Эллисон айтқандай, азаматтық қиялды қалыптастыру əдебиеттің дербес
міндеті емес, бірақ бұл – бір маңызды рөл. Нарративті өнер бізге өмірді
кездейсоқ туристің таңданысынан əлдеқайда басқаша кейіпте көруге
мəжбүрлейтін күшке ие. Яғни өнер арқылы біз жанашырлық сезімді
көркейтеміз, қоғамдағы көзге көрініп тұрған шетқақпай құбылыстарға
наразылық білдіреміз. Біз тұрмыс жағдайының өзімізбен кейбір ортақ
мақсаттар
мен
жобаларды
бөлісетін
адамдардың
өмірін
қалай
анықтайтынын байқаймыз. Адамдардың əл-ауқаты əрекет ету мүмкіндігін
ғана емес, сонымен бірге олардың талпыныстары мен қалауларын, үміті
мен
үрейін
де
қалыптастыратынын
көреміз.
Мəселен,
нəсілшіл
стереотиптер тарихы адамның өзін бағалауына, жетістік пен махаббатына
қалай əсер етсе, басқаны ұғыну да бізге шынайы əрекеттер мен білімге
қатысты мəселелер жөнінде əлдеқайда деректі тұжырымдар қабылдауға
жол ашады.
Жоғарғы білім студенттердің əдебиет жайлы түсінігін əртүрлі жолдармен
жетілдіруі тиіс. Бірақ əдебиет əлем азаматтарын оқытуда өмірлік маңызды
рөл ойнайды. Сондықтан «ол бұл функцияны қалай атқаруы мүмкін жəне
біздің академиялық мекемелер «Басқаға» деген саналы əрі жанашыр
қасиетті ояту үшін қандай əдеби туындыларды оқытуы керек?» деп
сұраудың жөні бар. Осы сұрақты қойған кезде біз əлемдік азаматтық
мақсатының əдеби салада өте жақсы насихатталатынын байқаймыз.
Өйткені ол Батыс əдебиетінің танымал «үлгілеріне» жаңа туындылар
үстейді əрі қалыптасқан мəтіндерді талдау һəм сынау рухында зерделейді.
Əдетте əдебиетке «саяси күн тəртібімен» қарау жөнсіз деген пікір жиі
айтылады. Алайда құнарсыз да тартымсыз сипатта көрінетін ұшқары
эстетикалық формализм жайлы ойланбай тұрып, мұндай талапты негіздеу
қиын. Батыс эстетикалық дəстүрі өз тарихының өн бойында негізінен
кейіпкер мен қауымдастықты арқау етті. Заманауи «мəдени соғыс»
уақытында осы дəстүрді сақтау біздің қолдауымызға мұқтаж.
Қиял мен ғажап
Бала
ата-анасымен
əңгімелесу
барысында
маңызды
моральдық
қабілеттерге ие болады. Тіпті «Жарқ-жұрқ еткен жұлдыздар, таңданар
саған ұл-қыздар» (
Достарыңызбен бөлісу: