Тристан Цара :
«Жаңалыққа деген құмарлық жанашырлыққа кереғар жүреді, ондай адам
«маған бəрібір» деген аңғал ұстанымға бейім болады; ол – түсіндіру мүмкін емес жағымды да,
өткінші көңіл күй. Бірақ бүгінгі таңда бұл да ескірген. Өнерді жоғарғы қарапайымдылық негізінде
рəсімдеуде жаңалық пайда болды, ендігі жерде «біз адамбыз, ойын-сауыққа, желігуге, көңіл
көтеруге бейімбіз» деген ұғым пайда болды. Орман ішіндегі сəулелер тоғысындай алабұртып,
өмір де өтіп жатыр. Үндеухат жазып отырмын; артық нəрсе жазбаймын, тек нақты нəрселерді
айтамын. Үндеухат жазғанды ұнатпаймын, бірақ қандай да бір принципті де ұстанбаймын (əр
сөздің моральдық құндылығын бірден-ақ аңғаруға болады; ал жуықтату
(approximation) дегенді
импрессионистер ойлап тапқан). Бұл үндеухатымды кез келген адам бір мезетте бір-біріне мүлде
қарама-қайшы əрекеттерді істей алатынын көрсету үшін жазып отырмын; ал мен ондайға
қарсымын; жағымды да, жағымсыз да іске қарсымын, ешқайсысын қолдамаймын, себебі мен
əлденені қисынға салып, пайымдап отырғанды жек көремін...
Өнердің сұлулығын күшпен мойындата алмайсың, сондай-ақ өнер туындысы бəріне бірдей
объективті түрде ұнай бермейтіні де анық. Сондықтан өнерді сынаудың пайдасы жоқ. Сын тек
субъективті болады, əркімнің сыны əртүрлі болады, сын жалпыға ортақ болуы мүмкін емес.
Сынның адамзатқа ортақ психологиялық негізін тапқан ешкім жоқ шығар. Иса мен Библияның
шапағатты мейірімі дүниені тегіс қамтуға, шайтанды да, хайуанатты да, күнделікті тіршілікті де
қамтуға тырысқан. Осынша шексіз, пішінсіз хаосты адам баласы бір жүйеге келтіре алады деу
мүмкін бе еді? «Жақыныңды жаттай сыйла» деген ұстаным – екіжүзділіктің белгісі. «Өзіңді таны»
деген ұстаным тіпті утопия, бірақ бұл утопияда қатігездікті тануға деген ұмтылыс бар... Өкінетін
ештеңе жоқ. Тіпті қатігез қылмыс жасаған адамның да жанының тазаратынына сенеміз. Бұл жерде
мен өзім жайлы айтып отырмын. Басқаларды өз ойыма үгіттеуден аулақпын. Өз ойымды
əлдебіреуге таңуға құқым жоқ. Ешкімге де мен жүрген жолға түс демеймін. Өнерде əркімнің өз
жолы бар. Ең бастысы, жұлдызды əлемге апаратын тура жолды білу керек, сондай-ақ əркім өзінің
қиялы мен шабытына барар жолын дұрыс таңдағаны жөн. Əрбір жолдың өз тиімділігі бар. Бұндай
тиімділікке қол жеткізу менеджменттің ұзақ та ауыр жолы арқылы ғана келеді, бұл сапарда үлкен
тəуекел бар. Осыдан келіп дадаизм
(dada ) өз алдына дербес ағымға айналды, бірлікке деген
бұрынғы сенімінен айырылды. Ал бірлікке сенімін жоғалтпағандар еркіндігін де сақтап қалды.
Біз ешбір теорияны мойындамаймыз…
Бірлікті жоққа шығаратын істің бəрі – дадаизм; бірлікті қирататын істің бəрі – дадаизм;
ыңғайлы ымыраға келу мен жағымды əдеттің ұяң үйлесімін теріске шығаратын білімнің бəрі –
дадаизм; қисынсыз істерді қолдап, қисынға мəн бермейтіннің бəрі – дадаизм; бізді құл ету үшін
құрылған əлеуметтік иерархия мен теңдіктің бəрі – дадаизм; басты мақсаты кіммен болса да күрес
болып табылатын кез келген объект те, сезім де, түсініксіздіктер мен қарама-қайшылықтар да –
дадаизм; тарихын ұмыту да – дадаизм; археологиясын ұмыту да – дадаизм; пайғамбарларды
ұмыту да – дадаизм; келешегін білмеу де – дадаизм; білімсіздіктің кесірінен кез келген құдайға
сөзсіз құлай табыну да – дадаизм; үйлесімді күйде отырып, басқа бір көңіл күйді аңсау да,
дыбысы шайналып шыққан пластинкадай күй кешу де, кейбіреудің шын көңілмен, беріле
жасаған, ұяңдықпен қымсына жасаған ақымақ ісін қолдау да, əлдебіреудің мінажат орнындағы
аксессуарға қарсылық білдіруі де, жағымсыз болса да, қарқыны сарқыраманың екпініндей күшті
идеяларды алтынмен апталған періштедей етіп көрсетіп, нысананы дөп қирататындай етіп
қолдану да осылардың қатарына жатады. Біз еркіндік, Дада, Дада, Дада деп жүргеніміз – сан
алуан түстердің қосындысы, қарама-қайшылықтардың шиеленіскен түрі, гротеск мен
үйлесімсіздіктің бейнесі, яғни ӨМІР».
Орыс
əдебиеттанушысы
Виктор
Шкловский
(1893–1984)
Дада
идеяларына сүйене отырып: «Поэзия біздің күнделікті сезімімізді ұштай
түсетіні сонша, уақыт өте келе айналамыздағы ортаның сипатын əдеттегі
қарапайым құбылыс ретінде қабылдай бастаймыз», – деген еді. Поэзия бұ
дүниенің шынайы сипатын теріске шығарғандай болса да, бəрібір оны
қайта мойындауға мəжбүрміз.