Бастапқы абзацтың бірінші нұсқасын оқыған респонденттер 83%
басымдыққа ие болған-ды. Сөйте тұра, ұластырушылардың көбі (70%)
бастапқы абзацтың (ОСЫ ШАҚ) уақыт кеңістігінде қалды. Тұтастай
алғанда, аз-маз артықшылық ІШКІ (54%) жəне АШЫҚ (56%) кейіптегі
ұластырушыларға берілді. Мұндағы мəселе артықшылықта емес, оның
азғана айырмашылығында. ІШКІ, СЫРТҚЫ, АШЫҚ, ЖАБЫҚ деп
бөлінетін барлық төрт нұсқа ойға қонымды əрі сенімді. Бастапқы абзацтың
баяндалу сарынынан (
tone
) байқағанымыздай, мұнда жабырқаулыққа көп
басымдық берілген: ұластырушылардың 61%-ы НЕГАТИВ, 24%-ы
БЕЙТАРАП жəне 13%-ы ПОЗИТИВ өң берген. Арасында анықтауға тым
қысқа фрагмент те бар (2%). Тұтастай алғанда, əйел жынысты авторлар
жазған ұластырушылар ОСЫ ШАҚТА, ІШКІ, АШЫҚ ЖƏНЕ НЕГАТИВ
сипатта. Бас-аяғын буып-түйіп қысқаша айтқанда, бұлар осы мысал
нормаларына сəйкеседі.
Тəжірибеге шолуды аяқтау мақсатында мен оқырмандарға тағы да
сауалдар қойдым: «Өздеріңе берілген абзацтан не аңғардыңдар? Қалай
ойлайсыңдар, сендердің оқығандарың «РОМАН» ба, əлде «МЕМУАР» ма?
Көркем əдебиет пе, жоқ əлде деректі шығарма ма?» Жауап берушілердің
жартысынан көбі оқығанын көркем əдебиет деп атады. Бір қызығы,
оқырмандардың 41%-ы мəтінді деректі деп ойлады. Бұл мəтіннің бойында
сапар жазбаларына тəн сыр бүкпейтін ашықтық, өңін өзгерткен мемуарға
да келетін ұқсастық бар. Бұл жерде менің аңғал оқырмандарым өңін
өзгерткен сарапшыға айналғанын өздері де сезген жоқ. Ғалымдар да
Манроның сюжет əлемінің шынайылығын (
Достарыңызбен бөлісу: