Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет204/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Макродеңгей: арқау
ПТС-ның басқа бағдарламалар формаларынан ең басты ерекшелігі –
кейіпкерге қатты көңіл бөлуі.
34
Апта артынан апта өткен сайын жалғасатын
сюжет қана емес, сюжеттерге байланысты кейіпкерлер өмірі де өзгеріске
ұшырайды. Біз, жай ғана, алда не болатынын біліп қана қойғымыз
келмейді: бізді Пемблтон мен Бейлистің («Кісі өлтіру: Көшедегі кезбе
өмір» (
Homicide: Life on the Street
)
 
NBC телеарнасында, 1993–1999 жылдар
аралығында көрсетілген), Баффи жəне Спайктің, Анжела мен Джорданның
(«Менің осылай аталатын өмірім» (
My So‐Called Life
) ABC телеарнасында
1994–1995 жылдары көрсетілген) алдағы өмірлері қызықтырады. Үздіксіз
жалғасатын əңгіме кейіпкерлерді елеулі өмірлік оқиғалар мен өзгерістерге
бейім етеді.
35
Бастарынан өткерген жағдайларға байланысты кейіпкер
өзгереді, тым болмағанда, есейеді.
Жалпы, сериал кейіпкерлері өздеріне біршама уақыт бөлінуін талап етеді.
Кейіпкерлердің өміріндегі оқиғалардың дамуын жоспарлап, ұзақ уақыт
бойы хикаяны үзбей көру құштарлықты күшейтеді. Эпизодтық формадағы
дəстүрлі сит-комдарда (жағдаяттық комедиялар) кейіпкерлерге қатты көңіл
бөлетіні рас. Бірақ оның табиғаты басқа, ол шиеленіскен оқиғалардан гөрі
қайталау арқылы қалыптасқан таныстыққа ғана негізделген. «Шуақты
күндер» (
Happy Days
, ABC телеарнасында 1974–1984 жылдар аралығында
көрсетілген) сит-комында көрерменнің кейіпкерге қызығушылығының


оянуы – əрекеттің, мизансценаның һəм диалогтің жемісі. Мұндағы шалқар
шабытқа кенелу, «Арнольдта» тамақтану, ерлер бөлмесінде Фонзиден ақыл
сұрау, ұлдарға арналған көк ұзын жемпір (кардиган), қыздарға арналған
ұзын белдемше, Фонзидің күртешесі, Чачидің орамалы, «Аааай»,
«Мəссаған», «Мен өзімнің ішкі қалауымды таптым», «Мен əлі түсінбей
отырмын», «К. ханым», «уа, уа, уа» тəрізді əрекеттердің өз орны бар.
Сериал кейіпкеріне томаға-тұйық оқиғадан гөрі, керісінше, эпизодтары
үздіксіз жалғасатын роман желісі, эпикалық жырдың тараулары іспеттес
ұзақ уақытқа созылған оқиғалар жаңаша серпін береді.
36

Шуақты
күндер»
сит-комының кейінгі маусымдарында кейіпкерлер есейіп, өзгеріп,
көрерменді сериалдар сыйлайтын лəззатқа бөлей алды деуге де болады).
Кейіпкерлер образын жасауда прайм-тайм сериалдары эпизодтық шоуларға
қарағанда тереңдеу. Себебі мұнда аудитория кейіпкерлердің ішкі жан
дүниесін толығырақ таниды. Эпизодтық драманың сəтті шығарылымы
саналатын 
«Заң жəне тəртіп»
сериалының формасын салыстырып
қарағанда, ПТС формасы кейіпкерге көп иелік етеді. Бұл – «сапалы
телевизия қайсы» деген сəнге айналған сыни дискурста жеңіп шығуға
септесетін ПТС-ның бір артықшылығы.
Кейде «эпизодтық шоу кейіпкерлері өткен аптадағы оқиғаларды есіне
сақтамайтын секілді» деген жаңсақ пікір айтылып жатады.
37
 
Алайда
эпизодтық шоудың көрермендері үшін қазіргі оқиғаны түсіну мен
таразылау маңызды болғандықтан, бұрынғы эпизодтарды есте сақтауының
еш қажеті жоқ. Эпизодтар тəртіптік рет бойынша көрсетілуі мүмкін жəне
кейінгі жүйені бұзбай-ақ ортасынан түсіп қалады. Бір жағынан, ПТС
аудиторияны кейіпкердің басынан өткерген шым-шытырық оқиғаға
шырмалтып, біршама талаптар қояды. Көрермендер əр аптада тағатсыздана
күтіп, бір-бірімен жалғасқан эпизодтардың бірін қалдырмай көріп,
кейіпкердің жетілуін мұқият түрде қадағалайды деп күтіледі.
Баяндаудағы осы реттілікті ең жоғары деңгейде қамтамасыз ететін тəсіл –
кейіпкер арқауы. Оқиға үшін сюжеттің орны қандай маңызды болса,
кейіпкер үшін де арқаудың маңызы үлкен. Басқаша айтсақ, арқау – кейіпкер
тұрғысынан көрсетілетін сюжет. Арқау – A-дан B-ға, C-ға жəне D-дан E-ге
дейінгі аралықта кейіпкердің жүріп өтер жолы. Бұл термин ПТС-ның
баяндау сарынын ұтымды сипаттайды. Əр маусымда эпизодтар тез-тез
ауысып отырғанымен, əр кейіпкер оқиғасы жеке-жеке қарастырылғанымен,
сериалдарда біртұтастық сақталады. Бұл кейіпкерлер бейнесінің ашылуына
мүмкіндік береді.
38


Кейіпкер арқауы бірнеше эпизодқа, маусымға жəне тұтас сериалға
созылуы мүмкін. Кейіпкердің ең үлкен арқауының формасы жастық шақтан
ересек өмірге дейін, кіршіксіз пəк балалық шақтан тəжірибесі толысып,
ақыл тоқтатқанға дейін дамып отырады. Кейбіреулер мұны шоудың
«эмоциялық сызығы» деп атайды.
39
Анджела Чейз, Линдсей Уейр жəне
Уиллоу Розенберг сияқты балалар ғана теледидар шоуын көріп өскен жоқ,
Джоэл Флейшман да аляскалық көршілерінің бойындағы халық даналығын
формалды мектеп ретінде, білімін қуаттандыратын азық ретінде бойына
сіңіреді. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет