Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет18/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Жорж Пуле
: «Бұл – кітапты оқи бастаған кезде туындайтын ең əуелгі феномен. Нысаннан
қалқып шығып, санамды шарпыған дүниенің мəн-мағынасы бар екенін түсінген кезде, мен
қолымда ұстаған нəрсенің жай ғана нысан немесе қарапайым тіршілік иесі емес екенін
пайымдаймын. Пайдалы тіршілік иесінің, кездестіріп жүрген өзге адамдардан ерекшелігі жоқ,
өзім дағдылы түрде қабылдайтын басқа адамның сана сезімі
 
өзімнің ішкі жан дүниеме үңілуге,
тіпті естімеген лицензияны ойлап, оның не жайлы, не туралы екенін пайымдауға, не сезінетінін
сезінуіме мүмкіндік береді.
Бір ғажабы, мен мұндайды бұрын естіп көрмеппін. Біріншіден, таңғалатын жағдай
 

«нысанның» жоғалуы. Қолыма ұстап тұрған кітап қайда кетті? Ол əлі де сонда, солай бола
тұрғанмен, ол енді жоқ, еш жерден таппайсың. Бұл – түгелімен қағаздан жасалған зат, металл мен
фарфордан да
 
жасалатын заттар бар, егер мен кітапты оқып шықсам,
 
бұл зат енді ғайыпқа
айналатын сияқты. Кітап бұдан əрі материалдық нақтылық болудан қалады ғой. Ол сөз, образ,
идеялардың жиынтығы ретінде тіршілік ете бастайды. Бұл жаңа тіршілік қайда пайда болуы
мүмкін? Қағаз нысанында болмайтын шығар, əрине. Сондай-ақ сыртқы əлемде де болмаса керек.
Бұл жаңа тіршіліктің
 
өмір сүруіне бір ғана орын қалды: ол – өзімнің ішкі дүниемдегі «Мен».
XX ғасырдың басындағы əдебиет теориясының негізгі мектептерінің бірі
орыс формализмі болды. Ол əдебиетті зерттеуді неғұрлым ғылыми
əдебиетпен тығыз байланыстыруға тырысты, əдебиет жəне жазба өнердің
басқа түрлерінен ерекшелендіретін əдеби əдістерді зерттеуге ден қойды.
Орыс формализмі өзінің бастауын сезімге толы өнер адам санасын
алмастырып, əлемді өзгерте алады деген көркемдік радикализммен
байланыстырды. 1916 жылы құрылған «Дада» қозғалысының радикал
авторлары Бірінші дүниежүзілік соғысқа жауап ретінде өнердің жаңа
қиратушы түрін жасауға ұмтылды. Өркениетті Еуропаның милитаризм
қыспағына түсу қаупі жəне соғыс солшыл жазушылардың бұл тобын елең
еткізді. Егер сана осындай тығырыққа алып келсе, поэзия сөзсіз


иррационал болуы керек. Ойлаудың жоғарғы деңгейіне шығу үшін ол
өлеңнің 
тиімді 
формаларын 
бұзуы 
тиіс. 
«Дада» 
мəнсіз 
жəне
антибуржуазиялық сипатта болар еді. Ол шіркеу мен отбасының
қарабайырлығын жоққа шығарып, бүгінгі біздің «отбасылық құндылықтар»
деп атаған маңызды мəселеге XIX
 
ғасырда-ақ назар аудартар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет