тағылыммен үндесетін ымырасыздығын жоғары бағалайды. Əлгі некесіз
балалар анасының құрсағына біткен өзінің күнəһар жаратылысымен əу
бастан-ақ бүлінгенін одан əрмен түсіндіруге кіріседі. Олардың күнəсі
барлық балаға тұқым қуалап даритын күнəнің үлесінен де көп. Табиғат
«тума белгісі немесе кемістігі» ретінде олардың сүйегіне осындай таңба
басқан, бірақ бұл астыртын түрде санасына да сіңіп қалған.
4
Глостердің
некесіз ұлын, өзі айтпақшы, қанша жақсы көрсе де, оны мұрагерліктен
айыруға ниеттенген алғашқы əрекеті əділеттің мынадай заңдық қалпына
толық сəйкес келеді: некесіз құрсақ көтеру – ата-ананың сүйегіне басылар
өшпес таңба.
Достарыңызбен бөлісу: