Алғашында ол əлемді бейнелеу үшін осы
дүниені біздің қалай
көретінімізді, «дискурс тəртібін» қалай пайдаланатымызды, дискурсқа
салынған ережелер мен болжамдар əдісін зерттеді. Кейін оның жұмысы
өкіметтің
талдауынан өтіп, «тəртіп» ретінде қоғамдағы өкіметтік емес
құралдармен қамтамасыз етілді. Ақырында, оның назары
уақыт ағымымен
тəннің дискурстік реттелуі мен жыныстық қатынасқа ауды. Əдебиет
теориясын дамыта алмағанымен, Фуко саяси оқиғаларға аз көңіл аударып,
көбінесе дискурстың тарихты қалай жасайтынына маңыз берген
əдебиеттің
тарихи зерттелуін жаңартты. Стивен Гринблаттың «Жаңа тарихшылдығы»
(New Historicism)
, Кэтрин Галлахер мен басқалар кез келген тарихи
кезеңдегі дискурстарға сілтеме арқылы өзара байланыста болған.
Фуконың талдаушылық қарым-қабілеті 1950 жəне 1960 жылдардағы
əлеуметтік жəне саяси қозғалыстардан туындап, өсіп шықты десе де
болады. Бұл қозғалыстар əдеби теорияның маңызды мектептерінің
біразына дем берді. Отарлыққа қарсы, отарлықтан кейінгі күрес, ұлтаралық
қатынастардың өршуі, əйелдердің теңдік үшін қозғалысы феминистік
əдебиет теориясына алып келді; азаматтық құқық үшін күрес əртүрлі
этникалық салаларды зерттеуге серпін берді, тіпті гейлерден азат ету
қозғалысына арналған «куирлік» жəне «гендерлік зерттеулерді» жүргізуге
көмектесті.
Отарлықтан кейінгі ұлтаралық зерттеулер отаршыл үстемдіктің өршуін
зерттеуден басталды.
Ағылшын əдебиетінде ақнəсілділерге телінген
астаналық мəдениеттің отарлық шеткі аймақтағы мəдениеттен басымдығы
дағдыға айналған болатын. Эдуард Саид «Ориентализм» деп аталатын
тұтас бір ғылым саласы Шығыс пен Батыстың айырмашылығын түсіндіру
үшін, ғылыми дəрежесіне қарамастан, өрескел бұрмаланған стереотип
жағдайында
дамығанына
назар
аударды.
Хоми
Бхабха
сияқты
деконструктивті
бағытта ізденуші теоретиктер отаршылдар мен отарлық
қатынасты қиратушы, бүлдіруші зұлым əрекет ретінде бейнеледі.
Ұлтаралық зерттеулер ғаламдық мəдениеттің шынайылығын
пайымдайды,
мұнда дамыған орталық немесе артта қалған шалғай жер сияқты дəстүрлі
түсініктердің ешқандай мəні жоқ. Тіпті дəстүрлі ұлттық мəдениеттің
отарлыққа қарсы идеясы біріккен сандық жəне жанама ғаламдық əлемде
ендігі жерде маңызға ие бола алмайды. Этникалық теория этникалық
мəдениеттің нақтылы түрлері мен динамикалық əрекеттестігі басым
мəдениеттер
Достарыңызбен бөлісу: