Не істеп қойдың, кəне, айтшы?
(Ə.К.)
Азғырдың ба əйелді?
Ол бүгінде күнə емес, жазаламайды ол үшін
Ендеше, пендем, өлмейсің,
Ондай-ондай күнəдан
Адам түгіл əуеде
Ұшып жүрген шыбын-шіркейдің өзі құр емес. (4.6.112–16) (Ə.К.)
Лирдің
жəбірлеуші
ретіндегі
гипотетикалық
cұрағы
Эдгардың
синтаксистік тəртіпке сүйенген əрі параллель сөз саптасының формалды
құрылымына кереғар келсе де, кенеттен тулап, Лирдің санасында ауызекі
диалогке айналады: «Сен өлмейсің; зинақорлық үшін өл! Жоқ». Бұдан
бөлек, Лир шақырған кішкентай жəндіктер Эдгар басындағы жағдаяттың
айқын көрінісі емес. Олар – Лир қиялының анимациялық бастауы.
Глостердің өз қайғы-қасіретін сипаттаған кездегі «
Қара шыбынның
қанатын жұлып ойнаған/Тентек бала секілді, Тəңір тəлкек етеді екен
пендесін
» (Ə.К.)
(4.1.36–7) деп келетін таңғажайып теңеуі, Лирдің
сандырағымен салыстырғанда, өзгеше контраст туғызады. Глостердің
теңеуі салыстыру терминдері арасындағы мөлшерді дəл анықтап, өзін сөз
қолданысы аясында шектейді. Бір жағынан, Лирдің қиялы жалпы мен
жалқыны шатастырып алумен сипатталады. Бұл абстракцияларға шамадан
тыс (жəне мəжбүрлі) дербес айқындық береді («Қатыгез деп жазғыра алар
жайым жоқ, /Тақтан безіп, тəжімді сендерге бергем жоқ, Аялайды деп
сеніп, аузым күйіп көрген жоқ [3.2.16–17]). Кейде жеке мəліметтерден
əмбебап эмблемалар жасайды:
Неге аларып қарайсың?
Көзін таңып алған Купидон, ат, мені аяма!
Бұдан былай ешкімді жақсы көрмеймін. (4.6.138–9) (Ə.К.)
Ақылгөйсу
жеке
адамның
сезімін
бұрыннан
таныс
қалыпқа
(формулаларға) құюға бейім болса, Лирдің тілі, керісінше, əрбір
жалпылаудың астарында жеке мотивацияны баса айтады. Глостердің
құдайлардың қатыгездігін өмір туралы объективті пікір ретінде дəйек қып
келтіруінің қателігі Лирдің аузымен айтылуы екіталай. Себебі оның сөздері
əлемнің не ғаламның (
the world or the universe
) жаратылысын талқылаған
күнде де, өз теңсіздігі (
disproportions
) арқылы дербес, жалынды сөз болып
қалуын талап етеді.
Сюжет астарындағы кейіпкерлердің ерекше белгілері мен олардың тілі
дидактикалық, ғибратты, арагідік архаикалық жəне көркем айқындаушы
эпизодтардың өне бойына созылған. Мысалы, Глостердің Дувр жартасына
шыққанына сеніп қалған сахналық көрініс Реганның бұрынырақ Лирге
қарата айтқан мына сөздеріне орай берілген үкімі ретінде қабылдануы
мүмкін:
8
Қартайдыңыз, əке, сіз,
Бір аяғыңыз жерде де,
Бір аяғыңыз көрде тұр.
Онан қайта өзіңізге сырмінез
Өзгелердің ақылына ас құлақ. (2.4.147–51) (Ə.К.)
Кейінірек Эдгар қиялдағы құзды басқалар да ұғатындай шынайы етіп
жасайды. Бұл – қарапайым жануарды көзбен көріп, қолмен ұстайтындай
сурет:
Тоқта, тақсыр. Келдік, міне, ақыры.
Мұнша қорқынышты болар ма!
Ту-у төменде қара қоңыз секілді
Қаптай ұшқан қарғалар.
Қу жартасқа құзғын құстай жабысып,
Жұлып жатыр бір есерсоқ дауа шөп.
Ал, етектегі балықшылар
Құдды тышқан секілді
Қыбыр-қыбыр етеді.
Жағадағы дəу кеме
Қалтылдақ қайық сияқты,
Ал қайық мұннан қарасаң
Су бетіндегі жаңқадай. (4.6.11–20) (Ə.К.)
Эдгардың «жетегіндегі» көрсоқыр кəрі де, сірə, өзінің «құз шетінде»
(4.6.26) тұрған халіне мойынсұнып, метафоралық мағынада Эдгардың
«илеуіне көнеді».
Бірақ Глостердің «құздан» сəтсіз құлауы – оның көрсоқырға айналуы
секілді метафора. Левин Глостердің құлауы адамның құлдырауы немесе
трагедияның өзегіне айналар құлдырау екенін байқады.
9
Mұны «жолы
болған (жеңіл) құлаудың» бейнесі ретінде көруге де болады. Христиандық
ұғым бойынша адамның əу бастағы құлағаны жақсылық деп түсіндірілді.
Өйткені ол адамға мол берекеге кенеліп, күнəдан арылуына мүмкіндік
берді
10
. Глостердің өзіне қол жұмсамақ болған əрекеті Эдгардың арқасында
іске аспай қалады. Бұл – комедия немесе фарс (адам басқа нəтижені күте
тұра, көз алдында тегіс жерге құлап түседі). Бірақ əзіл дегеніміз – мұрнын
шүйіріп тұрған кербез адамның ойламаған жерден төмендеуі болса, мұнда
тізе бүккен (ол тізерлеп құлауға бекінеді), яғни өз қалауы бойынша құлауға
бел буған адамның бұл ойын іске асыруға жол бермеу – тіпті қасірет.
Глостердің «құлауы» осы көріністі ұйымдастырған Эдгардың ұғымында
«ғажап» нəрсе («Өмір ғажап», 4.6.55). Өзіне қол жұмсамақ болған ниеті
жүзеге аспаған Глостер енді өз өмірін қолға алуға бекінеді.
Көріністің моральдық мəні, ғибраты моральдық пьесаға тəн формалды
бейнелеуімен тығыз байланысты. Эдгар Глостердің өз-өзіне қол жұмсау
ниетін «жартастың шетіне апарған» жын-пері мен «анық құдайлар» оны
делқұлы қайыршыдан сақтап қалдыға жориды:
Шың басынан көзі түсіп кетіп ед,
Айдан үлкен əр көзі,
Шекесінде қос мүйіз,
Беті-аузы тола індігеш,
Ондай сұмдықты кім көрген? (4.6.69–72) (Ə.К.)
Моральдың (өнегеліліктің) бейнелі тəсілі Эдгардың көріністі қалай
назарға ұсынуында жатыр. Глостердің оны қабылдауы арасындағы
үйлеспеушіліктің салдарынан, оқиғаның жеңілдегені көз алдымызға келеді.
Эдгардың іс-əрекеті жын-перінің ізіне ілескен сұмпайылығын көрсетіп,
оның бетпердесін ашады. Осыны пайдалануы, оны егжей-тегжейлі
сипаттауы жəне даусын бірден құбылтуы жасанды жəне қияли əрекет
ретінде, детальдарының дəлдігі жағынан, аста-төк əрі шамадан артық
болуы тұрғысынан өзіне назар аудартады. Бірақ Глостер мұны, яғни
абстракцияны сөзге айналдырар моральдық рухты қарабайыр əрі тура
түсінеді. Бұл көркемдік айла жартасты ойлап табу секілді сəтті шыққан:
Бəріне де түсіндім.
Тағдырға енді жүндеген тайлақ секілді
Бас ұрам да, жүрем жүр деген жағына,
Қашан өзі «Кет, – дегенше, – жалғаннан!»
Мені жаңа жетектеп келген пері екен,
Қайдағының соққан сөзінің түрі жаман,
Жар басына тастап кеткен сол болды. (4.6.75–9) (Ə.К.)
Глостердің кейінірек дұға жасағандағы «Əлсіз рухым мені қайта сынап
жүрмесін / Қалауыңыздан бұрын өлуге» (4.6.219–20) деуі мына бір нəрсені
анық аңғартады: сабақ алған жағдайларының ықпалы əлгі қиялында
моральдық көрініс ретінде қалыптасқан қабылдауымен ажырамастай
біртұтас.
Сюжет астарындағы архаикалық шеберлікті эпизодтың шарықтау
шегінен, яғни Эдгар мен Эдмунд арасындағы жекпе-жекте айқын аңғаруға
болады. Дувр жартасындағы қызықты көрініс секілді ортағасырлық
жауынгерлік шайқас
Достарыңызбен бөлісу: |