Орыс формализмі. Жаңа критицизм.
Поэтика
БІРІНШІ ТАРАУ
Кіріспе
Формализм
Джули Ривкин мен Майкл Райан
XX ғасырдың басындағы орыс формализмі мен америкалық жаңа
критицизм пайда болғанға дейін-ақ, əдебиетті зерттеу – тілді зерттеу деген
көзқарас қалыпты құбылысқа айналған болатын. Ал əдебиеттанудың жаңа
бағыты əдеби туындының пайда болған тарихи кезеңінен бастап, автордың
өмірбаянына дейінгі аралықтағы əдебиетке қатысты барлық мəселелерді
қамтығанымен, солардың ішінде тілдік зерттеулерге жете мəн берілмеді.
Əдеби тілдің қызметінен гөрі əдеби шығарманың мазмұны əлдеқайда
маңызды болды; XX ғасырдың басында пайда болған аталмыш екі жаңа
ағым əдеби зерттеулердің бағыт-бағдарын басқа арнаға бұрды. Біріншісі
білім нысандарын еш нəрсемен байланыстырмай, сол таза қалпы, дербес
күйінде бөліп алуға ұмтылған Эдмунд Гуссерль тəрізді философ
ғалымдардың ықпалымен жүзеге асырылды. Жастайынан қаламды серік
етіп, жазуға машықтанған жас ғалымдар тобы, формалистер, (Виктор
Шкловский, Роман Якобсон, Борис Томашевский, Борис Эйхенбаум)
жиырмасыншы жылдары осы қозғалыстың көрігін қыздырды. Олар үшін
əдебиет əлемге зер салатын дүниетаным көкжиегіне жатпайды, ол –
философия немесе əлеуметтануға, өмірбаянға да ұқсамайтын, тек өзіне
ғана тəн дара жүйесі мен көркем де кестелі бітімі бар өзгеше құбылыс.
Əдебиет – əлеуметтік тақырыптарды, философиялық идеяларды немесе
ғұмырнамалық ақпараттарды зерделейтін дүниетаным құралы да емес,
керісінше, көздің жауын алатын əрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін
тылсым қабырғаның өзі немесе ондағы жанды сурет. Көркемдік
құралдардың құдіреті шындық туралы елес туғызуы яки əйнектен
қарағандай əсерге бөлеуі мүмкін. Алайда бұлардың барлығы жан-жүрегіңе
қозғау салуға қатысатын құрылымдар əрі əдебиетті əдебиет ететін де тап
осылар.
Екінші қозғалыс – «кез келген ақиқат, ғылыми əдістер эмпирикалық
дерек-дəйектерге негізделеді» деген ғылыми тұжырымдаманы теріске
шығарған, жаңа эстетика мен өнер философиясын жасауға ұмтылған
Бенедетто
Кроче
сияқты
идеалист
философтардың
талпынысы.
Ғылымдағыдай емес, өнерде ғылыми зерттеулерге бағынбайтын əрқилы
ақиқатқа қол жеткізуге болады. Себебі ол ғылыми фактілер тілі
(денотативті тіл) арқылы жүзеге аспайды, тек коннотативті тіл (тұспал,
метафора, символизм т.б.) арқылы көрініс табады. Америкалық жаңа
критицизм өкілдері (Клинс Брукс, Уильям K. Уимсат, Джон Кроу Рэнсом,
Аллен Тэйт) осы жаңа эстетикалық философияның ықпалында болды.
Олардың ойынша, əдебиет – əдеттегі ауызекі тілге ұқсамайтын тілдік
қолданыстар мен көркем тіл арқылы берілген ақиқат-шындықты сарапқа
салатын ерекше өнер.
Орыс формалистері əдеби тілдің жалпы белгілерін сипаттаумен қатар,
тілдің нақтылы құрылымдары мен қызмет ету тəсілдерін талдаумен де
айналысты. Олардың ең əйгілі ортақ тұжырымдарының мəні əдебиеттің
белгілі бір нысандарды немесе оқиғаларды айрықша таным, ерекше
көзқарас тұрғысынан пайымдауы еді. Ауызекі сөз емес, өзіндік жаңа тіл
қалыптастыра
отырып
бейнелегендіктен,
біздің
осы
суреттелген
дүниелерге қатысты əдеттегі көзқарасымызды, үйреншікті таным-
түсінігімізді өзгертеді деген мағынаны білдіреді. Өзіміз көріп жүрген
күнделікті заттарды, бұрыннан таныс бейнелерді жаңаша қабылдауға
мəжбүр боламыз. Шкловский Толстойды мысалға келтіре отырып,
жылқының көзқарасымен берілген меншік туралы ойлардың бейнеленуі
мен дүрелеудің соншалықты салқынқанды, бейтарап əрі ықшам суреттелуі
сол кездегі оқырманға оғаш, мүлде тосын көрінетінін тілге тиек етеді.
Дəлірек айтсақ, формалистер əдебиеттің құрамдас бөліктерін талдауға,
оның негізгі құрылымдары мен өзара əрекеттесу ерекшеліктеріне айрықша
қызығушылық танытты. Бұлайша талдау прозалық баяндау мен поэзия
сынды екі негізгі жанрдағы екі түрлі негізгі формаға мəн берді. Біріншіден,
баяндаудың əдіс-тəсілдеріне, екіншіден, өлең шумақтарының үндестігіне
ден қойды. Формалистер нарративті əдебиеттің басты екі компоненттен
тұратынын аңғарды. Ол – осы кітапта баяндалған əңгіменің сюжеті
(хронологиялық жүйенің реті), көзқарастар мен пікірлердің орналасу
тəртібінің тиісті ережелерге сəйкес келуі мен белгілі бір талапқа сай
құрылған
тəртіп-ережелердің
бірізділігі.
Сонымен
қатар
аталған
үйлесімділіктің ұзақтығын көрсететін оқиғаның нақты масштабы да болу
керек. Осы қарапайым айырмашылықтың айқындалуы арқасында оқиғаның
баяндалу
барысындағы
ерекшелігін,
шығарманың
бітімін,
ашық
бейнелеудегі байсалдылықты немесе бейтараптылықты ескере отырып,
нарративті үн сияқты көптеген мəндерді талдауды бастауға болады. Автор
ойдан
шығарылған
хикаяларды,
сюжет
амалдарын,
сюжеттік
құрылымдардың үлгілерін қолдана отырып жазады. Мəселен, «Алқызыл
əріп» (
Достарыңызбен бөлісу: |