Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет25/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

 
мен басқа да
 
мəдениеттердің өзара
 
байланысы негізінде
дамиды.


Кейбіреулер
 
əртүрлі инклюзивтілік идеалды жүзеге асыру мақсатын
көздесе, басқалар үшін ол дəстүрлі этникалық мəдениетті сақтаудың
нақтылы формалары болып қалды.
 
Афро-америкалықтар
 
үшін бұл
өздерінің үзіліп қалған африкалық тегін қалпына келтіру сезімін білдірсе,
байырғы америкалықтар үшін
 
ежелгі тек-тамырын түгендеуде ерекше
маңызға ие.
Феминистік əдебиет теориясы əйел қолтаңбасын
 
анықтау мен əдеби
мəдениеттің еркектерге басымдық бере отырып, əйелдерді көбінесе
қалайша жағымсыз бейнеде суреттегенін зерттеуден басталды. Ол
əйелдердің жазу өнерінің сапа тұрғысынан еркектердікінен артықшылығын
зерттеуге ауысты. Люс Иригарей мен Элен Сиксу сияқты теоретиктер
мынадай сұрақты төтесінен қойды: еркектердің қолтаңбасынан өзгеше,
көркем жазу мəнерін танытқан əйелдер шығармашылығының құпиясы
неде? Феминистік əдебиет теориясының одан əрі қарай дамуы Джудит
Батлердің 
гендерлік 
бірегейліктің 
(identity) 
«орындалу» 
сипатын
қарастырған кезінде
 
жүзеге асты.
Гейлер мен лесбиандар мəселелерін зерттеуден басталған еңбектер
бүгінде «куир» 
(queer) 
теориясы деген атауға ие болды. Джон Д›Эмилио,
Ли Эдельман, Бонни Циммерман сияқты теоретиктер
 
Генри Джеймс пен
Элизабет Бишоп сияқты жазушылардың бүркеншек есімдерін əйгіледі.
Эдельман тура қарап тұрса да, бірақ «басқаша» көрінетін гомонимиялық
мінез-құлықты бейнелеген Ева Седжуиктің гетеросексуал мен гей-
мəдениеттің арасындағы континуумды 
(continuum)
атап көрсетті. Бұл үстем
гетеронормативті мəдениетті сынға алудың əрі қынжылтарлық, əрі
рухтандырарлық жағы болды. Олар жыныстық артықшылықтары бар
биологиялық жынысқа сəйкес қалыпты бұзып, жыныс мəселесін
шығармашылықтың арнайы арқауына айналдырды.
Теорияның бұл саласындағы постструктуралистік теория өміршең болып
шықты. Бұл теория сыншыл философияға айналып, ол мəдениетке қатысты
күнделікті болжамдар мен ұсыныстар жөнінде ақпарат беру тəсіліне ие
болды. Жаратылыс пен сананың белгілі бір
 
шындық ережесін тудырған
ақиқаттың сол
 
құндылықтары жыныстық орта тұрғысынан беделді болып
көрінеді, сырт көзге оғаш, өрескел болып көрінетін, «өзгелерге» 
(others)
қарағанда, жыныстық ауытқуға ұшырамаған адамдардың
 
тым табиғи, ақыл-
есі дұрыс болып көрінетініне кепілдік берді.
Əдебиет теориясындағы ең соңғы жаңалықтарға танымдық зерттеулер,
эволюциялық теориялар, эмоциялар мен жаңа материализм төңірегіндегі


зерттеулер енді. Барлығы ақыл-ой мен дене арасындағы кедергіні жоюға
ұмтылады, «Hоmo sapiens» мəдениет пен шынайы физикалық белсенділікті
қалыптастыруға 
мүмкіндік 
беретін 
абстракцияны 
идеализациялау
қабілетімен ерекшеленді, ол дерексіз дереккөзді мүмкін етеді жəне оны
орнықтырды. Когнитивті əдебиеттану зерттеулері ақыл-ойдың жұмысына
назар аударады. Бүкіл білім ықпалды идеялар арқылы іске асырылады, яғни
кіріс /шығыс, жоғары/төмен, алыс/жақын т.б. сияқты кеңістіктегі пішінге ие
болады. Біз ойлауды кеңістікте ұйымдастыруға бейімделгенбіз, ал
кеңістіктегі схемалар көбінесе бағалау стандарттарына сəйкес келеді
(«төмен» үлгерім «жоғары» қабілеттің көрсеткіші емес). Эмоция немесе
күйзелісті зерттеу біздің өміріміздегі əрі əдебиеттегі эмоцияның күшін
назарда ұстайды. Король Лир көп қырлы, бірақ бір мəн беруге тұрарлық
нəрсе оның эмоциясының траекториясында жатыр. Өйткені ол бірінші
актіде бар болғаны бірнеше минуттың ішінде құлай жақсы көру сезімінен
ашуға ерік берген жаралы жанның күйіне
 
ауысады. Жан ауруы, ашу-ыза,
қайғы-қасірет, өкініш тек пьесада ғана жағымсыз тұрғыдан
 
сипатталуы
мүмкін. Эволюция теориясы адамның уақыт өте келе,
 
табиғи сұрыптау
жолымен дамитындығына негіздеген Дарвин іліміне сүйенеді. Біздің
барлық қасиеттеріміз небір қиын жағдайлардан аман қалуымызға
көмектесті. Геннің құрамының аздап өзгеріске ұшырағанын пайдалана
алғандар (гендік мутация əсерінен кездейсоқ орын алған, пайдалы
өзгерістерге бейімделген), гендік тұқым қуалаушылықтан жолдары
болмағандарға қарағанда, тіршілікке жылдамырақ бейімделді. Егер екі
 
көз
маңдайда емес, самайда орналасса, тірі қалу мүмкіндігін арттырып,
осындай көзі барлар
 
ғана көбейіп, бұдан кейінгі қайталанған барлық көз
самайда ғана орналасатын еді. Біздің қазіргі бүгініміз – сонау өткеннің
сарқыты; көптеген ашкөздік немесе жомарттық сияқты əдеттеріміз
 
бен
қасиеттерімізді тірі қалуымызға септігі тиген өткеннің жемісі деп
білгеніміз абзал. Бəлкім, əуестік еліктіргеннен болар, эволюциялық
 
сынға
шамадан тыс артық назар аударылған, сондықтан Эдит Уортон немесе
Джейн Остин жұптасу арқылы
 
нəтижелі
 
көбеюге алып келетін салт-жораны
қалайда сипаттауға баса мəн берді.
Жаңа материализм адамзат өмірін биология мен экологияның кең
ауқымды тұжырымдамасымен байланыстырады. Адам өмірі мен айнала
қоршаған биологиялық тіршіліктің аражігі қай жерден өтеді? Біз өмірді
мұндай шекарасыз жəне адамдарды тіршілік ортасымен я болмаса
жануарларды адаммен байланыстырып, өмірді үздіксіз қайталау циклі


арқылы материяны басқалармен салыстырғанда, артық та емес, өзектес те
емес айырма деңгейіндей көретін өзара тəуелді тұтас орта 
(continuum)
ретінде қалай қабылдаймыз? Постгуманистік көзқарас тұрғысынан
қарастырғанда, мұхит пен жағажай сызық та, шекара да қарама-қайшылық
та емес; бұл – материяның əр алуан формасы, жуан немесе жіңішке
молекулярлық күйдің контрасты. Гетеросексуалдар гетеросексуалды
жыныстық көбеюді əлеуметтік тіпті моральдық норма ретінде қарастыруды
ұнатады, бірақ мұндай көбею – биологияда сексуалдықтың тым өзгермелі
формасына қозғау салатын азшылықтың 
(minority)
формасы. Біздің
«табиғатқа жат» деп қарайтын дүниелеріміз – өзге тіршілік иелері үшін
қалыпты құбылыс.


БІРІНШІ БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет