Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет177/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

La Chasse spirituelle
)
 
жазбағанын білсек, осы жайт біз үшін
жалқы есімнің мəнін, ақын атының мəнін өзгертті дей алмаймыз. Жалқы
есім мен автордың аты сипаттау мен белгілеудің кереғар екі жағында
орналасқан. Олардың өздері атайтын нəрсемен белгілі бір байланысы
болуы тиіс. Бірақ бұл айрықша текті байланыс болуы керек. Алайда
автордың атымен байланысты қиындықтар жалқы есімнің басқа бір
қасиетіне қатысты туындайды: бір жағынан, жалқы есім мен атаулы адам
арасында; екінші жағынан, автордың аты мен оның тасасында тұрған мəн
арасында өрбиді. Бұл изоморфты емес, оған қоса, олар бірдей қызмет
етпейді. Кейбір ерекшеліктері де бар.
Мысалы, Пьер Дюпонның көздері көкшіл емес, не ол Парижде тумаған
немесе дəрігер болмаса да, оны бəрібір «Пьер Дюпон» деп атайды, мұндай
жағдай оның аты-жөніне əсер етпейді. Сөйте тұра, автордың есіміне
байланысты туатын мəселе күрделірек. Мен Шекспирдің біз барып жүрген
үйде тумағанын білген болсам, бұл жаңалық автордың аты-жөніне қатысты
мəнді өзгерте алмайды. Шекспирге телініп келген сонеттерді оның
жазбағанын дəлелдейтін болсақ, бұл айтарлықтай өзгеріс тудырар еді. Əрі
автор есімінің қызметіне де біршама əсер етер еді. Ал Шекспир Бэконның
«Органонын» жазғанын дəлелдесек, яғни Бэконның да, Шекспирдің де
шығармалары бір автордың қаламынан шыққанын көрсете алсақ, онда


мұны автор есімінің мəні түбегейлі өзгеріске ұшыраған үшінші түрге балар
едік. Сондықтан автордың атын өзге жалқы есімдерге тели салуға
болмайды.
Басқа да көптеген дəлелдер автор атының қайшылықты ерекшеліктерін
көрсетеді. «Пьер Дюпон болған жоқ» деу мен ешқандай «Гомер немесе
Гермес Трисмегист өмір сүрген жоқ» деу – бірдей тұжырым емес. Бірінші
жағдайда бұл «Пьер Дюпон деген кісі өмір сүрген жоқ» дегенді білдіреді.
Екінші жағдай бір есіммен бірнеше адамның өмір сүргенін жеткізіп тұр.
Ақиқат «авторда дəстүрлі түрде Гомер немесе Гермес Трисмегистке телініп
келген қасиеттер болған жоқ» дегенді айтады. «Х мырзаның шын аты,
негізінде, Пьер Дюпон емес, Жак Дюранд» деп айту «Стендальдың есімі
Анри Бейл болды» дегенмен бірдей емес. Сонымен қатар «Бурбактар –
пəленше, түгенше мырзалар», «Виктор Эремита, Климак, Антиклимак,
Тацитурн əкей, Константин Константинус – бұлардың бəрі Кьеркегор
(
Kierkegaard
)» деген сөйлемдердің мəні мен қолданысы да назар салуға
тұрарлық.
Мұндай айырмашылықтар мынадай жайттан туындауы мүмкін: автордың
аты – дискурстағы жай ғана элемент емес (субъект не объект болуға
қабілетті, есімдікпен ауыстыра салуға болатын жайт т.б.); ол жіктеуіш
(классификация) қызметін атқарып, баяндау дискурсы желісінде белгілі бір
рөл ойнайды. Мұндай атау белгілі бір мəтіндер санын топтастыруға,
оларды анықтауға, бір-бірінен ерекшелеп, басқалармен салыстыруға
мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ол мəтіндер арасында байланыс орнатады.
«Гермес Трисмегист пен Гиппократ деген кісі өмір сүрген жоқ, Бальзак
өмір сүрді» деген мəнде. Бірақ бірнеше мəтін бір автордың атымен
жарыққа шықты деген пікір олардың арасында бірнеше мəтіннің біртекті,
төркіндес, шынайы байланысы орнады дегенді көрсетеді. Бұл байланыс
бір-бірінен бөлектенгенімен, өзара жақын əрі серіктес қолданыс арқылы
жүзеге асады. Автордың аты дискурсты жеткізудің белгілі бір тəсілінің
сипаттамасы ретінде қызмет етеді. Дискурста автордың аты бар деген
дəлелге, «бұл мəтін былай жазылды» дейтін яки «оның авторы пəленше»
дейтін пікірлерге қарасақ, дискурс күнделікті өмірде ауыздан шығып,
ұмытыла салатын қарабайыр тілдесу емес екенін байқаймыз. Сонымен
қатар ол бірден қолданысқа түсетін құбылыс та емес, керісінше, бұл –
белгілі бір режимде қабылданып, белгілі бір мəдениетте нақты дəреже
алуға тиісті тілдесу түрі.
Автор атының басқа жалқы есімдерден ерекшелігі дискурстың ішкі


бөлігінен өзін шығарған шынайы əрі сырттай тұлғаға өтпейтін тəрізді.
Керісінше, автордың аты мəтінді ашып немесе, жоқ дегенде, оның өмір
сүру тəсілін сипаттап, əрдайым онымен біте қайнасып тұрады. Автордың
есімі айқын дискурс шоғырының жарыққа шығуын көрсетеді əрі
дискурстың мəртебесін қоғам мен мəдениет ішінде айқындайды. Оның
заңдық мəртебесі жоқ, көркем əдебиетке де жатпайды. Əдетте ол белгілі бір
дискурс құрылымы мен оның өмір сүруінің айрықша тəсілін анықтайтын
аралықта тұрады. Сөйтіп, біз өзіміздің өркениет əлемімізде «автордың
функциясымен» ерекшеленетін бірқатар дискурстар мөлшері бар дей
аламыз. Сонымен бірге мұндай қасиеттен тыс басқа дискурстар да бар.
Жеке бір хатқа қол қойған иесі болуы мүмкін, бірақ онда автор
көрсетілмеген. Келісімшарттың кепілі болуы мүмкін, бірақ оның да авторы
жоқ. Қабырғаға ілінген иесіз жазбаның редакторы болуы ықтимал, бірақ
оның авторы болмайды. Сондықтан автор функциясы қоғамның ішіндегі
белгілі бір дискурстардың айналым, өмір сүру немесе қызмет ету тəсілі
үшін маңызды.
§
Жаңа ғана сипаттап кеткен «автор функциясын» талдайық. Автор
функциясын құрайтын дискурс біздің мəдениетімізде қалай сипатталады?
Бұл дискурс басқа дискурстардан қалай ерекшеленеді? Егер біз өз
ескертуімізді кітап, не болмаса, мəтін авторымен шектейтін болсақ, төрт
түрлі сипаттаманы бөліп алуымызға болады.
Біріншісі – дискурстар, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет