Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет29/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Өнер тәсіл
 
ретінде
Виктор Шкловский
Виктор Шкловский – XX ғасыр басындағы Петроград формалистік зерттеу тобының негізін
қалаушылардың бірі. Ол прогрессивті ойшылдардың қатарынан көрінді. Әдебиеттануды діннен
ғылымға қарай ойыстыруға ұмтылған Шкловский мен оның әріптестері поэтиканы рухани
мағынада қарастырған символистерге қарсы шықты. Құралдар мен техникалардың «әдеби»
қасиеттерін қарапайым прозадан нақты ажыратып, айқындау әрекетін жалғастыра отырып,
Шкловский аталмыш мақалада (1916 ж.) мұндай құралдардың күнделікті түсініктерге кедергі
келтіретінін тілге тиек етеді. Бұл мақала дәл сол кезеңдегі «Дада» сияқты Еуропада пайда
болған формалды ғылыми (академиялық) бастама мен поэтиканың арасындағы ұқсастықты
көрсетеді. Қатал көріністі суреттеп, айрықша жаңашыл шығармалар жазумен айналысқан бұл
жазушылар өздерін зеріктірерлік әрі тым шартты деп таныған дәстүрлі мәдениет пен өнер
түрлерін теріске шығарады. Шкловский осындай қорытындыға келе отырып, поэтика әдеттегі
қабылдау мен ойлауды бұзып, теріс әсер туындатады деген ой айтты.
Егер қабылдаудың жалпы заңдылықтарын зерделесек, онда біз оны
күнделікті əдетке айналдырып қана қоймай, оның қалыптасқан түсінікке
ұласуын байқаймыз. Мəселен, біздің барлық əдеттеріміз санадан тыс əрекет
аумағына автоматты түрде кейін қайтады. Егер біреу алғаш қолға қалам
алған сəтін немесе шет тілінде сөйлегенін есіне түсіріп, осы іс-əрекеттерді
он мың рет қайталағаннан кейінгі сезімдерімен салыстырса, сөзсіз бізбен
келісер еді. Бұлайша дағдылану, күнделікті сөйлеу тілінде сөйлем көбінесе
аяқсыз қалатындықтан, ойдың аяғына дейін жетпей қалу қағидаларын
түсіндіреді. Идеалды түрде алгебрада жүзеге асатын бұл үдерісте
заттардың орындарын символдар басады. Тез сөйлеген кезде сөздер толық
айтылмайды. Олардың бастапқы дыбыстары бəсең естіледі. Александр
Погодин «Швейцар таулары əдемі» деген сөйлемді ш, т, ə (T, S, m, a, b)
əріптерінің топтамасы түрінде қарастырған баланы мысалға келтіреді.
Ойлаудың бұл қасиеті алгебра əдісін ғана білдіріп қоймайды, сонымен
бірге символдарды (əріптер əсіресе алғашқы əріптер) таңдауға да түрткі
болады. Ойлаудың аталмыш «алгебралық» əдісінің көмегімен нысандарды
нақты таралмаған формалар ретінде ғана түсінеміз. Оларды толыққанды
көрмейміз, бірақ басты белгілері арқылы танимыз. Бізге ол əлдебір
қаптамамен бүркеліп тұрғандай болады. Құрылымы арқылы оның не екенін
білгенмен, көзге оның тек сұлбасы ғана көрінеді. Прозада осы жолмен


қабылданған нысан ұшты-күйлі жоғалып, тіпті алғашқы əсер де
қалдырмайды, ақыр аяғында, оның мағынасы да ұмытылады. Мұндай
қабылдау неліктен прозалық сөзді толық ести алмайтынымызды (Лев
Якубинскийдің мақаласын оқыңыз
2
) жəне тілдің басқа да ескертпелерімен
қатар, оны дауыстап айта алмайтынымызды білдіреді. Нысанның тым
автоматтануы (үйреншікті дағдыға айналуы), «алгебралану» үдерісі
дыбыстық естілуді мейлінше үнемдеуге мүмкіндік береді. Кез келген нысан
тек бір ғана дұрыс міндетті иеленеді. Мысалы, санды алайық, яғни олар
формула бойынша қызмет атқарғанмен, танымда пайда болмайды:
«Мəселен, мен асығыс үй жинастырып жүріп, диванға жақындағанымда, оның шаңын сүрткен-
сүртпегенімді есіме түсіре алмадым. Мен үшін бұл шаруа дағдылы іс-əрекетке айналғандықтан,
оған қоса, ол жайында ойланбағандығымнан, сол сəттегі əрекетім есіме түспеді. Əрі оны еске
түсірудің мүмкін емес екенін сездім. Оның шаңын сүртіп, содан кейін ұмытып қалсам, онда бұл
іс-əрекеттің санадан тыс жүзеге асқаны. Бірақ оны істемесем де дəл солай болып шығады. Егер
біреу сырттай осы əрекетті əдейі бақыласа, онда бұл дерек сөзсіз анықталады. Айтпағымыз: ешбір
бөгде жан адамдардың бүкіл қиын да күрделі өмірлері бейсаналы түрде өтіп жатқанына үңіліп,
назар аудармаса, онда мұндай өмір мүлде болмағандай, ескерусіз қалар еді».
3
Сондықтан да ондай өмір мəнсіз болып көрінеді. Дағдылану күнделікті
тірлігіңді, жұмысыңды, киім-кешегіңді, дүние-мүлкіңді, жұбайыңды, тіпті
соғысқа деген қорқынышыңды да үйреншікті жайтқа айналдырып жібереді.
«Егер көп адамның тұтас өмірі бейсаналы түрде өтіп жатса, онда мұндай
өмірдің өзі ешқашан болмағандай». Өнер өмірді қайта қалпына келтіру
үшін, адамды заттар мен құбылыстарды түсінуге мəжбүрлеу үшін,
санасында тасты тас етіп бейнелеу үшін өмір сүреді. Ол адамның күллі ой-
қиялын, сыр-сезімін түгел баурайды. Қуантады, күрсінтеді, қайғыртады,
қапаландырады, жігерлендіреді, ой салады. Қысқасы, адамның көңіл
күйінде сан-салалы із қалдырады. Өнердің мақсаты – заттардың не үшін
белгілі болғанын жеткізу емес, олардың қалай қабылдануына қатысты
əсерлі сезімді жеткізу. Өнер əдісінің мəні – нысандарды «бейтаныс» ету,
оның формаларын қиындату, қабылдаудың күрделілігі мен ұзақтығын
күшейту. Қабылдау үдерісінің өзі эстетикалық талапқа бағынады жəне ол
ұзаққа созылған сайын əсерлі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет