зерттеулер тəрізді əдеби сын мектептерін қалыптастыруға қомақты үлес
қосты.
Ресейдің формалды талдауға деген талпынысын көбінесе орыс
формалистері есімдерімен байланыстырады. Бірақ бұған басқа да
ойшылдар қосылғанын, олардың алғашқы топпен ғана шектелмегенін
білген жөн. Ауыз əдебиетін зерттеуші ғалым Владимир Пропп формалист
ретінде де еңбектер жазып, ұлттық ертегілердің құрамдас бөліктеріне
(компоненттеріне) қатысты ерекшеліктерді талдады. Ертегілердің кең
тынысты ауқымы баяндалу жүйесінің бірізділігімен ерекшеленеді деуге
болады. Көптеген ертегілерде оқиға «кейіпкердің сапарға шығуынан»
басталып, «кейіпкердің жұмбақ жағдайға тап болуы», «кейіпкердің оқиға
барысында сыналуы» деген бірыңғай сарында жалғасын табады. Михаил
Бахтин еңбектері əдебиеттің əлеуметтік əрі идеологиялық қырларын
қарастыруда формалистер еңбектерінен тарихи тұрғыдан алшақтайды.
Алайда роман жанрын өзге əдеби жанрлардан ерекшелейтін формалық
ерекшеліктерін сипаттаудағы ғалым ұстанымы олардың көзқарастарымен
тоқайласқаны рас. Оның еңбегі тек жанрларды қосу, біріктірумен ғана
шектелмейтін бастапқы формалистік міндеттердің молайғанын көрсетті.
Сонымен бірге Бахтиннің Франсуа Рабле секілді кейбір жазушылардың
еңбектеріне де əсер еткенін байқағанындай, карнавал тілі секілді тілдің
əдебиеттен тыс қолданылуы да осы міндеттер қатарына кіреді.
Егер орыс формалистік қозғалысы ғылыми əрі рационалды болып келсе,
екіншісі, «Америкалық жаңа критицизм» формалистік мектебі, ғылымға
қарсы əрі өнердің рационалды емес өлшеміне қызықты. Дегенмен екі сыни
қозғалыс əдеби тілге, оның күнделікті қолданыстағы тілден ерекшелігіне
қатысты бір көзқараста болды. Əрі екі жақ та əдеби зерттеудің нысаны
əдеби мəтіндер болуы тиіс деп санады. Ал олардың қалай жұмыс істеуі,
əдеби мəтіндердің қызметі авторлардың өмірінен немесе əлеуметтік-тарихи
үдерістерден дербес екені анық еді. Əдейі қателесу мен аффективті
қателесу (
Достарыңызбен бөлісу: