Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет166/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

acquisitive
) жүйе торының
құрсауында ұстап қалу қажет. Бұл тəсілдің мифтік, тіпті буржуазия
арасында да айтарлықтай анахрондық сипатқа ие бола бастағаны айтпай-ақ
белгілі. Менің топшылауымша, жаңа анықтамалық кітапша əзірлеу қолға
алынса, айталық, 
L’Express
журналындағы əйел-редакторға немесе «Match»
редакторына тапсырылса, біздің көз алдымызда Анкетил жəне Ларусса
Испаниясынан кейінгі Зигфрид Испаниясы, одан кейін Фурастие
Испаниясы сынды барынша өзгеше елдер пайда болар еді. Соңғы кездері
«Мишлен анықтамалығында»
 
(
Michelin Guide
) жақсы қонақүйдің
көрсеткіші 
ретінде 
жуынатын 
бөлмелер, 
шанышқылар 
саны
«көркемөнердің көрікті туындыларымен» араласып, бəсекеге түсіп жүр.
Мұнда тіпті буржуазиялық мифтердің де өзіндік айырмашылыққа толы
геологиясы бар.
Испания жағдайында суреттеп баяндаудың əбден таптаурын болған
сипатын үрдіске айналдырған жолнұсқаушының (
гидтің
) Франкоға берген
жасырын қолдауы тұсында ғана суреттеуі шындыққа толық жанасады.
Тарихи əңгімелерде (олар саны жағынан аз жəне мардымсыз келеді, себебі
тарихтың өзі игілік əкелетін буржуазия емес екені əбден белгілі) сол
жердегі Герника жайлы бір ауыз сөз де айтылмайды. Есесіне,
республикалықтардың əрдайым шіркеулерді тонайтын «экстремистерді»
тілге тиек еткен əңгімелері жиі ұшырасады. Оған қарама-қарсы қойылған
«жақсы əсіре ұлтшылдардың» «азаттық жолындағы күресте» тек «шебер
стратегиялық маневр жасап», «қарсылық танытуда ерекше қайсарлық
танытып, ерлік көрсеткені» жайлы аңыздарды тықпалап жіберу де ұмыт
қалмайды. Бұлардың сыртында, салтанатты миф-алибидің өркендеуі


жайлы, елдің көркеюі туралы байыпты баяндау да бар. Бұл көркею
«статистикалық» жəне «ғаламдық», дəлірек айтсақ, «коммерциялық»
кейіпте көрініс тапқаны айтпаса да түсінікті. Əрине, «
Көк анықтамалық
»
бізге осы көркеюдің қалай бөліске түскені жайлы лəм-мим дей қоймас.
Бəлкім, ол 
иерархиялық
жолмен жүрді. Олар бізге «қайта жаңғыруды
бастан кешіру үшін тəртіп пен иерархияның негізгі принциптерін
бұлжытпай орындай отырып, халық өзінің сабырлы һəм салмақты күші
арқылы саяси жүйенің реформасына қол жеткізгенін» айтуды лайық көруі
де əбден мүмкін.
3
Адамның үлкен отбасы
Парижде үлкен фотосурет көрмесі өткізілді. Оның мақсаты дүниежүзінің
барлық елдеріндегі адам баласының күнделікті өмірде атқаратын
əрекеттерінің ортақ сипатын көрсету еді. Адамдар дүниеге келеді, өмірден
өтеді, жұмыс істеп, білім алады, ойнайды, демалады. Осы тəрізді
əрекеттердің барлығы да жер бетіндегі адамдарға ортақ. Сондықтан да бұл
іс – əр адамның отбасындағы күнделікті тіршілік.
«Адамның отбасы» (
The Family of Man
)
 
Парижге Құрама Штаттар алып
келген көрменің атауы болатын. Ал француздар оны «Адамның үлкен
отбасы» деп аударды. Бұрын бұл сөз орамының зоологияға қатысты
қолданылып жүргені де рас. Жан-жануардың мінез-құлқындағы адамға
ұқсастық т.б. отбасылық əрекет ретінде ерекшеленіп, сөз болатын. Əртүрлі
адамдардың да тұтастығын білдіретін бұл сөйлем осы жерде биік
моральдық мағынаға жəне оны терең сезінетіндей (
sentimentalized
) мəнге ие
болды. Бұл көрме, əу бастан, бізді гуманизміміздің бастамасын жасаған
адам баласының алғашқы «қауымдасуының» екі жақты мифіне
бағыттайды.
Бұл 
мифтің 
əрекеті 
екі 
сатыдан 
тұрады: 
біріншіден, 
адам
морфологиясындағы өзгешеліктер көрсетіліп, экзотика мəселесі барынша
атап өтіледі. Адам терісінің түсі, бас сүйегінің пішіні жəне салт-дəстүрінің
алуан түрлілігі тəрізді адамзат баласының сырт келбетіндегі сансыз
өзгешеліктері көрініс табады. Көз алдымызға Вавилон бейнесінің сұлбасы
жасалды. Осындай плюрализмнің арасынан бір «сиқырдың» көмегімен
тұтастық қалыптасты. Адам барлық жерде бірдей туады, жұмыс жасайды,
күледі, өледі. Осы əрекеттер арасында кейбір этностық ерекшеліктер
болғанымен, олардың астарында бəріне бірдей «табиғи» сəйкестіктің


жатқаны айқын. Олардың алуан түрлілігі тек сырттай қарағанда ғана
қалыпты дүние екендігі əрі ортақ ұқсас жайттардың бар екенін жоққа
шығармайтыны меңзеледі. Бұл жерде адам болмысы негізге алынатыны
сөзсіз. Көрмеде Құдай да көрініс тапқан. Адамдардың алуан түрлілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет