Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет173/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

uniqueness
) көрсетеді. Мұнда шеңберлік контекстің аймағы да
жойылуы керек əрі жақын араласуға да мүмкіндік болмауы тиіс. Бұл пікірді
түсініп, қабылдайтын адам беделді пікірдің алыс мұрагері саналады жəне
олармен сөз таластырудың қажеті жоқ.


Бұл факторлар беделді пікірдің прозадағы ықтимал əлеуетін анықтайды.
Беделді пікірді көрсету еш мүмкін емес, оны тек жеткізуге болады. Оның
инерциясы, семантикалық шектелуі мен тасқа айналуы, қатаңдық дəрежесі
өз алдына бөлек дүние болуы, өзіне қатысты еркін түрде стилистикалық
дамуға мүмкіндік бермеуі – осылардың барлығы беделді пікірді көркемдік
бейнелеуді жүзеге аспайтындай етіп көрсетеді. Оның романдағы рөлі өте
шектеулі. Ол табиғатынан қосдауысқа қабілетсіз жəне гибридті
конструкцияларға кіре алмайды. Егер оны толықтай беделінен айыратын
болсаңыз, ол жай ғана объектіге, жəдігерге, затқа айналады. Ол көркем
мəтінге бөтен денеге енгендей кіреді, оның айналасында ойнауға мүмкіндік
берердей кеңістік те, қарама-қайшы эмоциялар да жоқ. Беделді пікірде
тебіренген жəне жағымсыз диалогтер болмайды. Оның төңірегіндегі
контекст өліп, сөздер таусылып барады. Сондықтан ресми-беделді
ақиқаттың бейнелері, кез келген ізгіліктің бейнесі – монастырлық, рухани,
бюрократиялық, моральдық т.б. образдар – романда биік деңгейге жете
алмаған. Осы мəселеге байланысты Гоголь мен Достоевскийдің нəтижесіз
əрекеттерін айтсақ та жеткілікті. Сол себепті беделді мəтін көркем
контекстен тыс қалатын (мысалы, Толстойдың «Арылу» (
Воскресение
)
романының соңындағы Інжілдік мəтіндер секілді), романдағы өлі цитата
күйінде ғана қалмақ.
5
Беделді пікірлер биліктің немесе салт-дəстүр беделін, көпшілік
мойындаған шындықтар мен ресми бағыттарды һəм басқа да осы секілді
түрлі мазмұнды қамтуы мүмкін. Бұл дискурстардың алуан түрлі аймақтары
болуы мүмкін (қарым-қатынас аймағынан алшақтығына байланысты); олар
ықтимал тыңдаушымен немесе түсіндірушімен əртүрлі қарым-қатынасқа
түседі (дискурстағы өзара түсіністік аясы мен өзара ұғынысу дəрежесіне
қатысты т.б.).
Əдеби тіл тарихында ресми қалыптасқан жолмен жəне оның қарым-
қатынас аймағынан алшақтатын үрдісімен, биліктің əртүрлі дəрежесімен
үнемі күрес жүріп келеді. Бұл процесте пікір қатынас аймағына еніп,
семантикалық, 
экспрессивті-эмоциялық 
(интонациялық) 
өзгерістерге
ұшырайды. Яғни метафоралар жасау қуаты бəсеңсіп, деградацияға ұшырап,
пікір нақты, күнделікті тіршілігіміздегі заттарға жақын келіп, жалпы
жұртқа түсінікті бола бастайды. Осының бəрі ауызша өрілетін қарым-
қатынас бойынша емес, өмір бойы адамның ішкі əлемінде өрбитін монолог
арқылы психология тұрғысынан зерттелді. Осындай (диалогке айналған)
монологті жеткізе алатын формалар ұсынылғандықтан, біз күрделі


мəселелерге тап боламыз.
Бір адамның идеологиялық пікірі ішкі сенімімізбен үйлесіп, мойындалса,
бізге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Мұндай пікір индвидуалдық сананың
жетілуінде шешуші мəнге ие; бастапқыда дербес идеологиялық өмірге аяқ
баса алмаған сана қашанда өзін қоршаған ортадағы бөтен біреулердің пікірі
арқылы оянады; өз пікіріңмен бөгде біреудің пікірін, өз ойыңмен өзгенің
ойын ажырата алу процесі сананың жетілуі барысында жүзеге асады. Ой
тəуелсіз, эксперименталды. Ақ-қарасын ажырата алатын тəсілмен жұмыс
істей бастағанда, алдымен ішкі сеніміңе үйлесетін пікір мен мəжбүрлеуші
беделді пікір арасын да айқындай алады. Сондай-ақ біздің кедергі
келтіретін пікірлерден де бас тартады.
Ішкі сенімді пікір, сыртқы беделге қарағанда, ассимиляция арқылы
нығайып, «өз сөзімен» тығыз байланысты болады.
6
 
Біздің санамыздың
күнделікті аясында ішкі сенімді сөз жартылай өзіміздікі һəм жартылай
біреудікі. Жаңа əрі дербес сөздерді тудыра алуы оның шығармашылығының
өрістілігін көрсетеді. Ол біздің сөздеріміздің көпшілігін оқшау һəм қатып
қалған 
күйінде 
емес, 
тереңнен 
ұйымдастырады. 
Біздің
интерпретациямызбен ғана шектеліп қалмай, одан əріге барады. Еркін
дамиды, жаңа материалға, жаңа жағдайларға қолданылады. Жаңа
контекстермен жансыз қарым-қатынасқа түседі. Сонымен қатар қарқынды
өзара іс-қимылға, басқа да ішкі сенімді пікірлермен күреске де түседі.
Біздің идеологиялық дамуымыздың өзі əртүрлі, вербалды. Ішкі əлемімізде
идеологиялық көзқарастар, түрлі əдістер, бағыттар мен құндылықтар
арасында үстемдік үшін шиеленіскен күрестер жүріп жатыр. Ішкі сенімді
пікірдің семантикалық құрылымы əлі де түпкілікті аяқталмаған, ашық
қалпында. Бұл пікір диалогке айналған жаңа контекстердің əрқайсысында
мəннің барлық жаңа тəсілдерін анықтауға қабілетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет