Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет22/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Михаил Бахтин
: «Роман, жалпы алғанда, стилі жағынан көп қырлы жəне тілі мен сөйлеу
мəнерінің əртүрлілігімен ерекшеленетін туынды. Романда жазушы əртекті стилистиканы
қолданады, əртүрлі лингвистикалық деңгей мен алуан түрлі стилистикалық ұстанымдарды
молынан қамтиды.
Құрылымдық-стилистиканың негізгі типтері төмендегідей:
1. Тікелей авторлық əдеби-көркем əңгімелеу (оның барлық əрқилы нұсқаларында);
2. Күнделікті тұрмыстық ауызша əңгіме тілінің əртүрлі формаларын стильдеу [skaz];
3. Күнделікті ауызекі тілде қолданылатын жартылай əдеби тілдің əртүрлі формаларын стильдеу
(хат, күнделік жəне т.б.);
4. Əдеби тұрғыда болғанымен, ерекше көркемдік сипаты бар түрліше авторлық баяндаулар
(гуманистік, философиялық немесе ғылыми мəлімдемелер, шешендік, этнографиялық
сипаттамалар, меморандумдар т.б.);
5. Стилистикалық тұрғыдан өзінше ерекшелігі бар сөздер…
Роман бейнеленген, айтылған идеялар мен объектілер əлемінің тұтастығын, түрлі əлеуметтік
ортадағы сан аулан тілдік ерекшеліктерді жəне осындай жағдайда өріс алатын жеке тұлғалар
тілін, жалпы өзі көтеріп отырған тақырыптарды барынша молынан қамтиды. Автор сөзі, əңгіме
айтушылардың баяны, кірістірілген жанрлар, кейіпкерлер сөзі – бар болғаны романға
гетероглоссияның кірігуіне септесетін іргелі композициялық тұтастық қана, оның көмегі арқылы
бұлардың əрқайсысы əлеуметтік үндердің, айтылған сөздер, тілдер арасындағы байланыстар мен
қарым-қатынастардың көптүрлілігін қамтамасыз етеді, бұл – сан алуан тілдер мен сөз сөйлеу
типтерінің көмегімен жүзеге асатын тақырыптар қозғалысы, оның əлеуметтік салалардың
жіктеліп көрінуіне қосқан тамшыдай үлесі, яғни диалогизациялануы, бұл – роман стилистикасы
ерекшелігінің негізгі сипаты».
Эрих Ауэрбах «Мимесисте» (
Mimesis) 
өршіл реализм тарихын əдеби
реализмді қазіргі көркем əдебиетте таза сырттай суреттеуден бастап,
 
ішкі
психология мен эмоцияны көрсетуге дейінгі
 
эволюциялық дамумен
байланыстыра сипаттады. Оның əйгілі бірінші тарауында Гомердің
«Одиссея» жырындағы баяндау стиліне ерекше тоқталып, Гомердің
оқиғаларды қалай алдыңғы планға жылжытқанын,
 
үнемі оқиғаға қатысты
болудың оң əсерін ашып көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет