болса да, ол дұрыс жолды таба алмады. Оның əрлі-берлі жүруіне тура
келді.
Мұндай шығарманың іс-əрекеті, əрі іштей жүріп отыратын коннотациясы
көбінесе НЕГАТИВ болатын сөздің астарын ұғыну үшін қырағы көзді талап
етеді. Біз осы қабілетті сабақ барысында игеруге ниеттіміз. Сөзсіз, мұнда
«күтпеген өзгерістерден», «тым көп» анадан да, мынадан да дегбірі қашқан
«əдеттегі картаның» жарамсыздығын, жолды бағыттайтын белгілердің
жоқтығын, сондай-ақ топырақ жолдардың сызын əрі оның жаңадан
салынғанын байқаған, төселген даңғыл жолдың беріктігін сезген
оқырмандар да болды. Грейс өз ішіндегі лабиринтке қарай аяқ басады.
Тəжірибемдегі оқырмандардың басым бөлігі ағылшын тілінің маманы еді.
Сондықтан мен олардың біразынан осы кідірістерді анықтайтынын, ІШКІ
жəне НЕГАТИВ ұластырушылар жазатынын күткен едім, шындығында,
солай болып шықты.
Жоғарыда айтылғандай, мен ұластырушы үзінділерінен кілт сөздерді
іздедім. Бірде-бір адам «haphazardly» (ретсіз) сөзін (бұл сөз бастапқы
абзацтың ең соңғы сөйлемінде кездеседі) қолданбаған, бірақ жауап
берушілердің көбі жолға жəне соған қатысты бейнелерге жүгінген. Өткел
атаулары (тек жолды ғана емес, көше, даңғыл жол, бағыт, сүрлеу, жүру
бағыты т.б.) 25 адамның сөйлемінде, яғни респонденттердің 54%-ында 34
рет кездеседі. Талдауда тығырыққа тірелген немесе ауытқып кететін өткел
жолдары («шытырман», «лабиринт», «бұралаң», «жоғалған», «бұрылыс»,
«дезориентация» деген сөздерді қоса алғанда) 16 рет кездеседі. Бұған көлге
не болмаса суға сілтейтін жерлерді, яғни тура жолды бөгейтін нəрселерді
қоссаңыз, статистика саны 32 адамға дейін еселенеді. Бұл, жалпы алғанда,
22 адамнан тұратын топтың 48%-ын құрайды. Оқырмандар оқиғаны
жазушы рөліне енгенде, ұластырушысын құрағанда жол образына
басымдық берді. Жалпы алғанда, олар өткел мен тығырық арасындағы
шиеленісте,
қақтығыстың
қарапайым
формасында
жəне
жетелеу
тұрғысынан, жолайрықтағы əңгіме нобайында ұқсастық барын байқады.
Мен ұластырулар сипатын оларға қозғау салған нəрсемен байланыстыра
отырып, ой сүзгісінен өткізген сəтте, жоғары білімді оқырмандар үшін
баяндаудың (нарратив) қалай өрбіп отырғанын байқадым. Олар құраған
қысқаша ұласқан шағын əңгіменің (
Достарыңызбен бөлісу: