Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет290/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Эмильде» 
айтқанындай, адамдар қиялында өздерін қайғылы
күйде əрі сырқат жағдайда елестете алмай тұрып, бұл фактіні толықтай
сезіне алмайды. Басқаның азабына жанашырлық танытқан кезде адам
қанша көркейіп, күшейіп кетсе де, одан жанындағы жəрдемге мұқтаж
адамның қажеті өтеліп кетпейтінін ұғады. Мұндай ескерту, дəстүрлерде
көрінгендей, бəрінен бұрын əлсіздерге ілтипат көрсетуге əкеледі.
Софоклдің пьесасында Филоктет сарбаздарға: «Сендер де мен тартқан
азапқа ұшырауларың мүмкін еді», – деп, олардан көмек сұрайды.
Жауынгерлер жəрдем беруге келіседі, өйткені оның ауыр жағдайын іштей
сезініп тұр еді.
Сондықтан қоғам мүшелері бір-бірімен осындай əлсіздіктерімен,
мұқтаждықтарымен, сонымен бірге бірдей жетістікке жету жолдары
бойынша байланыста болатындай көрінеді. Аристотель 
«Поэтиканың» 
9-
тарауында 
түйіндегендей, 
əдебиет 
«тарихқа 
қарағанда 
əлдеқайда
философиялық сипатқа ие», бұл оның адамдармен ортақ түсіністікке қол
жеткізу үшін əлдеқайда қолайлы екенін білдіреді, өйткені ол бізді «болуы
мүмкін нəрселермен», ортақ мүмкіндіктермен жəне олардың адам өміріне
əсерімен таныстырады.
Жанашырлық шектеуді (
demarcation
) талап етеді: мен өзіммен
мүмкіндіктерді бөліскен серіктерімді қандай болмыс деп санауға тиіспін?
Біреу кəміл сезімнің иесі болуы һəм өз əлеміндегі көптеген адамдарды
көрінбейтін, олардың мақсаттарын өзіне қатысы жоқ нəрсе деп қарастыруы


мүмкін. Руссо əдетте біреуді барлық құбылмалы табысқа жетелейтін жақсы
білім кедей немесе ауруды, құл мен төменгі таптың мүшелерін мойындауды
теріске шығаруды қиындатады деп санайды. Жағдайдың өзгеретінін
ескерсек, олардың кез келгені, шынымен, менің де басыма келуі мүмкін
екенін байқау қиын емес. Ұлттарды шектеу де дəл осылай ойдың шегінен
шығып кетуі мүмкін. Мəселен, соғыс кезіндегі ең жиі кездесетін қауіптің
бірі – ұлтын жоғалтып алу. Нəсіл, жыныс һəм жыныстық бағдар
шектеулерінің тарихи тұрғыдан əлдеқайда күшті екені дəлелденген; өйткені
еркектің əйелге, ақ адамның қара адамға, тіпті (ертедегі психиатрия)
қалыпты адамның гейге яки лесбиянға айналуы мүмкін еместей көрінеді.
Олай болса, бұл жағдайда, қиял күші арқылы жанашырлық мінезді дамыту
өте қажет. Өйткені адам нəсілін өзгерте алмаса, ол өзінен бөлек нəсілде
өмір сүрудің қандай болатынын ойлайды. Əртүрлі нəсіл немесе жыныстық
бағдардағы адамға жақындап, дəл солардай өмір сүргісі келетін адамның
орнына өзін қойып көре алады.
Руссо адамдар бір-бірінен тек тұрмыс жағдайларымен ғана ерекшеленеді
дегенді айтады. Ал қалаулары, мақсаттары мен эмоциялары бірдей. Бірақ,
шын мəнінде, қиялдағы нəрселер біздің бəріміздің бүйрегі бұрып тұратын
бауырлар емес екенімізді, қысым жағдайының қалау, эмоциялар мен
ұмтылыстарды тудыратынын көрсетеді. Кейбір кейіпкерлердің сезімі бізбен
бірдей, ал кейбіреулері жеңіл бірегейлікті терістейді. Бірақ бірегейленудегі
мұндай сəтсіздіктің өзі түсіністіктің түпбастауы бола алады. Əрі бірегейлік,
əрі оның жоқтығы арқылы біз өмірдің адамдарға не тарту еткенін білеміз.
Өзінің барлық мүшелеріне əділетті қарауға жол ашуды қалайтын қоғам
əлеуметтік шектерді кесіп өтетін я болмаса кесіп өтуге тырысатын
жанашырлық сезімінің жүзеге асуына атсалысу үшін салмақты негізге ие.
Ал бұл əдебиеттің қамын ойлауды білдіреді.
Əдебиет жəне жанашырлық сезім
Азаматтық сезімнің іргетасы ерте жастан қалануы керек. Балалар əсіресе
өздері сүйетін ересектер арасында ертегілерді, бесік жырлары мен əндерді
зерделейтіндіктен, олар басқа жанды тіршілік иелерінің қасіретін өткір
түйсікпен аңғара бастайды. Осы тұрғыдан алғанда, əңгімелер балаларды
өмірдің соқтықпалы-соқпалы сəттерімен жүздестіре бастауы, эмоциялық
түрде олардың өзектілігі мен маңызына сендіруі мүмкін. «Ол адамның
қасіретін көрсін, оның адамзат қайғысын сезінуіне мұрша беріңдер», – деп


жазады Руссо өзінің қиялдағы оқушысы жайлы. «Оның қиялын əр адамның
маңын 
торып 
жүрген 
қауіппен 
абыржытып 
қорқытыңыз. 
Ол
айналасындағы барлық бəлені көрсін жəне оларды сипаттағаныңды естіген
кезде өзіңді де қайғыға ұшырап қалатындай үрейлі сезімде ұста».
7
Ересектеу балалар мен жасөспірімдерге əлдеқайда күрделі əдеби
шығармаларды оқытқан жөн. Жасөспірімдерді адамгершілікке баулу
мақсатында ежелгі Афина мəдениеті трагедиялық драманы өте маңызды
санаған. Егер трагедияға өту азаматтық һəм саяси мəселелерден бөлінген
тəжірибені білдірсе, ол «эстетикалық тəжірибе» ретінде қабылданбайды.
Б.з.д. V ғасырдағы трагедия фестивальдері азаматтық жоралғыға жататын,
оның барысында басқа барша азаматтық қызметтер тоқтатылып, барлық
азаматтар бір жерде бас қосатын. Драмалар əдетте олардың моральдық əрі
саяси мазмұны мен басқа да мінездері ретінде бағаланды. Шындығында,
Аристофанның «Құрбақаларында»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет