Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет203/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Cудья Эми»
эпизодында судья Эми Грейдің кəмелет жасына
толмағандардың істері бойынша іс жүргізуі һəм оның анасы Максиннің
əлеуметтік қызметі мен өзге де түрлі отбасылық мəселелер сюжет желісінің
негізін құрайды. «Баланы бетімен жіберу»
 
(
Spoil the Child, 11 қаңтар, 
2000)
хикаясында Эми мен Максин балаға қатысты зорлық-зомбылықпен бетпе-
бет келеді. Бұл – 
«Судья Эми» 
хикаясында ғана жиі кездесетін нəрсе емес.
«Құтқар мені» (
Rescue Me, FX, 
2004) жəне «Тағы да қайтадан» (
Once and
again, ABC, 
1999–2002)
 
бағдарламаларындағы эпизод атауының өзі
тақырып ортақтығын білдіреді. Эмидің жағдайында əкесінің баласына
берген бар тəрбиесі ұрып-соғумен ғана шектеледі. Эпизодта жеткіншекке
көмек, кеңес бергісі келген Максин баладан таяқ жейді. Сондай-ақ мұнда
бас кейіпкерлер мансап жолдарын анықтайтын кереғар сұрақтарға тап
болады: Эми кəмелет жасына толмағандардың ісін жүргізуші қызметінен
қылмыстық судья лауазымына дейін жоғарылауға дайындалып жүрсе,
Макcин балалар мен отбасы мəселелері департаментіндегі жұмысын,
жүйкесін жұқартқан күйзелістен кейін, тастауға шешім қабылдайды.
Эмидің бастығы мансап жолымен өсуді ұсынғанда, сөз арасында,
жеткіншектердің сотқа тартылуын «əлеуметтік жұмыс» деп мысқылдап,
кекетеді. Осы арқылы ол, арадағы біршама айырмашылыққа қарамастан,
аудиторияға Эми мен оның анасының жұмыста бірдей тер төгетінін
аңғартады. Бала мен отбасыға көмектесу қызметі – екі кейіпкердің де
таңдау еркіндегі басты мəселе.
«Судья Эми»
хикаясының бірқатар эпизодтарының сюжет желісінде
жағдайы қиын отбасылар Грей отбасымен шендестіріле сипатталған.
Дегенмен осы эпизодта Эми мен Максиннің ана ретіндегі бейнесі күмəн
тудырады. Эмидің қызметі – судья. 
«Баланы бетімен жіберу»
деп аталатын
1-актіде ол өзінің алты жасар қызы Лоренмен бірге жеке би концертіне
арналған көбелектің киімін алу үшін дүкенге барады. Эмидің өмірі қым-
қуыт қарбаласқа толы. Жұмысбастылығы соншалық – ол бұл істі күнде
кейінге шегере береді. Дүкенде көбелек киімдерінің бəрі сатылып
кеткендіктен, Лорен шатақ шығарады. Эми үшін тығырықтан шығар
жалғыз жол – киімді өз қолымен тігу ғана. Ал Лорен «бұл костюм басқа
балалар киімінен нашар болады» деп қорқады. Кешкі ас үстінде бүкіл


отбасы мүшелерінің алдында Лорен: «Сен нашар анасың, мен сені жек
көрем! Сен менің өмірімді құрттың!» – деп айғайлайды. Ешқашан сот
залына барып, қызының мінберде тұрып үкім шығарғанын естімеген
шешесі, оны көруге арнайы барады. Осы жерде екеуара əңгіме кезінде
Эмидің шешесі – Максинге деген ішкі реніші сыртқа бұрқ ете қалады. Эми
қызының көйлегі жайлы анасына айтқанда, Максин ашуланып: «Сенің
көңіліңді табу менің міндетім емес», – дейді. Алты жастағы қыздың би
кеші мен оның анасының судья ретіндегі жұмыс істеген көріністері қатар
жүреді. Екі көріністе де ана көрермен ретінде баласымен мақтануы тиіс.
Əрбір ана өз баласы үшін əрекет жасамағанына айыпталады.
Сот кезінде Эмидің алдынан үнемі шығатын «Ана өз баласына қалай
қарауы керек?» деген сұрақ өзінің отбасылық өмірінде де жиі ұшырайды.
Эмидің жеке өмірі мен қызметін сабақтастыра алмауы – оның судья ретінде
басқа адамдардың өміріне əсер ететін маңызды шешім қабылдайтын рөліне
ирониялық қарама-қайшы дүние. 
«Судья Эмиде» 
кездесетін эпизодтардың
күрделі құрылымдық түсіністікке негізделгені – қалыпты жайт.
«Баланы бетімен жіберу»
эпизодында көтерілген мəселе қандай
жағдайда да оң шешімін табады. Кəмелет жасына толмағандардың ісін
қарайтын Эми мінберде тұрып, «əлеуметтік жұмысқа» шынайы
берілгендігін көрсетеді. Максин өзін тарпа бас салған баланы
психиатриялық емдеу орнына орналастыру үшін бар күшін салып,
жұмысын жалғастырады. Грей əулетінің нəзікжандылары бала мен
отбасының қамы үшін мемлекеттік жұмысты шын ықыласымен атқарады.
Эми түні бойы көз ілмей, Лореннің костюмін тігеді, костюм де көңілден
шығады жəне би концерті де ойдағыдай өтеді. Ең бастысы, Максин Эмидің
сот отырысына қатысады да, оның ұрып-соғу шағымына байланысты
үкімін тыңдайды. Эми ата-ана баласын ұрып-соқпауы тиіс деген ережені
ұдайы жадында ұстайды, ата-ана мен баланың жақындығы, мейірімділігі
жайлы шешен сөйлеп, анасының кеңесін, пікірлерін айнытпай қайталайды.
Осы сəтте Максиннің жанары еріксіз жасқа толады. Эми сөзін аяқтаған соң,
анасы өзінің жанында отырған адамға бұрылып: «Бұл менің қызым», –
дейді мақтанышпен. Бұл көрініс 
«Судья Эми»
хикаясының тақырыбын
ашып тұр. Бір сəттің ішінде эпизодтың бүкіл идеясы отбасының міндеті
мен қуаныш-лəззатын анықтайтын бір арнаға келіп тоғысады.
«Баланы бетімен жіберу»
эпизоды көрсеткендей, көркемдік жабылуы тек
сұрақтарға жауап беріліп, мəселенің шешілгендігін ғана көрсетпейді.
Жабылу формасы – барлық элементтері біріктірілген бір бүтін қалып.


«Баланы бетімен жіберудегі» параллелизм эпизодқа айқын форма беріп,
көріністі тамашалау əрекетін көрермен көңілінен шығатындай етуі де
жайдан-жай емес. Бұл жерде əңгіме аудиторияның көкейіндегі этика
ұғымын дөп басуында немесе сентименталды жабылудың эмоциялық
əсерінде ғана емес, сондай-ақ игілігін өз алдына паш етер эстетикалық
талғампаздыққа да байланысты. Мұнда ешбір «ашық» формада болмайтын
үйлесім бар. Баяндау тіліндегі мəселелерді шешуге ғана емес, формалық
тұрғыдан бірлікке жəне тақырыптық айқындыққа ұмтылатын əралуандық
бар. Эмидің отбасы мен қызметтестер арасындағы қатынасты бір
тақырыпқа топтастырып, аптадан-аптаға созылған эпизодтық жəне
«кездейсоқ» сюжеттік арқауларды оқиға желісімен теңестіру арқылы
«Судья Эми»
сериалы өздері көздеген межеге жете алды. Бұған қайталап
көрсетуде көзі шалып қалған кездейсоқ көрерменнің өзін баурап алатын,
апта сайын адал жанкүйерінің көңілінен шығуға дайын 
«Заң жəне тəртіп»
секілді сериал да керемет мысал бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет