Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет178/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

меншіктеу 
нысаны. Олар бір жекеменшік
түрінен өрбісе, мұның барынша ерекше сипаты бар, ол көп жылдар бойы
кодталған. Ескеруіміз керек нəрсе мынау – тарихи тұрғыдан осы
жекеменшік түрі əрқашан жазалы меншіктеу
 
(
penal appropriation
) деп
атауға болатын құбылыстың салдарына баланады. Шындығында, мəтіндер,
кітаптар мен дискурстардың авторлары пайда бола бастады (мифтік жəне
киелі бейнелерді қоспағанда), бұлардың авторлары жазаға ұшырағандар
еді, яғни бұл кезде дискурстардың дербес шекаралары бұзыла бастады.
Біздің мəдениетімізде (көптеген басқа мəдениеттерде де бұл күмəнсіз)
дискурс бастапқыда өнім, зат, тауар түрлері емес еді. Ол маңызы жағынан
əрекетке баланды, яғни ол – киелі (сакралды) əрі дүнияуи (профанды),
заңды жəне заңсыз, діни һəм күпірліктің қарама-қайшы өрісіне қойылған
əрекет; тарихи тұрғыдан жекеменшік желісіне түскен тауарға айналмай
тұрып, қауіпке толы ишараға баланды.


Мəтінді меншіктеу жүйесі пайда болып, автор құқығына тиесілі қатаң
ережелер енгізілгелі автор мен баспагер байланысы, жариялау құқығы мен
оған қатысты мəселелер жанданды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX
ғасырдың басындағы шығармашылық үдерісінде осы құқықтың бұзылу
ықтималдығы барған сайын айрықша əдеби қажеттілікке айнала бастады.
Автор бейне бір біздің қоғамымызға тəн жекеменшік жүйесіне тап болып,
ұдайы дискурстар шегін бұза беретіндей көрінетін. Сонымен бірге əрқашан
жекеменшіктің барлық пайдасын өзімен алып жүретін шығармашылық
қаупін жаңартып, өзінің жаңа жекеменшік иесі деген мəртебесін өтеп
жатқандай еді.
Дегенмен автор функциясы барлық дискурсқа бірдей əрі тұрақты əсер
етпейді. Біздің өркениетімізде əрқашан бір авторға телуді талап ететін
бірдей мəтіндер түрі болған емес. Бір кездері қазір «əдеби» деп аталатын
мəтіндер 
(хикаялар, 
əңгімелер, 
эпикалық 
дастандар, 
трагедиялар,
комедиялар) автордың бірегейлігі жайлы артық сұрақсыз-ақ қабылданып,
айналымға түсіп, қоғамның бағасын алып кете беретін. Авторының белгісіз
болуы еш қиындық тудырмайтын, өйткені олардың көнелігі, шынайы не
жалған болсын, олардың мəртебесіне жеткілікті кепілдік бере алатын.
Екінші жағынан, біз қазір ғылыми деп атайтындар – космология мен
аспанға, медицина мен ауруларға, жаратылыстану ғылымдары мен
географияға қатысты мəтіндер – тек нақты бір автордың атына телінгенде
ғана «шынайы» деп қабылданды. «Гиппократ айтты», «Плиний ұйғарды»
деген тіркестер, шын мəнінде, ережеге негізделген дəлелдің формулалары
емес еді. Дəлелді ақиқат жайлы мəлімдеме ретінде қабылданған,
дискурстарға енгізілген 
таңбалар
(белгілер) болды.
XVII–XVIII ғасырларда жаңа өзгерістер болды. Ғылыми дискурстар
дəлелдеуге жатпайтын құбылыс немесе танымал ақиқатты жаңғырту
секілді қабылдана бастады. Осыдан бастап автордың аты емес, өзінің
ғылыми мəтіндер жүйесіне қатыстылығы олардың шынайылығының
кепілдігіне 
баланды. 
Автор 
функциясы 
мəнін 
жоғалтты 
жəне
өнертапқыштың есімі тек теореманы, жағдайды, кейбір əсерді, қасиетті,
элементтер тобын немесе патологиялық синдромды атау үшін қолданылуға
көшті. Керісінше, əдеби дискурстар осыдан бастап автор функциясымен
ғана қабылданатын болды. Енді біз əрбір поэтикалық яки көркемдік мəтін
жайлы: «Оның тегі қандай?», «кім жазды?», «қашан, қандай жағдайда
жазылды?», «бастапқы ойы не болды?» – деп сұрай бастаймыз. Əдеби
туындының мəні мен оның құндылық мəртебесі осы сұрақтарға берілген


жауаптарға тəуелді. Егер біз аноним мəтінді кездестірсек, «автордың аты
кездейсоқ ұмытылып қалды немесе автор оны көрсетуді қаламады» деп
бірден автор жайлы болжамдар айта бастаймыз. Қазіргі таңда əдеби аноним
мүмкін емес нəрсе болғандықтан, біз оны тек жұмбақ кейпінде
қабылдаймыз. Сөйтіп, автор функциясы қазіргі кезде біздің əдеби туындыға
деген көзқарасымызда маңызды рөл ойнайды (Осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет