Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет168/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Ескертпе
1. Tel Quel, II, p. 191
2. Hachette World Guides, dubbed ‘Guide Bleu’ in French
3. [Francisco Franco (Франсиско Франко) – əсіре ұлтшылдардың басшысы, 1936–1938 жылдары
Испанияда республикалық үкіметке қарсы төңкеріс ұйымдастырды. Ол дүние салғанға дейін
Испанияны биледі, 1975 жылы қайтыс болды].


АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Романдағы дискурс
Михаил Бахтин
Михаил Бахтин – ХХ ғасырдың соңындағы әдеби және мәдени зерттеулерге жаңа леп әкелген
көрнекті ойшылдардың бірі. Ол қоғамның жеке-жеке қайнарларынан туындап жатқан
дискурстарды әдебиеттің қалай тоғыстыратынына ден қойды. Сонымен қатар әдеби тілді қайта
зерделеуге үлес қосты. Теорияға салсақ, кез келген сөз басқа бір сөзбен байланыста болады.
Аталмыш теория жекелеген әдеби шығармалардан назарды бұрып әкетіп, көркем шығарма
орын тепкен интермәтіндік әлемнің табиғатын түсінуге жетеледі. Бұл мақалаға арқау болған
таңдамалы үзінділер 1934–1935 жылдары қағаз бетіне түскен.
Романды, тұтастай алғанда, түрлі əлеуметтік типтердің сөйлеу түрі, кейде
тіпті бір ғана тілдің сан алуан құнары, əрі-беріден соң, көп үннің көркемдік
тұрғыдан жымдасқан жиынтығы десек те болады. Оның ішкі əрқилы
қыртыс-қабаттары тұтас бір ұлттың əлеуметтік диалектілеріне, жеке бір
топтың мінез-құлқына, кəсіби қалыптасқан сөздерге, бесаспап тілге, өсіп
келе жатқан жеткіншектер мен егде кісілердің тобына тəн сөздерге, билік
тіліне, түрлі үйірмелер мен сəн үлгілерінің тіліне, тіпті əлеуметтік-саяси
бағытта өтетін нақты бір күнге, сағатқа (күнделікті көтерер ұранына, өзіне
тəн сөз мақамына, өзіндік сөз əсеріне) қызмет етуі мүмкін. Тілдің бұл ішкі
қабаттарының қатпарлануы кез келген ұлт тіліне қатысты. Өзінің тарихи
жасампаздығына орай, олар романның жанр ретінде қалыптасуына əсер
етеді. Романның өз тақырыптарын əлемдегі идеялар мен сөз құралының
байлығына, ондағы суреттеу мен айтылған сөздің, сөйлеу түрлерінің
(
разноречие – алуан түрлі сөйлеу мəнері
) əлеуметтік əралуандығы мен
осындай жағдайларда туындаған əртүрлі жекелеген дауыстардың қолайлы
дамуына үйлестіруі, бейнелеп айтқанда, оркестрді көз алдыңа əкеледі.
Автор сөзі, əңгімелеушінің сөз саптауы, жанрдың қарастырылуы,
кейіпкерлердің сөзі – бұлардың бəрі де гетероглоссияның 
алуан түрлі
сөйлеу мəнері 
көмегімен романға енетін іргелі композициялық бірліктер.
Айналып келгенде, бəрінің илейтіні бір тері, мақсаты ортақ. Олардың
əрқайсысы көптеген əлеуметтік үндерге жəне əртүрлі байланыстар мен
өзара қарым-қатынасқа түсуіне (əрдайым көп немесе аз диалогті)
мүмкіндік береді. Мұндағы айырмашылық – айтылған сөздердің өзара


байланысып, сөйлеу түрлеріне ұласуы.
Сан қилы сөздер мен тілдер арасындағы айқын байланыстар, өзара
тəуелділіктер, тақырыптың түрлі тілдер мен сөйлеу мəнерлері арқылы
өрбуі, сол тақырыптың əлеуметтік гетероглоссияның сыздықтаған
ағыстары мен тамшыларына бөлініп кетуі, оның диалогизациясы – роман
стилистикасының негізгі айырмашылықтарының бірі. Тілдер мен
стильдердің мұндай мызғымас бірлікке қол жеткізуі дəстүрлі стилистикада
əлі қалыптаса қойған жоқ. Романдағы тіл мен əлеуметтік диалогтің
айырмашылығын жақындастыру тəсілін де əзірге ешкім білмейді...
Тіл – сөз суреткерінің санасы өмір сүретін нақты бір тіршілік ортасы
сынды болғандықтан, ешқашан да біркелкі болмайды. Ол оны толтырып
тұратын нақты идеологиялық түсінік пен тірі тілдің үздіксіз тарихи
қалыптасуынан оқшаулап алынған нормативті формалардың абстрактілі
грамматикалық жүйесі ретінде ғана біртұтас болмақ. Шынайы əлеуметтік
тіршілік пен тарихи қалыптасу ұлттық абстрактілі бірыңғай тіл аясында
тұйық, ауызша идеологияның һəм əлеуметтік танымның көптеген айқын
əлемін жасайды. Тілдің деңгейлес, абстрактілі элементтері осы сынды
əркелкі таным шеңберлерінде түрлі мəнді де құнды дүниелер жинап,
əрқилы дыбысталады. Осындай əр алуан жүйелер (абстрактілі деңгейде
бірегей) əртүрлі семантикалық, аксиологиялық мазмұнмен жəне өзіндік
дербес дыбысымен толыққан тілдің элементтері болып саналады.
Ауызша һəм жазбаша əдеби тіл өзіндік ортақ абстрактілі-тілдік
сипаттарымен ғана емес, осы абстрактілі белгілерді ұғыну формасы
бойынша да біртұтас болғандықтан, өзіндік нақты тақырыптық-мағыналық,
экпрессивтік тұрғыдан жіктелген əрі бір-біріне кереғар.
Мұндай жіктеу, ең алдымен, жанрлардың өзіндік болмыс-бітімі бойынша
анықталмақ. 
Тілдің 
қандай 
да 
бір 
белгілері 
(лексикологиялық,
семантикалық, синтаксистік т.б.) əртүрлі жанрлардың, яғни шешендік,
публицистикалық, газеттік, журналистік, арзан əдебиет жанрлары (мəселен,
көркемдігі əлсіз роман) үлкен əдебиеттің алуан түрлі жанрларының
интенционалды талпынысы мен ортақ акценттік жүйесімен астасып
жатады. Осы белгілер аталған жанрлардың ажарын ашып, нəр береді: олар
белгілі бір көзқараспен, ой толғау түрімен, реңкі мен акцентімен біте
қайнасып кетеді.
Бұдан басқа, туындаған тілдің жанрға жіктелуі тілдің кəсіби жіктелуіне де
ұласып жатады. Жалпы алғанда, «кəсіби» тіл адвокаттың, дəрігердің,
саудагердің, саяси тұлғаның, халық мұғалімінің т.б. болып жалғаса береді.


Осылайша бұл сөздер тілдің жанрға жіктелуімен одан əрі үйлесіп, ал кейде
басы бірікпей, жіктелуге ұшырайды. Бұл тілдер, əрине, сөздік қорымен
ғана ерекшеленбейді. Олардың құрамында интенционалды бағыттың,
нақты мəн мен бағаның белгілі бір формалары бар. Ал жазушы (ақын,
романист) тілінің өзі де өзге кəсіби жаргондармен деңгейлес қалыптасқан
сөз ретінде қабылдануы мүмкін.
Алайда ортақ əдеби тілді жанрлық не кəсіби жіктеумен іс біте қоймайды.
Əдеби тіл əлеуметтік топтарда үстем болатын ауызша-жазбаша тіл секілді
өзінің түп өзегінде біртекті болады. Солай бола тұра, өзге дəуірлерде өткір
боп келген атаулы əлеуметтік саралау мен əлеуметтік жіктеме əрдайым
орын алып жатады. Əлеуметтік жіктеме онда да, мұнда да жанрлық һəм
кəсіби жіктемемен сəйкес келуі əбден мүмкін, бірақ оның толығымен
дербес жəне өзіндік ерекшелігі бар.
Сондай-ақ əлеуметтік жіктемені, ең алдымен, тақырыптық-мағыналық
һəм экспрессивтік танымдардың ерекшелігімен анықтайды. Демек ол – тіл
элементтерін ұғыну мен оларға акцент жасаудың типтік ерекшеліктерінде
көрініс береді деген сөз. Əрі ортақ əдеби тілдің абстрактілі-тілдік
диалектологиялық тұтастығын бұза алмайды.
Оның үстіне, кез келген əлеуметтік маңызы бар дүниетаным өзінше бір
жол тауып, тілдің интенциялық мүмкіндіктерін бұрмалауы да мүмкін.
Бағыттар (көркемдік те, басқа да), орталар, журналдар, кейбір газеттер тіпті
қандай да бір маңызды шығармалар мен жеке тұлғалар – бəрі де өздерінің
əлеуметтік маңызына қарай тілдегі сөздер мен формаларға өзіндік типтік
интенциясы мен акценттерін жүктей алады. Сол арқылы оларды белгілі бір
мөлшерде өзге бағыттардан, топтардан, шығармалардан, тұлғалардан
шеттетіп, тілді жіктеуге ұмтылады.
Əлеуметтік маңызы бар əрбір ауызша айтылған сөз кейде тұтас дəуірлерге
созылып, кең ауқымда таралып, тіл белгілеріне нақты бір мəндік
өзгешеліктер мен айқын сарын таңу арқылы оның мəндік һəм
экспрессивтік талпынысында қозғалған өз интенцияларын жұқтыра алады.
Сөйтіп, ол ұран сөз, бейəдеп сөз, мақтау сөз т.б. сөздер жасай алады.
Ауызша-идеологиялық өмірдің кез келген белгілі бір тарихи кезеңінде
əрбір əлеуметтік топтағы əр буынның өз тілі болады. Бұған қоса, түрлі
жастағы адамдардың да, шын мəнінде, əлеуметтік тобының, оқу орнының
(бастауыш сыныптың, жоғары сынып оқушыларының жəне кəсіби колледж
студенттерінің тілдері əркелкі) өзге де жіктелім факторларының ырқына
қарай өзгеріп отыратын өз тілі, өз мақамы, өзіндік акцент жүйесі бар.


Мұның барлығы, əлеуметтік ортасы қаншалықты тар болса да, əлеуметтік-
типтік тілдерге жатады. Тіпті отбасылық жаргон да тілдің əлеуметтік шегі
бола алады. Бұған мысал: Толстойда суреттелген, өзіндік ерекше сөздігі
мен өзіндік акцент жүйесі бар Иртеньевтер отбасының жаргоны.
Соңғы айтарым: əлеуметтік-идеологиялық өмірдің, əртүрлі дəуірлер мен
кезеңдер тілінің кез келген уақытпен тығыз байланысы бар. Тіпті əрбір
күннің де тілі болады. Бүгінгі мен кешегі əлеуметтік-идеологиялық һəм
саяси «күннің» өзіне тəн дискурсы бар. Əрбір күннің өзіндік əлеуметтік-
идеологиялық, мəндік жағдаяты, өзіндік сөздігі, өзіндік акцент жүйесі,
өзіндік ұраны, өзіндік балағаты мен мақтауы бар. Поэзия тілдегі «күндерді»
өңінен айырады, ал проза, көріп отырғанымыздай, оларды əдейілеп
шеттетеді. Оларды бітпейтін романдық диалогтерде бір-біріне қарсы қойып
салыстырады.
Осыған орай, өзінің тарихи тіршілігінің кез келген сəтінде тіл бастан-аяқ
кереғар. Бұл осы шақ пен өткен шақ арасындағы, өткен шақтың түрлі
дəуірлер қалтарысындағы, осы шақтың əркелкі əлеуметтік-идеологиялық
топтары арасындағы, бағыттар, мектептер, орталар т.б. аралық əлеуметтік-
идеологиялық қарама-қайшылықтардың іске асқан тіршілігінен көрінеді.
Мұндай қайшылық жаңа əлеуметтік-типтік «тілдер» жасап, өзара түйісіп те
жатады...
Дегенмен, шындығында, біздің салыстыруымызды методологиялық
тұрғыдан негіздейтін ортақ жазықтық бар. Ол – гетероглоссияның, яғни
əртүрлі тілдік мəнердің топтасқан түрі. Олардың даралық негізінде қандай
қағида жатпасын – əлем жайлы өзіндік түсінік, оларға ауызша мағына беру
формасы айрықша тақырыптық-мағыналық һəм құндылыққа толы ой-өріс
болып танылмақ. Сондықтан да олар бір-бірін өзара толықтыра алады, бір-
біріне қайшы келеді, олардың бəрін де салыстыруға, диалог тұрғысынан
байланыстыруға əбден болады. Ол сөздер адам санасынан, яғни сол
шығарманы жазып отырған суреткер-романшының жасампаз санасынан
орын алып, қатар өмір сүреді. Сондықтан да олар əлеуметтік
гетероглоссияда шынайы тіршілік кешіп, күресіп, шыңдалады. Сол үшін
олардың бəрі де жанрлық тілдердің пародиялық стилизацияларын, кəсіби
бағыттық тілдердің, буындар, əлеуметтік диалектілер т.б. (мəселен,
ағылшын юморлық романындағы) тілдердің əртүрлі көрсетілімі мен
стилизациясын 
өз 
ішінде 
біріктіруге 
қабілетті 
романның 
ортақ
жазықтығына ене алады. Романшы олардың бəрін де тақырыптарын
үйлестіру үшін əрі тігісін жатқызып (турасынан емес), ойлау жүйесі


(интенциясы) мен бағасын көрсету үшін пайдалана алады…
Тілдегі барлық осы жіктеу күштерінің жұмыс нəтижесінде ешқандай да
бейтарап, «ешкімге» тиесілі емес сөздер мен формалар қалмайды. Тіл
толықтай талан-таражға түсіп, интенцияларға бой алдырып, акценттен көз
ашпайды. Өзінде тіршілік кешетін сана үшін тіл – нормативті формалардың
абстрактілі жүйесі емес, əлем жайлы нақты гетероглоссиялы түсінік. Жанр,
бағыт, топ, қандай да бір шығарма, қандай да бір адам, буын, жас шамасы,
күн мен сағат сынды кез келген сөзден мамандықтың «дəмін» сезуге
болады.
Əрбір сөз əлеуметтік тұрғыда зақымдануға ұшырап, өмір сүріп келе
жатқан контекст пен контекстердің дəмін татады. Барлық сөздер мен
формалар қилы ниеттерге толы. Контекстік қамыттан (жалпы, үрдістік,
индивидтік) олардың қашып құтылмайтыны сөзсіз. Тұрақты, əлеуметтік-
идеологиялық нақты бір нəрсе ретіндегі гетероглоттық пікір, тіл жеке сана-
сезім ретінде өзінше дараланып, шекаралық аралықта жатыр. Тілдегі сөз –
бөтен бір сөздің жартысы. Ол сөздің өзіндік семантикалық жəне
экспрессивтік мағынасына өз ойыңды, мəнеріңді, өз ниетіңді бейімдеп
толтырған кезде ғана «сенікі» болады. Осы сəттен бастап, сөз бейтарап əрі
ешкімге тиесілі емес қасиетін жояды (сөйлеп тұрған кісі сөздерін сөздіктен
алмайтын шығар!) Сөйтіп, басқа адамдардың ауыздарында, өзге
адамдардың контекстерінде, өзге де əртүрлі ниеттерді жүзеге асыруға
қызмет ете бастайды. Міне, біз дəл осы жердегі сөзді алып, оны өз сөзімізге
айналдыра аламыз. Бірақ сөздердің бəрі бірдей бағынып, икемге көне
қоймайды. Өз сөзімізге айналып кете қоюы да екіталай. Көп сөздер
қарсылық танытып, жатық айтылмай жатса, енді бір сөздер бөгделігін
білдіріп, айғайлап тұрады. Кім айтып тұрса да, ондай сөздердің бөтендігі
білініп қалады. Ассимиляцияға бағынбай, контекстен қашқақтап, мінез
танытқаны айқын аңғарылады. Айтып тұрған адамның еркіне көнбей,
тырнақшадағы сөздей тырысып бағады. Тіл айтушының еркіне бағынып,
оның сөзіне оп-оңай айнала салар бейтарап құрал емес. Ол басқа адамның
иелігіне көшіп келген қоныстанушы іспеттес. Бірден жерсіне алмайтыны да
сондықтан. Оған төселу үшін, өз ырқыңа бағындырып, иелену үшін уақыт
керек. Екпініңе көніп, сіңісіп кетуі де оңай емес; қиын да күрделі процесс.
Нақты əлеуметтік-идеологиялық тілдік сана қалай шығармашылық
деңгейге көтеріле алады, яғни белсенді бола ала ма? Əдебиет ретінде ол
гетероглоссиямен қоршалған кейіпте танылады жəне талассыз һəм қол
тимеген біртұтас қалыпта айқындалады. Белсенді əдеби лингвистикалық


сананың барлық уақытта жəне барлық жерде (яғни біз тарихи тұрғыдан қол
жетімді барлық əдебиеттер дəуірінде) тілмен емес, «тілдермен» қақтығысқа
түсетіні белгілі. Сана тілді таңдау барысында ондай қақтығыстардан
қашып 
құтыла 
алмайды. 
Əрбір 
əдеби 
сөз 
қойылымына 
сана
гетероглоссиялық ортада белсенді түрде барлау жасап, өз ішінде
тұрақтылық орнату үшін өзі қозғалысқа түсіп, басқаша айтқанда, «тіл»
таңдайды. Хат-хабарсыз, ойсыз, толығымен əлеуметтік идеологиялық
қалыпты өмірден тыс, тек тұйықталған ортада қалған жағдайда адам тіл
таңдау мүмкіндігінен қол үзеді əрі өз тілінің өзге тілмен қақтығысқа
түспейтініне де сенімді болғандықтан, бұйығылыққа ұрынады.
Тіпті ондай адам бір ғана тіл емес, тұтас тілдермен де айналысады. Ол
тілдердің əрқайсысының тұрғылықты орны бекітілген əрі талассыз.
Қозғалыстың бірінен екіншісіне ауысуы да айқындалған, ол алдын ала
ойлау үдерісінен туындамайды. Бұл тілдердің əрқайсысы бейне бір жеке-
жеке камераларда болғандай. Сондықтан да олар санада бір-бірімен
қақтығысқа түспейді. Бұл тілдің бірі екіншісіне басқа тілдік тұрғыдан
көзқарас танытып, үйлестіруге де қауқарсыз.
Бір мысал келтіре кетейік. Қала орталығынан бірнеше шақырым
қашықтықтағы шала сауатты шаруалар қозғалыссыз қалыптың құрсауында;
олардың күнделікті тұрмыс əлемі де олар үшін бұлыңғыр. Оған қоса,
бірнеше тілдік жүйенің ортасында өмір сүруде; Құдайға бір тілде
(шіркеудегі славян тілінде) дұға жасаса, басқа бір тілде əн салады,
отбасымен өзге тілде шүйіркелесіп, ал жергілікті билікке хатшы арқылы
өтініш жасай бастағанда, төртінші тілге (ресми-сауатты тіл, «қағаз тілі»)
көшеді. Мұндағы əртүрлі тілдердің барлығы əлеуметтік-диалектикалық
маркерлер тұрғысынан да дерексіз. Бұл тілдер шаруаның тілдік санасында
да диалог түрінде келісілмеген. Ол бірінен екіншісіне ойланбастан өтті.
Əрқайсысы өз орнында тұрғанында дау жоқ, əрқайсысының орны да
талассыз. Бір тілді талдап-таразылауға (оған сəйкес келетін сөз əлеміне),
басқа тілдік көзқараспен (яғни күнделікті қолданыстағы тіл мен күнделікті
дұға əлемінің тіліне, əнге яки керісінше) қарауға оның сауаты жетпеуі де
мүмкін.
1
Тілдерді сыни интеранимациялау біздің шаруаның санасында пайда
болды делік. Олар тек əртүрлі тілдер ғана емес, сонымен қатар ішкі
алабажақ тілге, əлемдегі идеологиялық жүйелер мен соған лайықты
тəсілдерге де бауыр басқан. Сол тілдермен ажырамастай байланысқан
тілдердің бір-бірімен қайшы келіп, бір-бірімен бейбіт əрі тыныш өмір сүре


алмайтын жағдайында, бұл тілдерге тиесілі сапа өзара əрекеттесудің
ақырына келіп жеткен соң, олардың арасында бағдарларды белсенді түрде
таңдау қажеттігі басталады.
Тіл мен дұға əлемі, тіл мен əн əлемі, тіл жəне еңбек һəм күнделікті
тұрмыс əлемі, маманданған тіл мен жергілікті билік тілі, жаңа тіл мен
қалаға жақын арада көшіп келген еңбекшілердің əлемі мен тілі бола ма –
барлығы да ерте ме, кеш пе, бейғамдықтан бас көтеріп, басқалармен қатар
еркін тыныс алары даусыз. Еркіндіктің арқасында əрқайсысы сөйлеу
түрінің түрленуіне үлес қосады.
Прозашы жазушы-романшы ретінде өз шығармасының тілінен басқа
адамдардың ой-танымын сызып тастамайды. Ол гетероглоттық тілдердің
артында тұрған əлеуметтік-идеологиялық мəдени көкжиектерді (үлкен
жəне кішкентай əлемдерді) бұзбайды, қайта оларды қуана қабылдап, өз
жұмысына пайдаланады. Прозашы басқалардың əлеуметтік танымына толы
сөздерді шебер пайдаланып, өз мақсатына жұмыс істеуге мəжбүрлейді.
Сөйтіп, ол сөздер өздерінің жаңа иесіне қызмет ете бастайды...
Ағылшын ажуа (комикс) романдарынан, барлық деңгейдегі ауызекі тіл
бола ма, жазба тіл бола ма, бүгінгі таңдағы аса қажет əдеби тілдің ажуа-
қалжыңдық (комикалық-пародиялық) қайта өңдеуін таба аламыз. Бұл
сөздердің əрбірін... əдеби тілдің формалары мен энциклопедиялық барлық
сөз қыртыстарының бесаспап классикалық түрі десе де болады.
Шығармадағы сюжеттік тақырыпқа байланысты пародиялық (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет