігі екі сөйлемде
бірдей мағына береді. Бірақ бұл түсіндірме бəрін қанағаттандырмайды.
Өйткені дыбыс бөліктері мен түсініктерінің сəйкестігі – бірегейлігінің


дəлелі (жоғарыдағы мысалды 
қараңыз
, la 
force
du vent: à bout de 
force),
ол
басқаша болмайды. Ал мына жерде олар мұндай сəйкессіздікпен де ұқсас
бола береді. Дəріс кезінде «
Gentlemen
!» («
Мырзалар!
») сөзі бірнеше рет
қайталанған кезде тыңдарманға бір сөз қайталанып айтылып жатқандай
көрінеді. Бірақ əртүрлі контексте ол сөздің айтылуында, екпінінде
айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар əр жерде айтылған əртүрлі
сөздер (салыстырыңыз, француз тілінде 
pomme 
(
алма
)
 
жəне 
paume
(
пальма
)
,
goutte 
(
тамшы
)
 
жəне 
je goute 
(
дəмін татамын
)
, fuir 
(
қашу
)
 
жəне
fouir 
(
зат
)
, т.с.с.
)
9
сияқты айқын болады. Оның үстіне, ұқсастық сезімі
семантикалық көзқарас бойынша бір «
Gentlemen
!» («
Мырзалар!
») сөзі
екіншісіне мүлдем ұқсамаса да сақталып қалады. Дəл осылайша, сөз өзінің
ұқсастығына қауіп төндірместен, əртүрлі мағынаны бере алады
(салыстырыңыз: француз тілінде 
adopter 
une mode (сəнді 
қабылдау
) мен
аdopter
un enfant (баланы 
қабылдау
), la 
fleur
du pommier (алма ағашының
гүлі
) жəне la 
fleur
de la noblesse (ізгілік 
гүлі
) т.с.с.).
Тілдік механизм айырмашылықтар мен бірегейліктерге бейімделген, əрі
айырмашылық – бірегейліктің көшірмесі. Бірегейлік мəселесі барлық жерде
туындайды; оның үстіне ол мағына мен бірлік мəселелерімен де ішінара
араласып, осыған байланысты, көзқарас қайшылығын, шиеленісті
мəселелерді туындатады. Егер сөйлеуден тыс кейбір деректерді
салыстырсақ, онда осы сипаттар айқын көрінер еді. Мысалы, біз əр 24 сағат
сайын жүретін «кешкі 8:25, Женева-Париж» пойыздарының бірегейлігі
туралы айтайық. Біз пойыздың күнде осы уақытта, осы бағытта жүретінін
білеміз. Бірақ локомативтер, жолсеріктер мен жолаушылар басқа болуы
мүмкін. Егер бір көше бұзылып, қайта салынған болса, онда біз
материалдық тұрғыда ескі көшеден еш нəрсе қалмаған болса да, «бұл – сол
көше» деп айтамыз. Көше толықтай қайта салынса да, неліктен бұрынғы
көше болып қала береді? Өйткені ол таза материалдық мағынадағы нəрсе
емес; ол материалдардан өзге, соған сəйкес келетін белгілі бір шарттарға
негізделген. Мысалы, оның басқа көшелерге қатысты орналасуы. Дəл
солай, пойызға да қатысты шығу уақыты, бағыты, оны өзге пойыздардан
ерекшелейтін барлық жағдайлар өзгеше болады. Бір шарт орындалған
сайын дəл сондай мазмұн қалыптасады. Соған қарамастан, мазмұн
абстрактілі емес, біз көшені немесе пойызды олардың материалдық
шынайылығынан бөлек елестете алмаймыз.
Енді мүлде бөлек жағдайды қарастырып көрейік. Мен ұсталған заттар
сататын дүкеннен өзімнің ұрлатып алған кəстөмімді көрдім делік. Мұнда


бізде тек қана мата, астар, оның тігістері т.б. сияқты көзге таныс (инертті)
заттардан тұратын материалдық мағына ғана бар. Қанша ұқсаса да, ол
кəстөм енді менікі емес. Бірақ тілдік бірегейлік киімге қатысты емес, ол
пойыз бен көшеге ғана қатысты. Мен «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет