Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет28/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

the intentional fallacy and the affective fallacy
)
 
деген қос түсінік –
жаңа сын мұратының бір бөлігі. Ол əдебиеттануда зерттеу нысанын жеке
талдап, оны ғұмырнама мен əлеуметтану мəселелерінен бөліп қарастыра
алады. Əдейі қателесу тұрғысындағы əдеби шығарманың мəні автордың
кейіпкерге қатысты айтқысы келген мəлімдемесінде емес, əдеби
шығарманың сөзбен өрнектелуінде жатады. Аффективті қателесуге сəйкес,
шығарманың оқырмандарды жетелеп отыратын субъективті əсерлері
немесе эмоциялық реакциялар – вербалды нысанды зерттеу үшін тиімсіз


жол. Еңбектің мəн-мағынасы тек оның объективті құрылымында
тоқайласқан.
Егер орыс формалистері роман тəрізді тұтас бір жанрдың табиғатын
талдап түсіндірумен айналысса, «жаңа критицизм өкілдері» өздерінің
ізденістерін жекелеген əдеби шығармаларға, əсіресе поэмаларға бағыттады.
«Мұқият оқу» (
close reading
) түсінігі – олардың əдісін көрсететін, ең жиі
қолданылатын термин. Мұндай оқу түрінің өзіндік мақсаты болды. Олар
тек əдеби əдіс-амал мен мотивтерді талдаумен ғана шектелмеді, сонымен
бірге жаңа критицизм өкілдері «нақты əмбебаптар» деп атаған əмбебап
ақиқатты, əдебиет қандай жол арқылы көрсетіп, нақтылы қалай жүзеге
асыра алды деген сұрақтарға жауап іздеумен де айналысты.
Олардың пікірінше, поэтикалық тілдің заттардың атын атау үшін
денотативті (сөзді айқындау үшін қолдану) қолданылатын күнделікті
тұрмыс тілінен айырмашылығы – оның коннотативті немесе екінші
мағыналарды туындататын əдісті қолдануында. Тілді дəл осылай қолдану
поэтиканың бір жағынан нақты жəне ерекше, сонымен бірге əмбебап əрі
жалпы болуына мүмкіндік береді. Құмыра – қарапайым нысан, дегенмен ол
өнердің мəңгілік екенін білдіретін метафора да бола алады. Поэтикалық тіл
нақтылық пен əмбебаптықтың, белгілі бір сөз бен жалпы мəннің, дене мен
рухтың əдеттегі қарама-қайшылықты элементтерін үйлестіреді. Бұлайша
үйлестіру парадокс, ирония мен метафора тəрізді коннотативті поэтикалық
троптар арқылы ғана мүмкін болады. Бұл троптар əдеттегі нысандарды
əмбебап мағыналармен (метафора, символ) біріктіреді, я болмаса қарама-
қайшылықты мəндерді (ирония, парадокс) өзара сабақтастырады. Мəселен,
Клинс Брукс əйгілі «мұқият оқуда» Джон Китстің «Грек құмырасына ода»
(
Ode on a Grecian Urn
) жырының қарама-қайшылыққа толы екенін
байқайды. Ондағы «Суық пастораль» (
Cold Pastoral
) мен «дыбыссыз
мелодиялар» – өмір мен өлімді қатар тұспалдайтын кереғар құбылыс. Олар
қатар тұрса, бірден көзге түседі. Ал бірге қозғалайын десе, міз бақпайды
һəм тұрақты. Брукстің пікірінше, мұның себебі құмыра өмірдің өзінен гөрі
жансыз болып көрінсе де, өлең арқылы оның қалайша жанды əсерге толы
күйде суреттелуінде жатыр. Сондықтан ол өлі болса да, мəңгі тірі күйінде
қалады.
Ғылымның тəжірибелік денотативті тілі ақиқатты дəл осылай өз атымен
атай алмайды, себебі ғылым тілі сезімдер арқылы танылатын позитивті
эмпирикалық фактілерді атаумен ғана шектеледі. Алайда əмбебап
мағыналар əлемі сезім тəжірибесінен тыс жатады əрі ғылыми əдістер


арқылы танылмайды. Мұны тек поэтикалық тілде жанама түрде айтуға
болады. Оны сөзбе-сөз, денотативті жолмен жеткізуге келмейді. Сондықтан
америкалық жаңа критицизм өкілдері үшін метафора, ирония, парадокс
тəрізді əдеби құралдарды сипаттау заманауи позитивті ғылыммен айтысқа
жауап ретінде туындаған, əмбебап мағыналар теориясының ажырамас
бөлігі болды. Егер орыс формалистері əдебиеттің əдебиет екенін ғылыми
түрде талдап беретін, аса құнды сыни сипаттау тəсілін іздестіру əрекетіне
кіріссе, жаңа критицизм өкілдері əдебиетті зерттеуге қатысты ғылымның
орнын басатын дəстүрлі діни, эстетикалық құндылықтарға бой ұрды. Атап
айтқанда, олар христиан теологиясы мен идеалистік эстетиканың
құндылықтарын (яғни эстетика, əмбебап ақиқат материалдық һəм тарихи
шарттармен анықталмайтын өнер арқылы танылады деген идеяға
негізделген) ғылымнан алу турасындағы ойларын ортаға салды. Бұл
құндылықтар уақыт өте келе ескірді. Ал тұрақ тауып, əбден орнығып
қалған жаңа критицизм өкілдерінің мұралары мəтіндерді «мұқият оқу» мен
əдеби тілдің қызметін барынша күрделі талдау жайына көңіл аударды.
Формализм əдебиетпен қатар, фильм, теледидар тəрізді басқа да мəдени
артефактілерді зерттеуде қалыптасқан тəсілге айналды. Формалардың
нақты түрлері мен жөн-жосығы медиаларға қарай өзгеріп отырады.
Фильмді формалды талдау бейнелеудегі белгілі бір дизайнның көмегімен
қалай жасалатынына байланысты: өнердің бағыт-бағдары, камера жұмысы,
кадрленуі (кадрларға бөлу), құрастырылуы т.б. ескеріледі. Өндіріс кестесі
тым тығыз болғандықтан, телевизия көрініс эстетикасынан гөрі белгілі бір
нарратив, характер мен тарих мəселесіне баса назар аударады. Дегенмен
телевизия өндірісіне кино мектептерінен білім алған кинематографтар мен
режиссерлердің барынша мол қамтылуы телевизия көрсетіліміндегі
баяндаулардың композициялық шиеленіске жиі ұшырауына əкеліп соқты.
Телевизияда оқиға желісі көптеген эпизодтар арқылы өрбитін «Шынайы
детектив» (
True Detective
) пен «Адам өлтіру» (
Forbrydelsen 
(
aka The Killing
)
сияқты ұзақ-сонар нарративтер пайда болды. Оқиғаны баяндау күрделене
түсіп, бір сюжеттік желіге бірнеше оқиға тартылады. 
«Шынайы
детективте»
оқиғаның құрылымына назар аударылады. Себебі куəлік пен
естелік екіжақты нарратив ретінде, осы шақты өткен шақпен байланыстыру
міндетін атқарады. Екіжақты нарратив құрылымы жеке əрі кəсіби тұрғыдан
жетілуге, сонымен бірге өзін-өзі жаңғырту оқиғасына лайықты. Бұл Шон
О’Салливан өз мақаласында айтқандай, «əдейі бөлінген» деген мағынаны
білдіреді. 
«Адам өлтіру»
атты америкалық шоудың даниялық нұсқасы,


телевизия нарративінің білгірі Джефф Руш атап көрсеткендей, шиыршық
(спираль)
 
түрінде жүзеге асады. Ол алға ілгерілеген сайын кері айналу
арқылы шиеленісті ширықтыра отырып, қорытындысында оқиғаның
шешімін тауып, діттеген мақсатына жетеді. Əрбір сериал бір детективті
хикаяның міндетін атқарады. Біршама желікпе детектив өз мүддесін тəрк
етіп, мақсатына жету жолында барлық кедергілерге қарсы шығады.
Институтты кедергілер олардың əрқайсысына тəн жəне баяндаудағы
шиеленіс көп жағдайда күдіктілермен қарым-қатынас кезінде емес, ой-өрісі
тар, ақылы таяз бастықтармен қоян-қолтық жұмыс кезінде жиі туындайды.
Егер осы екі шоудың формалды жақтары кедергі, ауытқу, құлазу һəм
тоқырау тəрізді нарративті мəселелерге назар аударса, шола қарағанда
рухани күйзеліс, аяушылық, алаңдаушылық сезімдерді оятатын, дыбыстық
əрлеудің көмегімен күшейтілген, тақырыптық-мелодрамалық қалауын
қиыстыра отырып, образды толықтырған əрекеттерге көңіл бөлінгені
байқалады. Қылмыстық ортаның қитұрқы əрекеттерін суреттеген
«Шынайы детектив»
басқа детективтермен салыстырғанда, қоршаған
ортаның əлеуетін көрсететін ауқымды кадрларға сүйенеді. 
«Адам өлтіру»
көрінісінің ең бастапқы эпизодының бірінде, Сара Ланд детективке
тоқталған кадрде, қылмыс орнында болған жайт туралы ойға шомып,
кадрға мойнын бұрады. Оның əріптестері жұмысты одан əрі қарай
жалғастырудың мəні жоқ екенін, олардың бұл істі қойып, үйлеріне қайтуы
керегін айтады. Алайда Ланд кідіріп, ойланып, жан-жағына қарайды.
Мұндағы дыбыстық сүйемелдеудің баяулап басталып, біртіндеп күшеюі,
жоғары-төмен 
ширатылған 
ноталар 
кейіпкер 
ойының 
ширығуын
бейнелейді. Айналым əбден тоқтаған кезде, оның көз алдында мынадай
көрініс пайда болады: велосипед мініп, жол бойымен төмен түсіп келе
жатқан адамдар; кейбіреулерінің қолында қармағы бар. Нақ сол сəтте ол
полицияның бұған дейінгі ізденісі барысында ескерілмеген, «осы
бағыттағы аңғардан, яғни дəл сол жерден көлік пен өлі дене табылуы тиіс»
деген тосын ойға келеді. Нарратив детективте полицейдің, əріптестер мен
бастықтардың 
жауапсыздығы 
салдарынан 
шиеленіскен, 
қарама-
қайшылыққа толы оқиға үзік-үзік баяндау арқылы дами отырып, шарықтау
шегіне жетеді.


ЕКІНШІ ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет