– нақ біздің субъективті қасиеттеріміз.
Мəні бар əрі олардың аңдауына тəн көріністерді кездейсоқ немесе
сезімдік қабылдауға адамзаттың тіпті де қатысы жоқ. Олардың бəрі белгілі
бір нақты көзқарасқа тиесілі болғандықтан ғана айқын аңғарамыз. Не
болмаса, түрлі мағынадағы құрылымдық ерекшеліктер арқылы аңдаумен
байланысатындықтан ғана бір-бірінен ажыратып қараймыз.
Көбіне біз құбылыстардан, шын мəнінде аңдауға болатын жəне кез келген
адамдық сезімнің бойлай алатын сипаты мен оларға кездейсоқ қана тəн,
сезімдік қабылдауға тіпті де қатысы жоқ, белгілі бір сезімінің ерекше күйі
немесе құрылымына тиесілі дүниені ажыратып қараймыз.
Əдеттегідей, осы сатыда қысқа уақыт тұрып қалып, эмпирикалық
аңдауды əрі қарай қажет деңгейде өзіне тəн жай бір құбылыс ретінде
қарастырмасақ, оның өзін еш белгісі табылмайтын, көрініссіз дүние деп
қабылдауымыз
ықтимал.
Ондай
жағдайда
трансценденталды
айырмашылығымызды жоғалтамыз да, бұдан соң біз өзімізді өзіндік мəнге
ие заттарды тани алатындай елестете бастаймыз. Алайда оның объектілерін
соншалықты терең зерттегенімізге қарамастан, сезім əлемінде тек қана
сыртқы көріністерден басқа еш нəрсемен əрекеттеспейміз. Күн шуағының
түрленуінен пайда болған кемпірқосақты жай көрініс қана деп
қабылдауымыз мүмкін, ал жаңбыр – өзіндік мəнге ие зат. Соңғы ұғым
қарапайым физикалық мағынасында қабылданғанда ғана дұрыс болмақ.
Сонан соң жаңбыр барлық тəжірибеде де, сезімге қатысты əртүрлі
жағдайларда да басқаша емес, біздің түйсігімізде нақ солай анықталады.
Бірақ біз осы эмпирикалық объектіні жалпы сипатта алып, оның мəні
барша адамзат үшін бірдей бола ала ма дегенді ескермей, объектінің өзіндік
қалпын көрсете ала ма десек (бұл жерде біз құбылыс ретінде эмпирикалық
объект болғандықтан, жаңбыр тамшысын тұспалдай алмаймыз), арадағы
объектімен қатынас мəселесі бірден трансценденталды болып шығады.
Сонан соң біз жаңбыр тамшылары жай ғана көрініс емес, олардың дөңгелек
пішіні, тіпті олар түскен кеңістік те өздігінен ештеңе де бола алмайтынын
топшылаймыз. Тек ақыл-ой түйсігіміздің болмашы түрленуі мен негізгі
формасы екенін, бұл трансценденталды объект біз үшін белгісіз боп қала
беретінін түсінеміз.
Трансценденталды эстетикамыздың екінші бір маңызды мақсаты
(міндеті) – шындыққа жанасатын гипотеза да мойындалып қана қоймай,
органон
Достарыңызбен бөлісу: