өтпейді, əйтпесе əңгіме аясының (шеңберінің) еш мəні болмас еді.
Анығында, бұл солай ойластырылған. Бұл бізге тылсыммен бетпе-бет
келу үшін бос кеңістікке көз тастауға жетелейді. Біз бірнеше ай бойы өмірі
бұралаңға толы əлгі қыз жайында ойға қаламыз. Ол сол кезде қандай еді?
Аңғал ма еді, əлде қарақан басын ойлап жүрді ме, əлде бірбеткей не
айтқанға көнбейтін... жүргізуші əлде жолаушы болды ма? Біз Грейсті
шағын əңгімеде кездестіргендіктен, бұл сұрақтарды оның өмірінен
хабардар ететін баяндау типологиясына назар аудармай қоя алмаймыз.
Қысқа əңгімеден, ғибратты əңгімеден, халық ертегісінен бастау алатын бұл
жанрда «кейіпкер деп отырғанымыз – реттілік, реттілік деп отырғанымыз –
кейіпкер». Грейстің кім екенін тану үшін жүріп өткен сүрлеуді Треверстер
отбасының көмегімен техникалық тұрғыдан өте мұқият кескіндеуіміз
қажет. Бірақ сүрлеу көкжиекке сіңіп кетеді.
Мен шағын əңгімені оқығанда қарапайым оқырман қауымның бейсана
даналығына иек артып, осы мəтін мен жанр табиғатына терең зер саламын.
Бес жасқа қарай адам «кемел əңгіме» (
Достарыңызбен бөлісу: