«Twinkle, twinkle little star, how I wonder what you are»
)
деген қарапайым бесік жырларының өзі балаларға ғажайып, құпия дүниені
сезінуге жол ашады. Олардың əуесқой қасиетін киелі сезімімен
ұштастырады.
5
Балалар кішкентай жұлдыздарға таңданады. Осы кезде олар
аспандағы жай бейнелердің кейде құпия, кейде өзіне ұқсайтын ішкі əлемі
бар деп қиялдауды үйренеді. Олар өмірді, эмоция мен ойларын ішкі əлемі
жасырын бейнелермен тоғыстыруды үйренеді. Бірте-бірте бұған əбден
төселеді. Жануарлар мен адамдар жайлы ертегілер тыңдауға жəне айтуға
дағдыланады.
Бұл
ертегілер
олардың
əлемді
түсінуге
деген
талпыныстарымен жəне ондағы өз əрекеттерімен қабысады. Əңгімеден
(ертегі) айырылған балалар басқа адамдарға қарау қабілетінен де
айырылады. Өйткені адамның жан-дүниесі жұлдыздардың ішкі əлемі
сияқты көзге көрінбейді. Олар таңғалуы тиіс һəм алдымда тұрған мың сан
жұлдыздың мендегідей эмоциясы, сезімі мен ойлары бар, қиялды ұштамай
оған қол жеткізу мүмкін емес деп ойланғаны жөн. Ал қиялдың қақпасын
тек ертегі ашады.
Нарратив ойыны балаларды адам тəріздес пішіндерді өздері білетін үміт
пен үрей, махаббат пен ашу-ыза үйі ретінде қарастыруға баулиды. Бірақ
əңгіме айтумен байланысты, əрбір адамның басқаны ұғынуының керемет
шектерін де көзге айқын көрсетеді. «Таңғалар саған ұл-қыздар» дейді əлди.
Осы қарапайым жолдарға қарап, үрей, махаббат, жанашырлық, ашу,
кішкентай жұлдыз немесе кез келген басқа бір жаратылыс яки адам жайлы
сəбидің өзі толық ұғына алмайтынын көреміз. Шын мəнінде, əңгіме айта
алатын бала шынайы өмірдегі адамдардан гөрі ертегідегі адамдарды оңай
тануға болатынын бірден біледі. Яғни Марсель Прусттің «Оралған
уақытта» (
The Past Recaptured
) туындысында суреттегеніндей, жиі-жиі
«біздің сезіміміз жоя алмайтын жансыз кедергіні», яғни сезімдік қиялмен
де кіру мүмкін емес жабық болмысты ұсынады. Балалар ата-аналарына
сұрақ қойып, кейіннен осы кедергілер жайлы біледі. Сонымен бірге ол ата-
анасының өзінің санасында өтіп жатқан құбылыстардың бəрін білуге
қызықпайтынын да түсінеді. Əңгімелермен оянатын таңғалу дағдысы басқа
адамды өзінен барынша ерекше қасиеттері мен құрметке лайықты жасырын
сезімдері бар ауқымды жəне терең болмыс ретінде айқындайды.
Осындай əртүрлі тəсілдерге қарағанда, нарратив қиялы моральдық
байланыс үшін маңызды шартқа айналады. Эмпатия қасиеті мен болжамы
белгілі бір азаматтық сипаттан қауымдастық сипатқа жеткізеді. Адам
біреудің жеке өмірінің ерекшелігі мен құпиясына құрмет көрсете отырып,
басқаның
мұқтаждығына
жауап
беру
сезімін
дамытады.
Осы
қажеттіліктерді тұрмыс жағдайында қалай анықтайтынын байқайды. Бұл
əдеби қиялдың кейіпкерлер тағдырына қатты алаңдауға итермелеуінен
келіп шығады. Ішкі жан дүниесі бай, бірақ көңілдегінің бəріне мəн бере
қарау мүмкін емес кейіпкерлерді осылайша сомдайды. Бұл үдерісте
оқырман ішкі дүниенің болмысты толық адам деп анықтаудағы маңызын
көріп, жан дүниенің жасырын мазмұнын құрметтеуді үйренеді. Əдебиет
теориясының маманы Лионель Триллинг нақ осы сананың ішкі өміріне
деген құрмет жөнінде жазады. Роман оқырманының қиялын «либерал
қиял»
6
дегенде, ол осыны меңзеген болатын. Бұл роман оқырманы адам
еркіндігін құрметтей отырып, бақытқа жетудің материалды шарттарына
мəн береді дегенді білдіреді.
Балалар есейген сайын осы əдеби сценарийлердің моральдық һəм
əлеуметтік қырлары күрделене түседі. Ерекшеліктермен толығатын болады.
Сөйтіп, олар бірте-бірте тек қана үміт пен үрей, бақыт пен қайғы сияқты
бірлескен, бірден ұғынықты қасиеттерді ғана емес, батылдық, ұстамдылық,
абырой, табандылық пен əділдік тəрізді əлдеқайда күрделі мінездерді
басқалардан өзіне еншілеуді үйренеді. Бала үшін бұл ұғымдар дерексіз
түрде анықталуы мүмкін, бірақ олардың өзінің дамуы мен басқалармен
əлеуметтік байланыстардағы мəнін толық ұғыну үшін олардың нарратив
жағдайындағы динамикасын үйрену қажет.
Балалар мұндай күрделі фактілерді қиялымен қамти алған кезде
жанашырлыққа барынша қабілетті бола түседі. Жанашырлық, бір жағынан,
өзіне ұқсайтын басқа адамның айтарлықтай бір кеселге ұшырауына немесе
бақытсыз жағдайға тап болуына оның өзінің кінəлі емес екенін
мойындауын білдіреді. Көптеген моральдық дəстүрлер көрсеткендей,
жанашырлық қасиеті Батыс пен Шығыс философиясында тұрақты түрде
талданады. Ол, мүмкіндігінше, бақытсыздық мəнін қасірет шеккен
адамның халімен, бірақ кейде осы адамның өз көзқарасынан тысқары
тəсілмен бағалауды талап етеді. Адам Смит: «Ақыл-санасын жоғалтқан
адамдар кеселге ұшырағанын өздері байқамаса да, біз оларға жанашырлық
танытуымыз керек», – дейді. Бұл кеселдің шығыны шаш-етектен, өйткені
бақылаушы оның өмірдегі рөлін «қырсық шалған» деп бағалайды. Бұл, өз
кезегінде, қиялдау, елестету сезімін қосқанда, өте күрделі моральдық
қабілеттер жиынтығын, өзін оның орнына қойып көру (əдетте, біз мұны
эмпатия деп атаймыз) жəне кері шегініп, адамның өзі болып өткен
оқиғаның толық жай-жапсарын ұғына алды ма деп сұрау қабілетін талап
етеді.
Жанашырлық тағы да бір нəрсені, яғни апат алдындағы дəрменсіздік
сезімін де талап етеді. Жанашыр сезіммен жауап беру үшін мен «бұл
қайғыға ұшыраған адамның орнында менің де болуым мүмкін ғой» деген
ойды қабылдауға дайын тұруға тиіспін. Егер «мен қарапайым тобырдан
биікпін» һəм «ешқандай бəлеге ұшырауым мүмкін емес» деп илансам, онда
бұлай жасай қоюым екіталай. Бұдан ерекше де жайттар бар, кейбір діни
дəстүрлерде Құдайдың жанашырлығы суреттеледі. Бірақ Аристотель мен
Руссо сияқты философтар «кемшін адамдар басқаның қасіретіне
ортақтасып, жанашырлық білдіруді қаласа, өздерінің мүмкіндіктері
қайғылы адамдардың халіне ұқсас деп илануы қажет» деп дұрыс
тұжырымдаған. Олар байқағандай, бұл мойындау «неліктен жанашырлық
əдетте басқа адамдардың мұқтаждықтарын жаппай қолдауға жетелейтінін»
түсіндіруге көмектеседі. Əрқайсысы «Бəлкім, бұл мен шығармын, өзімді
емдеуін қалап тұрған мен болармын» деп ойлайды.
Осы мəндегі жанашырлық біздің ортақ əлсіз жерімізді бірден түйсінуге
жол ашады. Адамдардың жақсы тұрмыс үшін жетіспейтіні көбінесе
жағдайға тəуелділік, мұқтаждық пен кем-кетік дүние екені шындық.
Руссоның
Достарыңызбен бөлісу: |